Талдықорған: +30°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

МАҢЫЗДЫ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

03.09.2024
ӘЛЕУМЕТ
МАҢЫЗДЫ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Заң бойынша жер» жобасын іске асыру басталды.


Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Әпеков мәлім етті. Айтуынша, бұл жобаны облыстық прокуратура мен облыстық әкімдік бірлесе отырып жүзеге асырмақ. Бүгінгі таңда фермер немесе шаруа қожалығы ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қолмен жүргізіледі. 

Ал енді жер бөлудің барлық процедурасы цифрландырылмақ. Облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Бекзат Ерұзақовтың сөзінше,  

бұл әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жоба. Осы ретте «Заң бойынша жер» жобасы аясында ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр. Аталған жүйе ҚР Ауылшаруашылығы, ҚР Әділет, ҚР Қаржы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері базаларымен байланыстырылуда. 

Аталған жобаға сәйкес ел бойынша алғаш пилоттық режимде Сарқан ауданында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс өткізу жоспарланып отыр. Бұдан соң Ақсу, Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандарында жалғасып, кезең-кезеңмен іске аспақ. Бұл конкурстың басты ерекшелігі жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатыспайды және инвестиция көлемі ескерілмейді. Оған кемінде тұрғылықты жерінде бес жыл тұрған жергілікті азаматтар мен жаңа іс бастағанына үш жылдан аспаған кәсіпкерлер қатыса алады. 

 Сонымен бірге мал басы кемінде он екі ай бұрын тіркелгендер есепке алынады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы маманы екені ескеріліп, балл беру арқылы жеңімпаз анықталады. Айта кетейік, электронды өтетін конкурсқа кейбір жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды. Атап өтейік, олар шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар (ҚР азаматтығын алмағандар), бұған қоса, жер учаскелерінің көлемі шекті мөлшерден асқан шаруашылықтар (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтар нөмір 42 қаулысы), сот тәртібімен қайтарылған жер учаскелері мен салық берешектері бар шаруашылықтар. 

Деректерді мемлекеттік дерекқордан және ақпараттық жүйелерден автоматты режимде алған жағдайда веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі (1414).   
Электронды конкурс балдар беру арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, егістік үшін (суармалы, тәлімді), белгіленген тәртіппен тіркелген, меншіктегі өздігінен жүретін ауылшаруашылығы техникасы болған кезде (өтінім беру кезінде соңғы 12 ай ішінде), 25-тен 100 ат күшіне дейін – 3 балл, 100-ден 1000 ат күшіне дейін – 5 балл, 1000-нан 5000 ат күшіне дейін  –  7 балл, 5000 ат күшінен артық – 10 балл. 

Ауылдық жерде тұрғылықты жері бойынша тіркелгені үшін (өтінім беру сәтінде кемінде бес жыл), ауданда немесе облыстық маңызы бар қалаларда – 3 балл, ауылдық округте – 5 балл, ауылшаруашылығы кооперативтеріне – 3 балл, қызметкерлердің болғаны үшін (өтініш беру сәтінде әрбір қызметкерде соңғы үш айда зейнетақы, салық аударымдары болған жағдайда), 5 қызметкерге дейін – 1 балл, 5 және одан да көп қызметкерден – 2 балл, ісін жаңа бастаған ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер (жеке тұлғалар) үшін – 5 балл, әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде болғаны үшін – 3 балл. 

Жайылымдық және шабындық жерлерге берілетін баллдар туралы хабардар етейік. Олар мал бастары болғаны үшін (ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорының мәліметтері бойынша өтінім берген кезде соңғы 12 ай ішінде орта есеппен) 10-нан 50 шартты басқа дейін – 3 балл (ІҚМ -0,8, ҰҚМ-0,1, жылқы, түйе – 1,0), 50-ден 100 шартты басқа дейін – 5 балл, 100-ден 500 шартты басқа дейін – 7 балл, 500-ден аса шартты бас – 10 балл. Белгіленген тәртіппен тіркелген, меншіктегі өздігінен жүретін ауылшаруашылығы техникасы болған кезде (өтініш беру сәтінен 12 ай бұрын) 25-тен 50 ат күшіне дейін – 3 балл, 50-ден 100 ат күшіне дейін – 4 балл, 100 ат күшінен жоғары – 5 балл. 

Ауылдық жерде тұрғылықты жері бойынша тіркелгені үшін (өтініш беру сәтінде кемінде бес жыл), ауданда немесе облыстық маңызы бар қалаларда – 3 балл, ауылдық округте – 5 балл, ауылшаруашылығы кооперативтеріне – 3 балл, қызметкерлердің болғаны үшін (өтініш берген сәтте әрбір қызметкерде соңғы үш айда зейнетақы және салық аударымдары болған жағдайда) 3-тен 10 қызметкерге дейін – 3 балл, 10-нан 20 қызметкерге дейін – 4 балл, 20 және одан да көп қызметкерге – 5 балл, ісін жаңа бастаған ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер (жеке тұлғалар) үшін – 5 балл, әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде болғаны үшін – 3 балл беріледі. 

 Конкурсқа қатысуға өтінім беру сәтінде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан кем болатын дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасы азаматтары ісін жаңа бастаған ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер болып саналады. Конкурстың қорытындысы бірден жарияланады. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қызметкері (бұдан әрі жалға беруші) конкурсты ұйымдастыру үшін веб-порталда конкурс өткізілгенге дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарламаны орналастырады. Конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу конкурс басталғанға дейін бес жұмыс күні бұрын жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

Айта кетейік, конкурс өткізу туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жалға беруші конкурс өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ, өзінің интернет-ресурсында жариялауды, ауылдық округінің арнайы ақпараттық тақтайшаларында орналастыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге конкурсқа қатысушылар өз өтінімін ҚР Қаржы министрлігінің сайтында әзірленіп жатқан бағдарламасының сілтемесі арқылы электронды цифрлық қолтаңбасымен тіркеліп, өтінім қалдыра алады. Ол үшін конкурсқа шығарылған жер учаскесін лотқа сәйкес таңдап растайды. Айта кетейік, Жетісу жерінде іске асатын жаңа жоба оң нәтиже танытса, алдағы уақытта ол ел көлемінде жүзеге асырылмақ.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026
Бейбіт күннің қалқаны

Бейбіт күннің қалқаны

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.