Талдықорған: +1°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды

06.02.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Талқыға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен Астана қаласындағы Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.

Жиын қатысушылары жаңа Конституция жобасына, оның ішінде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселелерін реттейтін 30-бапқа қатысты ойын ортаға салды. Сарапшылар тақырыпты Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер мен отбасы және туыстық қатынастардың трансформациясын көрсететін әлеуметтанулық зерттеулер негізінде талқылады.

Іс-шараға Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова модератор болды. Ол жаңа Конституция жобасына отбасы және неке қарым-қатынастарын реттеуге бағытталған жаңа норманы енгізу неке институтының құқықтық мәртебесін анықтап, әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан отбасына жаңа құндылық бағдарын белгілеуге септігін тигізетінін атап өтті.

ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл Қазақстан отбасыларының әлеуметтанулық портреті туралы баяндама жасады.

– Қазақстанның отбасы институты дағдарыста емес, керісінше, әлеуметтік өзгеріс жағдайларына бейімделіп келеді. Бұл құндылық бағдарларын, гендерлік сезімталдықты және әлеуметтік-экономикалық қолдау тетіктерін ұштастыратын икемді, мақсатты әрі теңгерімді отбасы саясатын талап етеді», – деді сарапшы.

Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова қазіргі уақытта отбасы институты әлеуметтік үдерістердің ықпалымен күрделене түскенін атап өтті.

– Бұрын қоғамдық дамудың негізгі бағдарлары урбанизация, индустрияландыру, жаппай білім беру және демократияландыру үдерістерімен айқындалса, бүгінде отбасының трансформация бағыттарын және некенің құқықтық анықтамасын қайта пайымдау қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының 30-бабында некенің ер мен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілуі құқықтық айқындықты қамтамасыз етіп, қазіргі қоғамдық сұраныстарға сай келеді», – деді сарапшы.

Ұлттық эксперт – демограф Аяулым Сағынбаева балалардың ата-анасының некеде болуы маңызды екенін әрі бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сарапшының пікірінше, отбасы туралы нормалар ер мен әйелге ғана емес, ең бастысы, балалардың құқықтары мен әл-ауқатына бағытталуға тиіс.

Сондай-ақ іс-шара барысында отбасы институтының трансформациясы, мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастыру мен іске асырудағы рөлі және конституциялық реттеу мен әлеуметтік практикалардың арақатынасына қатысты мәселелер қозғалды. Қатысушылар әлеуметтік маңызы бар институттарға қатысты конституциялық нормаларды талдағанда, эмпирикалық деректерді пайдалану  маңызды екенін де ерекше атап өтті.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария саласында ауру азайып, бақылау күшейді

Ветеринария саласында ауру азайып, бақылау күшейді

06.02.2026
«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

06.02.2026
Ғарышқа ұшқан: Илон Масктің Tesla көлігі қазір қайда жүр?

Ғарышқа ұшқан: Илон Масктің Tesla көлігі қазір қайда жүр?

06.02.2026
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды

Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды

06.02.2026
Партиядағы пікірталас

Партиядағы пікірталас

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.