Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Неге баланы 5 жаста мектепке бермеген дұрыс? Психолог кеңес берді

2 қыркүйек 2024
ӘЛЕУМЕТ
Неге баланы 5 жаста мектепке бермеген дұрыс? Психолог кеңес берді
WhatsAppTelegramFacebook

Баланы қай жаста мектепке беру керек? Бұл ата-аналарды жиі мазалайтын сұрақ. Ертерек берген дұрыс па, әлде баланың ерекшелігіне, дамуына назар аударған жөн бе? Мұндай жағдайда мамандар не дейді? Massaget.kz тілшісі психологпен сұхбаттасты. 

Мамандар баланы 5 жасында мектепке беруді ұсынбайды. Олардың айтуынша, бұл жаста балалардың физикалық, интеллектуалдық және эмоционалдық даму деңгейі мектептің талаптарына сай келмеуі мүмкін.

Әдетте балаларды 6-7 жасында мектепке беру ұсынылады. Бірақ шешім қабылдағанда оның жеке ерекшеліктерін, дайындық деңгейін және әлеуметтік ортасын ескеру керек. Кейбір балалар бұл жаста да мектепке дайын болмауы мүмкін. Мұндай кезде баланы қинамай, оқуды бір жыл кейінге қалдыру қалыпты жағдай. Алайда мамандар баланың дамуына бала кезден назар аударуға кеңес береді, егер оның дамуы тежелсе, бірден мамандарға жүгінген дұрыс. 

Психолог, ізгілік педагогика ұстазы Аяулым Бақытова бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, балада «мен» деген түсінік қалыптаспайынша, мектепке бермеген дұрыс. 

«Әдетте 7 жаста әлеуметтік тұрғыдан балада «Мен» деген түсінік қалыптасады. Бала «оқушы» сияқты жаңа позицияның мәнін түсіне бастайды. Кешегі ойын баласы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, өмірінде болатын үлкен өзгеріс, жаңа қоғамға ену, өзіне жаңа міндеттерді жүктеу, жаңа ортаға бейімделу, қарым-қатынаста болу, яғни жетілу сынды даму сатысында болады. Ендеше, бала психикасы да өзгеріп, ішкі эмоциялары қалыптаса бастайды, түрлі қызығушылықтары оянып, өзінің орнын бағалауға бейімделеді. Психологиялық тұрғыдағы даму көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ: қабылдау қабілеті аналитикалық сипатқа ие болып, білуге құштарлығы зор болады; есте сақтаудың механикалық түрі іске қосылады; ойлаудың көрнекі-бейнелі түрі жетекші болады; сөйлеу тілі сипаттауға ыңғайланады; психикалық іс-әрекеттің ырықсыз қалыптарынан ырықты қалыптарына біртіндеп өте бастайды. Соған сәйкес, баланың оқуға деген мотивациясы мен қызығушылығы оянып, ниеті мен дағдысы қалыптаса бастайды; оқу әрекетіне белсенділігі артады; танымдық ой-өрісі арта жетіледі. Жалпы айтқанда, 7 жастағы бала дамып, оқуға толық дайын болады. Сол себепті осы жас — мектепке баруға нағыз қолайлы жас«, — дейді маман. 

Фото: иллюстрация ИИ

 

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.