Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚОС АУЫЛҒА КӨГІЛДІР ОТЫН КЕЛДІ

04.10.2024
ӘЛЕУМЕТ
ҚОС АУЫЛҒА КӨГІЛДІР ОТЫН КЕЛДІ

Көксу ауданына қарасты Алғабас және Қызылтоған ауылының тұрғындары газға қол жеткізді. Екі мыңға жуық тұрғыны бар қос ауылдағы салтанатты шарағаоблыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев, аудан әкімі Дәулет Халелов арнайы қатысты.


Салтанатты жиында аудан әкімі Дәулет Халелов ауыл жұртшылығын көгілдір отынның келуімен құттықтап, ауданда жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстары туралы айтты.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, бүгінде аудандағы Теректі, Мұқыры, Бесқайнар, Мұсабек, Жамбыл, Мәмбет, Балпық би, Амангелді ауылдары газдандырылған. Енді Алғабас, Қызылтоған ауылдарының тұрғындары газға қол жеткізді.

– Көксу ауданының аталған елді мекендерінде осы кезеңде 3290-нан астам абонент газға қосылған. Сонымен қатар, тағы 14 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл Көксу стансасы, Еңбекшіқазақ, Жарлыөзек, Талапты, Кеңарал, Ақтекше, Жетіжал, Айнабұлақ, Қазақстанның 10 жылдығы, Жеңіс (Мәулімбай), Ақшатоған, Бозтоған, Қаратал, Мұқаншы ауылдары. Аудан бойынша газ тарату желілерінің құрылысы биыл аяқталады.Сондай-ақ қыркүйек айында Нәдірізбек елді мекенінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалды. Подхоз ауылын газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін газдандыруға жататын елді мекеннің бәріне көгілдір отын беріледі. Осылайша Көксу ауданы 100 пайызға газдандырылады, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.

Жалпы, ауданда газдандыруға жататын 26 елді мекен бар. Бүгінде оның 10 ауылы толық газдандырылған. 1305 адам тұратын Алғабас ауылында газ тарату желілерін тарту жұмыстары өткен жылдың қараша айында басталған. Аудандық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, Алғабас ауылын газдандыруға 1 млрд. қаражат бөлініп, 38,7 шақырым газ желісі тартылып, 5 газ тарату қорабы орнатылған.Мердігер компания Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері Қаңтарбай Сәрсенбай мен Жақан Сейсебаевтың үйлеріне тегін газ құбырын тартып берген.

– Ауыл мен қала теңесіп келеді. Қазір халықтың әл-ауқаты жақсы. Ең бастысы – тыныш заман болсын. Ауылға көгілдір отын беріледі дегенді естігенде қатты қуандық.Соғыс ардагері ретінде мердігер компания үйіме газды тегін қосып берді. Оларға  алғысым шексіз. Ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға амандық, жұмыстарына табыс тілеймін. Еліміз көркейсін. Жастар аман болсын, – дейді ауыл ақсақалы, Көксу ауданының Құрметті азаматы ҚаңтарбайСәрсенбай.

Көптен күткен көгілдір отын 520-ға жуық тұрғыны бар Қызылтоған ауылына да жетті. Құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында басталған. Ауылды газдандыру жұмысына 177 млн. қаражат бөлініп, 9,1 шақырым газ желісі тартылған. Құрылыс жұмыстарына жауапты «ST.LTD» ЖШС-і өз жұмыстарын уақытылы орындаған.

Салатантты шарада ауыл азаматы, Көксу ауданының Құрметті азаматы Сатан Елебеков ауылдың дамып, заман көшінен қалмай келе жатқанын айтып, халық игілігіне жұмыс істеп жатқан азаматтарға алғыс айтты.

Жетісу облысында газдандыру деңгейі қазірдің өзінде 50,5 пайызды құрап тұр. Жыл соңына дейінбұл көрсеткіш 56 пайыздан асады деп жоспарлануда.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.