Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҮМІТ СЫЙЛАҒАН «АСАР»

12.06.2024
ӘЛЕУМЕТ
ҮМІТ СЫЙЛАҒАН "АСАР"

Мүмкіндігі шектеулі жандарға үміт сыйлаған, жанға шипа дертке дауа болған Талдықорғандағы «Асар» спорттық-оңалту орталығына 10 жыл. Осыған орай аталмыш орталықта мерекелік шара өтті. Оған Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун ЯМАДА қатысты.


Жиын барысында облыстық мәслихат төрағасы  Гүлнар Тойлыбаева:
– Оңалту орталығының мерейтойына арнайы іссапармен келген Джун Ямада мырзаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі орталыққа құрал-жабдықтар алуға көп көмектесті. «Асар» әлеуметтік орталығы бүгінгі күнге дейін ерекше қажеттіліктері бар жандарға талапқа сай сапалы қызмет көрсетіп, талай жанның аяғынан тұрып кетуіне көмектесті. Орталықтың арқасында мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасы артып келеді. Орталығымыз жандана берсін, – деп ізгі тілегін білдірді. 

Осыдан кейін Джун Ямада: «Бұл біз қолдаған Қазақстандағы ең ірі жобалардың бірі. Орталыққа шетелдерден заманауи құрал-жабдықтар алынды. Ол нәтижесін берді. Мұнда емделіп, аяғынан тік тұрып кеткен жандар бар дегенді естіп қуанып отырмын. Орталықтың жұмысы әлі де жанданатынына сенімдімін», – деп ақжарма тілегін ақтарды. 

Өз кезегінде сөз алған «Асар» спорттық-оңалту орталығының директоры Елдос Баялышбаев ірі жобаның алғашқы қадамын жасауға көмектескен ата-анасына, мүмкіндігі шектеулі жандарды емдеп, жұмысын абыроймен атқарып жүрген білікті дәрігерлерге, заман талабына сай түрлі аппараттар алуға мұрындық болған Жапония Елшілігіне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да барын салып жұмыс істейтінін жеткізді.  

Шараға жиылған жұртшылық кезек-кезегімен сөз алып, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, Елдос Баялышбаевқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис-трінің құттықтау жеделхаты оқылды. Онда Елдостың әлеуметтік қорғау ісіне қосқан үлесі аталып, орталық басшысы мен ұжымының атына ақ тілектер жолдаған.

Осыдан кейін қонақтар оңалту орта-лығының ішін аралады. Орталықта негізінен омыртқаның түрлі жарақаттарынан, инсульттан, балалардың церебральді салдығы, І-ІІІ топтағы мүгедектіктен кейін оңалту жүргізіледі. 2015 жылдан бастап осы жобаны іске асыра бастаған Елдос «Сәби» қорының «Өз бизнесіңді құр» конкурсында жеңімпаз атаныпты. Сонымен қатар, әр жылдары Жапония Елшілігінің жабдық сатып алуға берілетін «Шөп тамырлары» грантын екі рет жеңіп алып, Испания, АҚШ, Германия, Қытай, Италия, Ресей, Польша елдерінен заманауи аппараттар алынған.

Жаңа нысанның құрылысы 2018 жылы басталып, 2023 жылы аяқталды. Мұнда физиотерапия, кинезотерапия, массаж, емдеу, психолог және логопед кабинеттері жабдықталған. Бір жыл ішінде оңалту орталығында 4000-нан астам адам емделген. Оның 400-і балдаққа тұрып кеткен.  Бұл – жанға шипа болған оңалту орталығы үшін үлкен жетістік.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.