«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін нығайту бағытындағы жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік қаржыландыру арқылы ұйымдастырылған екі апталық оқыту курсына еліміздің барлық өңірлерінен мұғалімдер қатысып, заманауи білім беру талаптарына сай жаңа дағдыларды меңгерді.
Курс аяқталғаннан кейін педагогтер үшін арнайы курстан кейінгі кәсіби қолдау шаралары ұйымдастырылды. Олар мазмұнды семинарлар, практикалық тренингтер мен әдістемелік кездесулерге қатысып, оқыту тәжірибесіне жаңашыл тәсілдерді енгізу мүмкіндігіне ие болды.
«Өрлеу» орталығы мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасауды әрі қарай да жалғастыратынын мәлімдеді. Алдағы уақытта да ұстаздардың біліктілігін жетілдіруге бағытталған білім беру бағдарламалары, тренингтер мен қолдау тетіктері жүйелі түрде жүзеге асатын болады.








