Талдықорған: +26°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Мереке айшығы: 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды

25.10.2024
ӘЛЕУМЕТ
Мереке айшығы: 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының ауылдарында Республика күні қарсаңында 5 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб, ауылдық әкімдік, саябақ және басқа да объектілер бар, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, мереке қарсаңында Ескелді ауданында 2 бірдей нысан пайданалуға берілді. Атап айтқанда, Жалғызағаш ауылында жаңа блокты-модульді ауылдық мәдениет клубы ашылса, Қаратал ауылында блокты-модульді ауылдық әкімдік пайдалануға берілді.

Сол сияқты дәрігерлік амбулаториялар Текелі қаласында және күрделі жөндеуден кейін Көксу ауданының Мұқыры ауылында қолданысқа берілді.

— Мұқыры ауылдан туып-өстім. Ата-анам да осы ауылдың тумасы. Ертеректе бұл ауылда медпункт болған, сосын фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, кейін сексенінші жылдары дәрігерлік амбулатория тұрғызылды. Соңғы жылдарда ғимараттың іші суық, жөндеуді қажет ететін. Мереке қарсаңында жаңарып, жаңғыртылған нысанды қолданысқа беріп отыр. Қан қысымы жоғары болғандықтан амбулаторияда есепте тұрамын. Дәрігерлеріміз білікті, есептегі пациент ретінде дәрілерімізді тегін, уақытылы алып тұрамыз, — дейді мұқырылық тұрғын Жұмаділ Жолдыбаев.  

Атап өтсек, Мұқыры ауылында 3,5 мың адам тұрады, сондықтан мұндағы медициналық нысанды жаңартып, қызмет көрсету сапасын арттырудың маңызы зор. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртумен қатар кадрлық мәселелер де шешімін табуда.

— Медициналық жоғары оқу орнын бітіргеніме бір жол болды. Ауылға жұмыс істеуге келдім, оған еш өкінбеймін. Адамдарға барынша кәсіби көмектесуге тырысамын. Бұл жаңарған амбулаторияда сапалы медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған, барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Ауылдастарыма дәрігерлік көмегім тиетініне қуаныштымын, — дейді жас маман, жалпы тәжірибе дәрігері Арайлым Шаханбекова.

Сонымен қатар мереке қарсаңында Қаратал, Көксу, Панфилов аудандарында жалпы саны 70 отбасы жеке үйлерге ие болды. Атап айтқанда, Көксу ауданы Жарлыөзек және Балпық би ауылдарында 17 үйдің, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 23 үйдің, Панфилов ауданының Жаркент қаласында екі пәтерлі 15 үйдің кілті тапсырылды.

— Көп балалы ретінде кезекте тұрғанмын. Биыл кезегіміз келіп, үйлі болып жатырмыз. Бес балам бар, үлкені он жаста, кішісі бір жарым жаста. Күйеуім Кербұлақ ауданындағы цемент зауытында жұмыс істейді. Өзім бала күтімімен үйде отырмын. Балалармен пәтерден пәтерге көшіп жүру қаржылық жағынан да, моральдық жағынан қиын болды. Енді үйлі болып, қоныстой қуанышына жеттік. Үйіміз ұнады, кең, жарық, жылы, балаларымның несібесі ғой, — дейді жаңа қоныс иесі, Жарлыөзек ауылының тұрғыны Руқия Райым.

 

 

Қатысты жаңалықтар

Өмірі ұрпаққа өнеге

Өмірі ұрпаққа өнеге

09.05.2026
Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2026
Аңызға айналған аға

Аңызға айналған аға

09.05.2026
Бір хаттың көмегі

Бір хаттың көмегі

09.05.2026
Құтқару кезінде қаза тапқан бейбіт күннің батырына «Ерлігі үшін» медалі берілді

Құтқару кезінде қаза тапқан бейбіт күннің батырына «Ерлігі үшін» медалі берілді

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.