Талдықорған: +28°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Мақсаты айқын Мақсат

26.01.2025
ӘЛЕУМЕТ
Мақсаты айқын Мақсат
WhatsAppTelegramFacebook

Адамның алдында қандай қиындықтар мен бұралаң жолдар күтіп тұрғаны болжаусыз ғой. Осыдан 25 жыл бұрын үстіне ағаш құлап жүруден қалған кейіпкеріміз де тағдыр тәлкегіне ұшыраймын деп еш ойламаған.


Жетісу ауылының тумасы Мақсат Шарипов мектепті тамамдаған жылы Талдықорғандағы агротехникалық колледжге түсіп, мал дәрігері мамандығы бойынша диплом алды. Алайда мамандығы бойынша жұмыс істеу бұйырмады. Небары 22 жасында үстіне ағаш құлап, жүруден қалды. 

Өткен күндерді есіне алған ол: «Тән жарақаты жазылар-ау, жан жарасынан қалай сауығармын деген сарыуайымға салынғанда күдер үзіп кетуге де шақ қалған кездер көп болды. Ертеңге деген сенімсіздік тұла бойымды тұмшалап, ойымды әлдебір қорқыныш сезім билейтін-ді. Бір-ақ күнде осындай жағдайға түсемін деп кім ойлаған?! Сап-сау жүріп, бір мезетте қауқарсыз адамға айналып, жиырма жыл бойы төсек тартып жату деген… Алла мұны ешкімнің басына бермесін деп тілеймін. Мені тұңғиықтан алып шыққан әке-шеше, бауырларымның қамқорлығы деп айтсам болады. Одан бөлек, спортқа деген махаббат. Басымды көтеріп, денемді тіктеуге, бойымдағы қайрат-қажырымды қайта жандандыруға спорттың көмегі көп болады. Жиырма жыл бойы денемді шынықтырып, қол күресінен өтетін жарыстарға да қатысып жүрдім. Талай жыл пауэрлифтингпен айналыстым. Бұл спорттан үлкен шыңдардан көріне алмасам да аудан атынан бірталай жарысқа қатыстым. Шыны сол, спортқа деген қызығушылықтың арқасында өмірге қайта келдім деуге болады», – деп ағынан жарылды. 

Мақсат Көптілеуұлының сөзінше, отбасында өзінен кейін бауыры, екі қарындасы бар. Әкесінің өмірден озғанына жеті жылдай болыпты. Ал анасы Жетісу ауылында тұрады.

– Кейін қаладағы «Асар» мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған жаттығу залына келіп жүрдім, – деп жалғады әңгімесін ол. – Сол жерде келіншегім Жанарды жолықтырдым. Бүгінде Ясмин есімді қызымыз бар. Қазір Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының 2-курс студенті. Үйленіп, отбасын құрғалы Талдықорғанда тұрып жатырмын. Қалаға алғаш келгенде жеке көлігіммен такси болып жүрдім. Алайда таңертеңнен кешке дейін көлік жүргізу қиынға соғып, тұрақты жұмысқа кірсем деп шештім. Содан жұмыспен қамту бөліміне барып тіркелдім. Ондағылар мені «Ерлік» қимыл-қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігіне жұмысқа жіберді. Осында еңбек еткеніме биыл 4 жыл болады. Қазір диспетчерлік талдаушы ретінде жұмыс істеймін. Жұмыстан тыс автоволонтерлік міндетін қоса алып жүрмін, яғни өз көлігіммен ерікті түрде көмек көрсетемін. Өзім де мүгедектігі бар жандардың қатарынан болғандықтан соларға қол ұшын беруді жөн көрдім. Автоерікті ретінде «Асар» ұжымының уатсап чатына қосылғанмын. Күндіз көбіне жұмыстан қол босамайды, сондықтан таңертең және кешкілік уақытта автоерікті болып қызмет етемін. 

Нұрбек Тұрғанов, «Ерлік» қимыл-қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлістігі, «Инватакси» бөлімінің жоба үйлестірушісі: – Роза Хаджиахметқызы басқарып отырған «Ерлік» қоғамдық бірлестігі 2017 жылы құрылды. Осы кісінің арқасында бірлестік жұмысы алға басып, көптеген мүгедектігі бар жандар осы жерде қамқорлыққа бөленді. Мұнымен қатар психологиялық, заңдық тұрғыда қолдау көріп, жұмыссыз жүргендер жұмысқа орналасты. Олардың ішінде өз кәсібін ашып, гүлдендіріп отырғандар да бар. Халыққа қызмет көрсету орталығында біздің 3 бірдей азаматымыз жұмыс істейді. 
Мақсат Көптілеуұлыда осыдан 4 жыл бұрын келді. Өзінің жеке көлігімен автоерікті міндетін атқаратынын, тұрақты жұмыс іздеп жүргенін айтты. Содан Роза Хаджиахметқызы қарамағына алып, жұмысқа алды. Қазіргі істеп жатқан жұмысын бір жылдай үйреніп, іліп алып кетті. Ол – өте еңбекқор жан. Жұмысына жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты істейді. Бүгінгі күні ісі ілгерілеп, диспетчерлік талдаушы болып еңбек етеді. Қолы қалт еткен уақытта автоерікті болады. Бір сөзбен айтқанда, өз жұмысына адал адам.

Ал диспетчерлік талдаушы ретіндегі жұмысымда бірлестікке тиесілі 8 «Инватакси» жұмысын реттеп отырамын. Мәселен, бізге «Инватаксиге» өтінім берген жандардың тізімі беріледі. Сол тізімді жүргізушілерге береміз, олар сол бойынша адамдарды діттеген жеріне апарып тастайды. Кешкісін қайта алып қайтады. Осыған қатысты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына есеп беріп, атқарған жұмысқа орай еңбекақы аламыз. Алғаш жұмысқа кіргенде алатын еңбекақым 80 мың теңге еді. Қазіргі айлығым 150 мың теңге.

Әңгіме желісінде Мақсат өмірлік ұстанымы туралы да айтты. – Өмірге адам болып келген соң, адам болып кету парыз. Неғұрлым, таза жүріп, таза адам болып өмірден өту абзал. Жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, күшке емес, адал ісіме сенемін. Адалдық дегенді өмірімнің шамшырағы деп білемін. Адал жолмен тапқан табыс – ең таза, ең берекелі табыс. Адалдықты ұстанған адамның беделі әрдайым биік болады деп ойламын, – дейді. 

 Адалдықты адамдықтың белгісі ретінде санайтын Мақсат Көптілеуұлы қызы студент болғалы оның әр жылғы туған күнінде (тамыз айы) қайырымдылық ретінде көпбалалы немесе тұрмысы төмен отбасылардың бір баласына мектепке қажетті заттарын әперуді әдетке айналдырыпты. «Бір бала қуанса, көктегі мың періште қуанады» демекші, оның бұл ісі көпке үлгі болатындай-ақ. Өмірде ұстанымы мен мақсаты айқын, адал еңбегімен ерекшеленген Мақсатқа жұмысыңыз алға баса берсін дейміз! 

Сарби Әйтенова

Қатысты жаңалықтар

«Барселона» мен «Реалдың» экс-ойыншысы «Қайратқа» ауысты

«Барселона» мен «Реалдың» экс-ойыншысы «Қайратқа» ауысты

12.06.2026
Жетісуда $215 млн құрайтын заманауи жел электр станциясы салынады

Жетісуда $215 млн құрайтын заманауи жел электр станциясы салынады

12.06.2026
Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

12.06.2026
Жаркентте «Найза-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Жаркентте «Найза-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтіп жатыр

12.06.2026
Қаратал ауданында жаңартылған өрт сөндіру бекеті ашылды

Қаратал ауданында жаңартылған өрт сөндіру бекеті ашылды

12.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.