Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Мәжіліс депутаты TikTok-қа тыйым салуды ұсынды

19.02.2025
ӘЛЕУМЕТ
Мәжіліс депутаты TikTok-қа тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан TikTok-тың зиянын айтып, Үкіметтен ұлттық құндылықтарға қарсы контентке қатаң шектеу қоюды талап етті, деп хабарлайды  7-su.kz желілік басылымы  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қазақстанда 14,1 миллион адам TikTok-қа тіркелген, оның басым бөлігі – балалар мен жасөспірімдер. Бірақ желідегі пайдалы контенттен гөрі бұзақылыққа, әдепсіздікке, құмар ойынға, порнографияға және суицидке жетелейтін ақпараттар басым. Бұған алаңдаған депутат Жанарбек Әшімжан Үкіметке сауал жолдап, TikTok-қа ұлттық деңгейде шектеу қоюды немесе толық тыйым салуды ұсынды.

Депутаттың айтуынша, TikTok қазіргі таңда жастарды тәрбиелейтін басты құралға айналып барады, бірақ бұл тәрбие ұлттық құндылықтарды емес, арсыздық пен әдепсіздікті насихаттайды.

Балалар бұрын «тәк-тәкпен» тәрбиеленсе, қазір TikTok-пен тәрбиеленіп жатыр. Оның соңы жақсылыққа апармайды. Ұрпағымызды ұлттық рухта емес, жат мәдениеттің шылауында өсіріп жатырмыз, – деді депутат.

Әшімжан жастар арасында жаппай белең алған трендттерді атады. Олар:

* «Мысық серуені» челленджі – еш мән-мағынасыз, көшеде подиумдағыдай жүруді талап етеді. Бұл челлендж 500 миллион қаралым жинаған.
* Әдепсіз бидер – жас қыздарды дене пішінін ерекшелеп, бөксемен билеуге шақыратын контент қаптап кетті.
* Құмар ойын, стриминг, боқауыз сөздер – желіде заңсыз ойындарды жарнамалау мен әдепсіз әрекеттер көрсету белең алған.
* Суицидке, радикализмге шақыру – TikTok-та жасөспірімдерге өзін-өзі өлтіруге шақыратын видео-материалдар жиі кездеседі.
* Көз ауруларының көбеюі – соңғы бес жылда балалардың арасында көз аурулары күрт артқан, офтальмологтар мұны телефонға тәуелділіктен көреді.

Оның сөзінше, әлем елдері TikTok-қа қарсы әрекет етіп жатыр.

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан бұл платформаны толық немесе ішінара бұғаттады.
Франция заңнамалық деңгейде жасөспірімдердің интернетке қолжетімділігін реттеді.

Австралия 16 жасқа дейінгі балаларға TikTok қолдануға тыйым салды.
Қытай – TikTok-тың туған елі, бірақ бұл елдің өзінде балаларға қол жетімді нұсқасы жоқ.

Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия да 2023 жылы балалар қауіпсіздігіне алаңдап, заңдық шектеулер енгізді.

Депутаттың ұсыныстары:

1. TikTok-тағы әдепке, ұлттық құндылықтарға, дәстүрге қарсы контентке қатаң шектеу қою.
2. TikTok-ты 18 жасқа толмаған балаларға пайдалануға заңмен тыйым салу тетіктерін қарастыру.

TikTok-ты шектеу – заман талабы. Ұрпағымыздың санасын улап, тәрбиесін бұзатын бұл платформаға қатаң бақылау керек, – деді депутат Жанарбек Әшімжан.

 Фото: offside.kz

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025
Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025
43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

14.05.2025
Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.