«KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Талдықорған қаласының тұрғындарын мерейтойлық қала күнімен құттықтайды. Талдықорған KMF үшін тарихи маңызы бар ерекше қала. Сондай-ақ, Жетісудың орталығына қала мәртебесі берілгеніне биыл 80 жыл толды. Шаһар күннен күнге гүлденіп, өсіп, өркендеп келеді.
«KMF (ҚМФ)» Микроқаржылық ұйымы» акционерлік қоғамы шағын кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға қаржы қызметтерінің кең аясын ұсынатын Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы.
KMF компаниясының тарихында Талдықорған қаласының орны ерекше, өйткені нақ осы жерде, 1997 жылдың 20 қарашасында клиенттердің үш тобына алғашқы қарыздар берілді. Олардың әрқайсысы 7 500 теңгеден алғанда, ол кездегі есеппен 100 АҚШ долларына тең болатын. Бұл маңызды сәттер біздің үлкен сапарымыздың бастауы болып қана қоймай компанияның даму іргетасын қалады. Алғаш ашылғандағы оқиғаларды мақтанышпен еске алып, тұтынушылардың білдірген сеніміне ризашылығымызды білдіреміз.
Қала күніне орай KMF Талдықорғанды көркейтуге өз үлесін қосып, қала тұрғындарына жайлы жағдай жасауға атсалысты. Компания «Назарбаев» көшесін көркейту жобасын қолдап, жаңа орындықтар мен урналар орнатты.
– Бұл біздің сүйікті қаламызға жасаған шағын сыйлығымыз. Аталмыш кеңістік қала тұрғындары мен қонақтары үшін жағымды демалыс орнына айналады деген сенімдеміз, – деп атап өтті «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.
Айта кетейік, KMF әрдайым Талдықорған тұрғындарын қолдауға және жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға ұмтылады. Келешекте компания қолжетімді қаржы қызметтерін ұсыну бойынша жұмыстарын жалғастыра бермек. Бұл жергілікті кәсіпкерлерге өз мақсаттарына жетуге және қаланың гүлденуіне үлкен септігін тигізеді.
Лицензия № 02.21.0003.М 18.07.2024 ж





