Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

МЕМЛЕКЕТ — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

24.09.2024
ӘЛЕУМЕТ
МЕМЛЕКЕТ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Біз дәуірлерден жалғасқан даналық соқпақ пен сүрлеу-сүрдектен жаңылмауымыз қажет. Ықылым заманнан бері қалыптасқан құндылықтарды қастерлеп, көздің қарашығындай қорғауға тиіспіз. Сонда ғана мемлекеттің өркениет жолында жасаған қарышты қадамы келер ұрпақтың да ізгілікті ісімен жалғасып кете береді. Бүгінгі таңдағы ең басты Отан және оның біртұтастығы десек, зайырлы мемлекетімізде әр саланың өзіндік орны, салмағы бары айқын. Бұл орайда сіздер даналар қалыптастырған ұстанымға сай дін мен дәстүр шеңберінде игілікті іске ұйытқы болып келесіздер.


Қазақстан Ресупбликасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев осылай деп толғанды. Жер жаннаты Жетісу жеріне арнайы келген ол алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жетісу облысы бойынша өкілдігіне қарасты аудан, қала мешіттерінің имамдарымен Талдықорғандағы Тіл сарайында кездесті.

Рухани басқосуда Мәлік Нұржанұлы:
– Құндылықтың қастерлісі де, қаймағы бұзылмаған өнегелісі де ана тіл, дін, ділмен бірге өзектесіп өркен жая бермек. Десе де бүгінгі қоғамда әрбір адам ең алдымен мемлекетшіл болуға, күллі бақыттың, байлық пен барақатты ғұмырдың бастауы мемлекет тұтастығына тікелей байланысты екенін ұғынуға тиіс. Бұл орайда биылғы су тасқынына байланысты бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты екенін, азаматтардың адами тұрғыда бірлесе алатынын айқын сезіндік. Бұл бағытта да сіздер, дін қызметкерлері, еңселі елдің басына түскен сын-сынаққа үлес қостыңыздар. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтып келе жатқан «Әділетті Қазақстан» құруға, оның ынтымағы мен бірлігін нығайту, адамдардың зияткерлігін арттыру секілді мәселелеріне дін азаматтары барынша ықпал етіп келеді, – деп айрықша атап өтті.

ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары аясында өткен жиында Президент кеңесшісі көкейде жүрген көптеген сауалдың жауабын бергендей болды. Ол ұлт пен ұстаным, қоғам мен мемлекеттің біртұтастығы, руханият пен өркениет тұрғысында өзекті ой қозғады. Президенттік стратегияның негізгі бағыттары халықтың өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сонымен қатар, ғылым мен білім саласы бойынша біршама мәселелерге, адам құқығы туралы Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Діни ахуал мен сауаттылық, жастардың жат ағымға кетпеуін де тілге тиек еткен Президент кеңесшісі Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерді де Жолдаумен өзектестіріп, сабақтастырып талдап берді. 

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ашып, жүргізген жиында облыстың бас имамы Керімбек Дәуітов сөз сөйлеп, өкілдік тарапынан атқарылып жатқан қайырымдылық шараларға тоқталды. Айта кету керек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі рухани біртұтас қоғам құруға үлес қосу, мемлекеттің ұлтаралық және конфессияаралық татулықты нығайтуға бағытталған бастамаларына әрдайым қолдау білдіріп, жастарға дұрыс діни ақпарат жеткізу, отбасы құндылығын дәріптеу, халық арасында патриотизмді насихаттау, деструктивті ағымдағы адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, дәстүрлі ханафи мәзһабының қағидаларын уағыздау сынды жұмыстарға ұйытқы болуда.

Өз кезегінде Мәлік Отарбаев Оқушылар сарайына ат басын бұрып, өңір педагогтарымен жүздесті. Онда да әділеттік пен әділдікті ұран еткен Президенттің биылғы Жолдауындағы 9 бағыт бойынша жүйелі толғам жасады. 

– Қазақтың ғажайып ақыны Мағжан Жұмабаев алты Алаштың баласы бас қосқан жердегі төрдің ұлағат иелеріне тиесілі екенін қара сөзімен жеткізсе, бүгін осынау ойлы сөздің кейіпкері – сіздермен бас қосып отырмыз. Біздің мемлекетте білім саласына айрықша көңіл бөлінген, барлық жағдай жасалған. Президентіміздің «Жайлы мектеп» жобасы соған дәлел, – дей келе ұстаздар қауымына, білім саласы қызметкерлеріне Жолдау туралы ойын айшықтады.
Астарлы теңеу, нақты мысалдармен сөйлеген Президент кеңесшісі мәйекті де дәйекті айтылған, шын жүректен төгілген сөзімен көпшілікті тәнті етті. Шыны керек, қара сөздің қаймағын бұзбай кесек байлам, тіркес теңеумен Жолдауды талдаған Мәлік Нұржанұлына журналист ретінде сүйсіндік.   Ол  І.  Жансүгіров  атындағы  Жетісу университетінде өңір жастарымен кездескенде де өмір шындығы, Президент саясаты, мемлекеттің басты бағыты мен бағдары тұрғысында жан-жақтылы толғанды, көпшілік көкейіндегі сауалдарға жауап берді.

Айталық, өңір имамдары, ұстаздар қауымы және жастармен кездескен Мәлік Отарбаев: «Кешегі қилы кезеңде ұлттың ұлы құндылығын; ділін, тілін, дінін ұлт зиялылары сақтады, сол үшін тар жол, тайғақ ғұмыр кешті. Ақпарат тасқындаған бүгінгі заманда әлем бойынша ең басты мәселенің бірі көркем мінез иесі болу екенін де нақты біліп жүрміз. Бұл асыл дінімізде «ахлақ» деп аталады. Ал дүниеде кітап бетін ашпайтын, кітап деген ұлы құндылықпен, сабырлы ұстазбен байланыс орнатпайтын адам көркем мінез биігіне көтеріле алмайды», – деп Тіл сарайындағы имамдармен басқосуында тебіренсе, ұстаздармен жүздескен сәтінде: 
– Бүгінгі ақпарат тасқындаған уақытта халық сапалы дүние оқуы қажет. Ол үшін дерек пен дәйегі мықты материалдардың газет-журналда екенін, журналистер сауатты жазатынын қаперде ұстаған жөн. Әлеуметтік желіде желдей ескен ақпарат пен өсекке сенудің қажеті жоқ, өйткені олар сауатты, білімді журналистің қолынан шыққан материалдар емес. Дамыған елдер өркениет көшін бастаса да газет-журнал, кітап оқу мәдениетін сақтап отыр. Бұл ретте біздің көреген Президентіміздің таңнан жұмысын газет-журнал оқудан бастайтынын айта кеткен жөн. Президентіміз ел басылымдарын, сонымен қатар қалалық «Астана Ақшамы» үнпарағын да назардан тыс қалдырмай, нанымды мақаланың астын сызып, бізге сол бойынша тапсырма жүктейді. Осы орайда руханиятқа, газет-журнал, кітап оқуға уақыт бөлуіміз керек, – деді. 

Осы тақылеттес толғаулармен көркем байлам жасаған Мәлік Отарбаев жетісулықтарға құдды рухани дәріс оқығандай әсер қалдырды. Марқайып, нанымды пікір, тұшымды толғамға сүйсініп қайтқанымыз жасырын емес.

Асыл СҰЛТАНАҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

16.06.2025
Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

16.06.2025
Бақыттың кілті өз қолыңда

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
Қарасаздың Қарлығашы

Қарасаздың Қарлығашы

15.06.2025
«Жетісудың» жүрегі

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.