Талдықорған: +14°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Консалтинг орталығы ашылды

16.05.2017
ӘЛЕУМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру аясында Талдықорған қаласының Баспа үйінде Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының консалтинг орталығы ашылды. Орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, жұмыстарына жеміс тіледі.

Консалтинг орталығы облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасына сәйкес облыстық азаматтық альянсы, облыстық студенттер одағының ұйымдастыруымен ашылды. Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс жасауына, қоғамды демократияландыруға өз үлесін қосу, азаматтық қоғамды дамыту, қоғам, билік және бизнес арасындағы қатынасты қалыптастыру мақсатын басшылыққа алған орталық өз жұмысын бастап кетті.
– Облысымызда 971 үкіметтік емес ұйым бар, олардың тек 250-і ғана белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы орталықтың ықпалымен енді олардың қызметінің жандана түсетініне сенемін, – деген Жақсылық Мұқашұлы бірлесе атқарылған жұмыстың жемісті болатынын тілге тиек етті.
Салтанатты ашылудан кейін орталықтың жетекшісі Елдар Сапаров өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Консалтинг орталығы бірінші кезекте Қазақстанның қоғамдық селекторында жұмыс істейтін донорлық ұйымдар, мемлекеттік тапсырыс бойынша өткізілетін әлеуметтік конкурстар, гранттар және сыйлықтар, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) деректер базасына қол жеткізу жайында ақпараттық қолдау көрсетеді. Екінші кезекте компьютерлер мен ғаламторға қол жеткізу, көшіріп, басып шығару, сканерлеу, факсты құрылғы және телефон байланысымен қамту сынды техникалық қолдау танытады. Үшінші кезекте ұйымдық-құқықтық негіздерде ҮЕҰ құру, оның қызметін іске асыру, коммерциялық емес ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруі мен салық салу мәселесі, жобаларды дайындау және грант иеленуге тапсырыс беру секілді кеңес ұсынады.
Консалтинг орталығымен бірге Баспа үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Бірлік» саяси, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты лентаны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы         Е. Келемсейіт, облыстық азаматтық альянстың президенті Ж. Нұрмұханова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы С. Мұқатаев кесті. 
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының облыстық бөлімшесі 2006 жылы құрылған. Қазіргі уақытта өңірде 14900-ге жуық мүшесі бар. Халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын дамытып, тәуелсіздікті нығайту жолында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының аумақтық филиалы біршама жұмыстар атқаруда. Айталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуінің жарыққа шығуына байланысты партияның аудандық өкілеттіктері өз деңгейінде Жолдауды талқылап, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал, Талғар, Балқаш, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарында кездесулер өткізді. Сондай-ақ, партия Жамбыл облысының «Өз ағашыңды ек» бастамасын қолдап, тұрғылықты жерлерінде сенбіліктер ұйымдастырды. «Бірлік» саяси партиясы 2014 жылдың 26 ақпанында құрылған, бүгінгі күні облыстық филиал қатарында 1250-ге жуық мүшесі бар. Партия әртүрлі қоғамдық-саяси және қайырымдылық шараларды өткізіп келеді.
Аталған саяси партиялардың Қабылдау бөлімдері арнайы кесте бойынша жұмыстарын жүйелі жүргізетін болады. Сондықтан әртүрлі сұрақ бойынша келемін деушілерге есік ашық.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.