Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚОЛДАУҒА МҰҚТАЖ

26.11.2024
ӘЛЕУМЕТ
ҚОЛДАУҒА МҰҚТАЖ

Өңірде кәсіпкер көбейіп келеді. Солардың бірі Сарқан қаласының тұрғыны Борис Кайса есімді азамат. Жазда суға түсетін бассейндер көп  болғанымен күз бен қыста суға түсе алмайсың. Міне, осы олқылықтың орны толды. Кейіпкеріміз тұрғындар үшін заманауи үлгідегі бассейні бар қоғамдық монша ашып, ауданның кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуде.


Борис Анатольевичтің айтуынша, 70 басқа арналған қора-жайы болған. Сондағы ірі қараларды сойып сатып, қаражатты аталмыш іске жұмсаған. Жалпы, моншаның құрылысына, басқа да жабдық пен жиһаздардың бәріне 12 жыл бұрын 18 мың доллар  қаражат салған. Тұрғындардың сөзінше, алдын ала уақыт кестесі бойынша тапсырыс беріп жазылып қоймаса, мүлде орын болмайтын көрінеді. 

– Бұрын қызымды аптасына 2 рет Талды­қорғандағы аквапаркке апаратынмын. Кейіннен ойлап қарасам, балаларын қалаға апаруға әрбір отбасының жағдайы келмейді. Сөйтіп, бассейні бар монша салу туралы ойладым. Монша көпшілік көңілінен шығып жатыр. Оны заман талабына сай жасауға тырыстық. Газ баллонымен жылытылатын моншада 6 адамға арналған жуынатын бөлме бар. Мұнда барлық жағдай жасалған. Әр бөлмеде демалатын, киім ауыстыратын, жуынатын және бу бөлмесі бар. Жуынуға келгендерге аяқкиім беріледі. Сонымен бірге қандай да бір басқосуды атап өтуге арналған үлкен де жарық бөлме бар. Кәуап пісіруге арналған орын да ыңғайластырылған. Моншаның құны бассейнімен қосқанда әр адамға сағатына 2 мың теңге, – дейді кәсіпкер Борис Кайса.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл жерде жазда аквапарк қызмет көрсетеді. Бассейннің ұзындығы 9, ені 4, тереңдігі 1 метрден асады. Екі күн сумен толтырса, үш күн жылытады. Бұрын «Даму» қорына несие алуға жүгінген, бірақ одан қолдау болмапты. «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқып, сертификат алған. Борис кәсіпті өркендету үшін отбасы атынан әртүрлі банктен 24 миллионға жуық қаржыны іске жұмсапты. Банктерге әлі 16 миллион теңге берешегі бар. Мемлекеттен қолдау болмаған соң кәсібіне салынған қаражат ақталмай отырған көрінеді. Сол себепті ол моншасын сатуды ойлап отыр. Ауласына балалар ойнайтын қысқы сырғанақ та жасап қойыпты. Қиындыққа қарамастан жылы жүзді, іскер азаматтың болашаққа жоспары көп. Бірақ, қаржы қыспағы қолбайлау болып тұр. 

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.