Талдықорған: +13°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»: БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

24.05.2019
ӘЛЕУМЕТ
"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ": БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы — ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани адамгершілік құндылықтарын нығайту мақсатында «Мерейлі отбасы» байқауын өткізуді тапсырған еді. Міне, содан бері бірнеше жыл қатарынан аудандарда, одан жеңгендер облыста, содан кейін республикада «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып келеді. Аталмыш байқау биыл да ұйымдастырылды. Жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтар мен отбасының үлгісін қалыптастыру, ата-ана мен балалардың мәртебесін көтеруді көздеуде. Байқауда көпшілікке отбасылық құндылықтар жайлы айтылып, ынтымағы жарасқан отбасылар үлгі етіледі.

Талдықорғанда өткен аталмыш байқаудың салтанатында алғашқы сөз облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевке берілді.

— Отбасы — береке-бірліктің қайнар көзі. Ағайынның татулығы – елдің берекесі екені белгілі. Үйелмелі-сүйелмелі бала-шағаны бір шаңырақта  өсіріп, ержеткізіп отырған ата-ананың еңбегі ерен. Олар бір-біріне бауырмал болып келеді. Кең-байтақ жерімізге ие болатын ұлағатты ұрпақ өсіру – бәрімізге міндет. Ендеше, бүгінгі байқаудың тәрбиелік маңызы зор. Елімізде мерейлі отбасылар саны арта берсін. Марапаттарыңыз құтты болсын, — деді Ақан Жылқышыбайұлы.

Осыдан кейін аудандық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне кезек берілді. Марапаттау рәсімін Ақан Жылқышыбайұлы атқарды. Үшінші орын үш отбасыға берілді. Ең алдымен сахна төріне Еңбекшіқазақ ауданынан Әлімбековтер отбасы шықты. Әулеттің үлкені  Құлжабай Әлімбеков өмір бойы мал шаруашылығымен айналысқан. Отбасында 7 ұл, 2 қыз, 31 немере, 21 шөбере бар. Бақыт деген осы емес пе?!

Екінші отбасы Кеген ауданынан келген — Әлдибековтер. Әшірбек аға мен Жұмагүл апай 6 ұл, 4 қыз өсіріп, ержеткізген.

Үшінші орынды иеленген үшінші отбасы — Талғардан келген Күшбаевтар. Марат пен Гүлнәз жас та болса қиындықтан қорықпай, бала санын шектемей, көпке үлгі болып келе жатқан отбасылар. Олар 10 бала өсіріп, тәрбиелеуде. Балалардың әке-шешесі алдағы жылы 11 баланы дүниеге әкелмек ойлары бар.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аймақтық кезеңінде екінші орынды үш отбасы жеңіп алды. Олардың алғашқысы сахна төріне көтерілгенде залдағы көпшілік дүркірете қол соқты. Бірінші отбасы Жамбыл ауданынан қатысқан Сембиевтер. Отбасында 3 ұл, 7 қыз тату-тәтті өсіп келеді. Келесі екінші орын иегері Ескелді ауданынан — Қасеновтер отбасы. Айтбай Қасенов Ескелді ауданының Құрметті азаматы. Отанасы Күнтәй «Победа» ұжымшарында қызылшашы болып жұмыс істеген. Олар 6 ұл, 6 қыз бала тәрбиелеп, өсірген. Екінші орын алған үшінші отбасы Алакөл ауданынан келген Зуевтер. Алик пен Амансұлу Көлбай ауылының ауылшаруашылық жұмыстарының майталманы. Олар 3 қыз, 3 ұлды ержеткізіп келеді. Барлық балалары еңбекқор.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының бірінші дәрежелі дипломы екі отбасыға бұйырды. Қыстаубаевтар Балқаш ауданының танымал, көпке сыйлы жандары.  Әбдіжаппар Қыстаубаев «Бірлік» акционерлік қоғамын құрған. Ол Монғолия және Қарақалпақстаннан бауырларымыздың елге оралуына көмектесіп, келгендерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге күш салуда. Әбдіжаппар «Құрмет» орденінің иегері. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Құрметті профессоры.

Бірінші орын алған келесі — Кербұлақ ауданынан Ақбасовтар отбасы. Баясыл жыл сайын 4,5 млн. теңгеге көпбалалы және тұрмысы төмен екі отбасыға үй алып береді. Соңғы екі жыл қатарынан балалар күнінде «Қуанса, бала қуансын» шарасында 1 млн.800 мың теңгеге ұл-қыздарға мерекелік сыйлықтар әперді. Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алтын жүрек» медалінің иегері. Жары Ғалия Ниязқызы биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ сьезінде көпбалалы аналар атынан сөз сөйлеген.

Марапаттау соңында байқауға қатысқан отбасылар атынан Ғалия Ақбасова сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын арнады. «Қазақ ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ұл-қызының  қайырымды, көпшіл болып өсуіне мән берген. Облысымыздың әкімі Амандық Баталовқа осындай шара өткізгені үшін алғыс білдіремін. «Баланы бесіктен, келінді есіктен» деген нақыл бар. Өсірген балаларымыз саналы болсын. Барлық отбасының бақыты арта берсін», – деді ол өз алғысында.

Шараның жалғасы республикалық деңгейде өткізіледі. Оған бірінші орын алған екі отбасы да қатысады. Дауыс беру СМС-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті негізде жүзеге асады. Шара жалғасына белсене атсалысыңыздар демекпіз.

Гүлжан ТҰРСЫН

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» 10 рет ел чемпионы болды

«Жетісу» 10 рет ел чемпионы болды

11.04.2026
Әдебиет – ардың ісі

Әдебиет – ардың ісі

11.04.2026
Екі ел Президенттері Бұхарадағы қасиетті мекенге зиярат етті

Екі ел Президенттері Бұхарадағы қасиетті мекенге зиярат етті

11.04.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

11.04.2026
Экомәдениетіміз қай деңгейде?

Экомәдениетіміз қай деңгейде?

11.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.