Бүгінде Талдықорған тұрғындарын табиғи газбен қамту ісі қарқынды. Осыдан бірнеше жыл бұрын төрт кезең бойынша қолға алынған газ тартужұмыстары әлі де жалғасуда. Қазір облыс орталығына қарасты бірқатар елдімекендермен бірге Мойнақ ауылынагаз жеткізу ісі аяқталуға жақын.
Мойнақ Үштөбе күре жолының бойындағы17 шақырым жерге ірге тепкенТалдықорған қарасты ауыл.Жалпы 200-ден астам отбасы, 1200-ге жуық тұрғын шоғырланған. Ауылға қалалық №23 орта мектеп, шағын бала бақша, жаңадан салынған мешіт ғимараты және мәдениет үйі орналасқан.
Мамандардың мәліметінше, Жетісу облысы бойынша табиғи газбен қамту жұмыстары қазіргі кезде екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. 2025 жылдың соңына дейін аймақтағы барлық елді мекенді көгілдір отынмен толық қамту көзделген. Сонымен бірге алдағы уақытта өңірді одан әрі газдандыру мақсатында Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын көгілдір отынмен қамтитын «Талдықорған – Үшарал» газ құбырын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды бастау жоспарда.
Өтенай ауылының әкімі Руслан Малтабаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес келер жылдың соңына дейін Талдықоған қаласына қарасты барлық елдімекендерге дейін табиғи газбен қамту көзделген. Соның ішінде, өткен жылы Өтенай ауылы аумағындағы «Жастар -1»,«Жастар -2» шағын аудандары менЫнтымақ ауылыкөгілдір отынға қосылған болатын. Биылғы жылықолға алынғанМойнақ ауылына газ жеткізу жұмыстары қазір аяқталу алдында.Жоспар бойынша қазан айының соңында ауыл тұрғындарды табиғи газдың игілігін көре бастайды деп күтілуде. Қазіргі уақытта тұрғындарға арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
– «Ауылымызға газ тартылып жатыр. Бұл әрине құптарлық іс. Детұрғанмен ендігі бір мәселе сол газды үйлерге жеткізу ісі. Қазір бір үйге қойылатын қазандықтың құны көлеміне қарай 340 мың теңгеден жоғары тұрады екен. Оған 250 мың теңгедей қойып беру ақысын қосыңыз. Сонда газ саласының мамандары жалпы бір үйге газ тарту құны 550-600 мың теңгені құрайды деп отыр. Мұндай қаражатты бүгінгідей қымбатшылық қысқан тұста екінің бірінің қалтасы көтере бермейтіні анық. Сондықтан да жергілікті билік қарапайым халықтың қалтасымен де санасуы тиіс», –дейді ауыл тұрғындары.
Жұрт айтса айтқандай халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізе барған «ЖетісуГазСервис» мекемесінің жауаптыларыныңсөзінше, мекемеде халыққа ұсынып отырғанARDERIA маркалықазандықтардың құны340-366 мың теңге аралығында. Бұл қазандықтардың жылыту қуаты 160-250 шаршы метрге дейін. Жеңілдік бағдарламасы аясында қазандықты сатып алған әр адамға 10 айға пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік бар.Ал, орнату ақысы 200 мың теңгеден жоғары.
Айдын КӘЛІМХАН





