Талдықорған: +16°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ПАНФИЛОВ ОРБҰЛАҚ АУДАНЫ БОЛЫП ӨЗГЕРТІЛЕ МЕ?

16.11.2018
ӘЛЕУМЕТ
ПАНФИЛОВ ОРБҰЛАҚ АУДАНЫ БОЛЫП ӨЗГЕРТІЛЕ МЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Жер жаннаты Жетісудың тұмса табиғаты жанға жылу сыйлайды. Сол киелі мекеннің жазиралы аймағы саналған Жаркент топырағы қашанда қабырғалы елге ыстық. Өйткені онда Әбілхандай қылқалам шебері, Дәнештей дарабоз әнші, Ербол мен Ләззаттай тәуелсіздігіміздің тегершігіне айналған желтоқсаншылар мен Бексұлтандай біртуар қаламгерлер түлеген. Содан кейін де бұл аймақтың әдебиет пен мәдениет, руханияттағы, экономика, құрылыс, ауылшаруашылығы салаларындағы жеткен жетістіктері мен көрсеткіштері кімді де болса қызықтырады. Бұл тұрғыда  Панфилов ауданының әкімі Темірлан БЕКТАСОВПЕН сұхбаттасып қайтқан едік. 

– Темірлан Амангелдіұлы, әр бұтасына ән қонақтап, бұйратынан күй шалқыған жазиралы мекенге қызметке келгеніңізге жылға жуықтады. Сондықтан әңгіменің әлқиссасын ауданның тыныс-тіршілігінен бастасақ.
–  Рас, әне-міне дегенше аттай бір жыл да зымырап өте шығыпты. Уақыттың ұршықтай шыр айналатынын кеудесі жарық кешегілер қалай дөп басып айтып кеткен десеңізші?! Елдің жағдайын жақсартам, аудандағы сан саланың дамуына өз қолтаңбамды қалдырам деген азаматқа осы бір жыл да аз уақыт емес. 
Ең әуелі Панфилов ауданының Қазақстанның шекаралы аймағы екенін ескерген жөн. Шығысымызда Қытай мемлекетімен шектесеміз. Сондықтан бұл аймақтың сауда саласы жақсы дамыған. «Қорғас» кеден бекеті арқылы ішкі өнім сыртқа тасымалданып, Қытай мемлекеті өндіретін тауар біз арқылы өзге мемлекеттерге кетіп жатыр. Оның үстіне соңғы жылдары теміржол тартылып, Алтынкөлдей стансы салынып, еліміздің түкпір-түкпірінен шойын жолға адамдар тартылды. Олар тұрғылықты азамат ретінде тіркеліп, осында табандап қалуда. Бұл алдағы уақытта ауданның демографиялық өсуіне серпін береді деп күтудеміз. Сонымен қатар жаңа қалашық бой көтеріп, мәдени нысандар салынуда. Ауылшаруашылығы саласының да өсімі жақсы. Жүгері дақылын өсіруді өткен кезеңдегідей рекордтық деңгейге жеткізу де басты мақсатымыздың бірі болып тұр. Осы секілді әрбір саладағы көрсеткішіміз көңіл қуантарлық деңгейде десек асыра айтқандық емес. Алдағы жылы одан да жоғары көрсеткіш көрсетуге барымызды салатын боламыз. 
– Расымен де жазиралы мекен жүгері дақылын өсірумен күллі Кеңестер одағына атын мәшһүр етті ғой. Бүгінде қалай? Жалпы, ауылшаруашылығы саласына тоқтала кетсеңіз. 
– Қазақта: «Алтын шыққан жерді белден қаз» деген мәні терең мәтел бар. Сол айтылғандай, «дала аруымен» даңқы тараған өңірдің табиғаты жүгері өсіруге қолайлы. Сондықтан да ауылшаруашылығы дегенде ең алдымен жүгері өсіру жайына ден қоясың. Бүгінгі таңда ауданымызда жалпы егіс алқабы   43 мың гектар жерді алып жатыр. Соның 26 мың гектарына жүгері өсіріледі.  Осы салада көрсеткішті еселеу үшін жылына 100 гектар жерді арнайы қосып отыруға тырысамыз. Мәселен аталған 43 мың гектар жерден өзгесі жайылым. Ол жерлерге егін егу мүмкін емес. Сондықтан күнбағыс, жоңышқа сынды өзге дақылдарды өсіретін жерлердің белгілі бір мөлшеріне «дала аруын» егуді қолға алудамыз. Сонда біраз жылдан кейін егіс алқабының 90 пайызға жуығына жүгері өсірілетін болады. 
Осы орайда бір мәселені айта кеткен жөн. Ауданымыздың жетекші саласы ретінде жүгері өсіруді айтып өткенімізбен мұны өткізу бұрындары оң шешімін таппағаны бәріңізге аян. Алушылар мен өсірушінің арасында ортақ бағаға келіспеушілік көп болатындықтан сары алтындай жүгері қырмандарда тау болып үйілген күйі қыстың аязына ұрынып, қар астында қалып қоятын. Диқанның еңбегі еш кеткен кездер болған. «Жаркент крахмал-сірне зауыты» іске қосылғалы бері бұл мәселе шешімін тапты. Әрбір диқан 100 немесе 200 гектар жерге мүмкіндігінің жеткенінше жүгері еге алатын күйге жетті. Өйткені астығын өткізетін орын бар. Алаңдаушылық жоқ. Ауданның астық алқабындағы алтын дән далада қалып қоймайды. Аязға ұрынып, қарға бастырылып қалмайды. Міне, сол себепті де 26 мың гектар жүгері алқабын одан әрі ұлғайтуға біз де ерекше мән беріп отырмыз. Ауданымыз бойынша жүгері тұқымын өндіретін 7 шаруашылық қарқынды жұмыс істеп тұр. Бұл да жаркенттік бренд саналған шаруаның жандануына айтарлықтай серпін беретін дүние деп есептеуге әбден болады. 
Біздің ауданда республика бойынша қант қызылшасының тұқымын өндіретін жалғыз «Қамқорлық» шаруа қожалығы бар. Бұл да ерекше айта кететін мәселе. Сонымен қатар, жыл басынан бері мал шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтарына 700 млн. 149 мың теңгенің субсидиясы берілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 315 бас қой алуға құжат рәсімделді. Соңғы бес жылмен салыстырғанда мал басы 65 мың басқа көбейді. Бүгінде аудан бойынша мал шаруашылығымен айналысатын 570-ке жуық шаруа қожалығы бар. Мұның өзі ауыз толтырып айтатын дүние емес пе?! Биыл 7010 тонна ет, 26 866 тонна сүт өндірілді. 
– Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Бұл саланың дамуына, ел азаматтарының кәсіпкерлікпен айналысуына Үкімет тарапынан қолдау білдіріліп келеді. Арнайы қорлар құрылып, мемлекеттік гранттар берілуде. Аудан бойынша бұл сала өріс табуда ма? 
– Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін ауданымызда 10 мыңнан астам орта және шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Оларда 23505 адам жұмыс істейді. 8 айда істелген жұмыс және өндірілген өнімнің көлемі 4 миллиард 555,2 теңгені құрады. Салық көлемі 865,5 млн. теңге. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2017-2018 жылдары кәсіпкерлікті дамыту мақсатында М. Мусаев, Г. Ақсубаева, Ян Иуи сынды жеке кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктерден алынған несие пайызы субсидияланды. Оған қоса, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік инновациялық гранттарға жыл сайын байқау жарияланады. Грант жайлы ақпаратты аудан әкімдігінің сайтында, облыстық, аудандық басылым беттерінде жариялап тұрамыз. Мәселен, өткен жылы жеке кәсіпкер «Аманбаева» әжетхана қағазын шығаратын цехы жобасы бойынша 1 млн. теңге грант алса, биыл жеке кәсіпкер «Сүлейменов. Н.» газаблок шығару жобасы бойынша 1,5 миллион теңгелік грантты ұтып алды. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында бизнесті қолдау мен дамыту, тұрғын үй-коммуналдық қызметі үшін белгіленген тарифті реттеу, агроөнеркәсіп кешенін өркендету мақсатында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылмақ. Бизнес пен инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында еліміздің салық заңнамасында белгіленген айыппұлдың көлемі 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін артатын болады. Міне, сондықтан да әр өңір өз экономикасын жаңғыртып, сол саланың тамырына қан жүгірту үшін еселеп еңбек етіп, көрсеткіштерін одан әрі жақсарту мақсатында Елбасы міндеттеген тапсырмаларға ыждағаттылықпен қарап, жүйелі жұмыс істеуге міндетті. Шағын және орта кәсіпкерлік саласы да уақыт ағымымен қарқынды дамитын дүние. Бұған Үкімет тарапынан қолдау болғандықтан өңірімізде бұл саланың бірте-бірте жандана беретіндігіне сенімдіміз.  
– Жаркент өңірі сауда саласы дамыған аймақтың бірі.  «Қорғас» кеден бекеті арқылы ішкі-сыртқы өнім тасымалданып, сауда нарығы қызу жүріп жатады.  Оның үстіне еліміздегі «Бір жол, бір белдеу» жобасы аясында ең үлкен сауда-саттық «Құрғақ порты» да осы өңірде ашылды емес пе? Мұның аудан экономикасының жаңғыруына оң өзгеріс беретіні сөзсіз.  Осылар тұрғысында тоқталып өтсеңіз.
– Күні кеше «Бір жол, бір белдеу» жобасы аясында «Нұрлы жол» жаңа шекаралық транспорттық өткелі іске қосылды. Бұл Орта Азия мемлекеттері арасындағы теңдесі жоқ үлкен кедендік өткел. Кеденнің сегіз бақылау-өткізу жолақтары арқылы күн сайын жалпы саны 2500 автотранспорты ары-бері өткізу мүмкіндігі бар. Шығыс пен Батыс арасын жалғап жатқан осынау сауда-экономикалық орталығының аудан тұрмақ, еліміздің өркендеуіне септігі мол болатынын нық сеніммен айтуға болады.
Ал енді «Қорғас» кедені жайлы айтар болсақ, біраз жыл бұрын мұндағы жүйесіздіктің салдарынан адамдар арасында қақтығыс орын алып, ол әлеуметтік желі арқылы тарап кеткені бәріңізге мәлім. Тіпті, ашығын айтсақ, кісі өліміне дейін орын алды. Қалың жұрттың арасында кезек мәселесі де оң шешімін таппады. Саудамен келген азаматтар керекті затын қалағанынша алып, емін-еркін шығып кете беретін. Ал алыстан ат арылтып келгендер мұндағы тіршілікпен жете таныс болмағандықтан ойлаған ісін әрең орындайтын. Қазіргі таңда мұның бәрі келмеске кетті деуге болады. Бұрындары жүк тасымалдайтын көлікке отырып, екі аралықта сабылып жүрген болса, бүгінде 50 килограмнан аспайтын жүгін асықпай аралап жүріп алады да арнайы жүргізілген көлікке отырып кері қайтады. Одан ауыр жүк болса почта арқылы жолдап, өзі кеденнен күтіп алады. Сонымен қатар «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы» әкімшілігі қажетті аумақтарға қосымша бейнебақылау камераларын орнатты. «Қорғас» жергілікті полиция бөлімшесінде орнатылған орталық басқару пункті арқылы әрбір құқықбұзушылық фактілеріне шаралар қолданылатын болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметі мен ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шаралар бойынша қазіргі кезде қоғамдық тәртіп реттелді. Айта кетелік, бүгінгі таңда орталық алаңда сауда орнының 8000 ш.м. «А» және «Б» блоктары, 6000 ш.м. «Хуан Шыңыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Казлумие» сауда орталығы жұмыс жасауда. Сонымен бірге қазақстандық кәсіпкерлерге 10 000 ш.м. уақытша сауда орындары ашылған. Жыл соңына дейін 40 000 ш.м. сауда алаңдары ашылатын болады деп күтілуде. Қытай тұтынушылары қазақстандық тамақ өнімдеріне үлкен қызығушылық танытып отырғанын да атаусыз қалдыруға болмас. Алматылық «Рахат» кондитерлік фабрикасының өнімдеріне, табиғи шырындарға, «Жаркент Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нанына көрші мемлекеттің қызығушылығы жоғары болып тұр.
– Шамдары самаладай жарқырап, еңселі ғимараттары салынып, көзді арбар сұлулыққа ие Нұркент қаласы бой көтеріп келеді. Оның болашағы қандай болатыны көпті толғандырмай қалмас, оған қоса теміржол түсті. Осылардың бәрі аудан экономикасын көтеруге ықпал ете ме?
– Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекеттің азаттығын айшықтайтын, дамыған мемлекеттер санатына енгенін айғақтайтын дүниелер көптеп жүзеге асып жатыр. Астанадай арда шаһардың өзін ширек ғасырдағы толайым табысымыздың дәлелі ретінде алға тартуға толықтай негіз бар. Міне, сондай толайым дүниенің бірі жазиралы Жаркент жерінде де жүзеге асып, Нұркенттей қалашық бой көтеріп келеді. «Нұркент» деп атап жүргенімізбен бұл атау заңды рәсімделген жоқ. Алдағы уақытта қандай атаумен аталатыны уақыттың еншісінде. Сонымен қатар, қала статусында емес. Сондықтан қазіргі кезде Пенжім ауылдық округіне қарасты ауыл қатарында. 2035 жылы толық қала атауымен аталады деп күтілуде. Әзірге теміржолшылардың кенті болып табылатын Нұркент – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру бойынша жобаның және «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аумағының бір бөлігі. Қазіргі таңда 600 орынды мектеп, 240 орынды балабақша, 100 орынды амбулатория, 10 адамға арналған монша, шекарашыларға арналған жатақхана салынған. Қаланың болашағы кемел болады деп күтілуде. Қазірдің өзінде самаладай жарқыраған әсем ғимараттары қарқынды құрылыс жұмыстарының нәтижесінде молайып келеді. Болашақта, яғни 2035 жылға қарай бұл қалада 100 мыңға жуық адам тұратын болады. Осының өзінен-ақ бұл жобаның аудан экономикасына, демографиясына, өсіп-өркендеуіне оң нәтиже беретінін бағамдай беріңіз.
– Ауыл – өнердің алтын бесігі. Қабырғалы елдің қайғысы мен ше-рін, қуанышы мен толайым табысын қасиетті қалам күшімен асқақтата дәріптейтін де, алаулата жырлайтын да қаламгерлер. Мәңгілік қолтаңбалардың бірі саналатын сурет туындыларын да қылқалам шеберлері бедерлейді. Бір сөзбен айтқанда саз бен ән, жыр мен дастан, өзге де туындылар таланттылардың шығармашылық жемісі емес пе?! Сондай жандарға қашанда қолдау керек. Бұл тұрғыда аудандағы өнерпаздарға қолдау көрсетіліп тұра ма деген сауал көкірегімізге ұялап тұр…
– «Ел іші – өнер кеніші» деген тұжырымның ақиқат екеніне ешкім шәк келтірмесе керек. Заманымыздың заңғар тұлғалары, ұлттың зиялы қауымы, тіпті, кешегі Алаш арыстарына дейін ауылды жерден шықты емес пе?! Тамыры топырақтан нәр алған мәуелі ағаштай еңсе тіктегеннің бәрі де туған жеріне тартқан мінезімен ерекшеленген ғой. Сол секілді Жаркент өңірі де өнер адамдарына бай мекен. Есімін ЮНЕСКО таныған қылқалам шебері Әбілхан Қастеев, дауысымен Ұлы Даланы тербеген дауылпаз әнші Дәнеш Рақышев, айтулы ақын-жазушы Тоқбай Исабеков, айтыскер ақын Қален Тәжібаев, көрнекті жазушы Бексұлтан Нұржекеев, Жүсіпбек Қорғасбек сынды таланттылар осы мекеннен түлеген. Олардың есімі бұл өңірдің жасы мен кәрісіне таныс, елімізге әйгілі емес пе?! Міне, сол саңлақтардың сапын толықтырып, басқан ізін жалғап келе жатқан жастар да жетерлік. Олар қоғамдық шараларда белсенділік танытып, аудан мәдениетін өркендетуге жұмыла күш жұмсап келеді. Олардың өнерін дәріптеп, қолдау көрсету мақсатында көптеген мәдени шаралар жүзеге асырылуда. Жазба ақындардың шығармашылығына арналған кездесу және поэзия кештері, мүшәйралар сәтімен ұйымдастырылып тұрады. Атап айтсақ, ақын-жазушы Исламғали Үркінбайұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері, жаркенттік ақын қыздар Бағдат Айтмұқаева, Гүлбақыт Қасенова, Ақниет Төлендиевалардың шығармашылығына арналған кештер өтті. Сонымен қатар әуесқой композитор Базархан Жақыбаевтың «Жан тербеткен жақсы әндер» атты концерті ауданның бірқатар ауылдарындағы Мәдениет үйлерінде болып өтті. Жастарды ұлы өнердің иіріміне тартып, олардың қабілетін арттырып, қанатын қатайту мақсатында да ұйымдастырылып жатқан шаралар жеткілікті. Солардың бәрі біздің тараптан болған қолдаудың нәтижесінде өткізіліп келеді. 
Жалындаған жастарға, өнер адамдарына қамқорлық жасау біздің басты парызымыз емес пе?! Міне, сондықтан да түрлі байқаулардың, «Жайдарман» ойындары сынды игі кештердің өтуіне, өнерпаздарымыздың облыстық, республикалық конкурстар мен фестивальдерге баруына жағдай жасаудамыз. Ауданымыздағы өнерпаздардың өнерін шыңдап, ақыл-кеңес беріп отыратын «Жаркент жауһарлары» шығармашылық бірлестігі құрылған еді. Оған да біздің тараптан қолдау жасалынды. Тегінде, өнер адамдары таланттарын ұштау жолында ізденіп, елге қуаныш сыйлауға талпынса, біз де оған тиісті қолдау көрсетеміз. Дарын жалқы болғанмен өнер – жалпы. Ол – ортақ қазынамыз. 
– «Өнерді біл, өнерге ұмтыл, замандас, қамдан, жатпа, заманыңмен хабарлас», – деп жыр Құлагері Ілияс Жансүгіров айтқан өлең жолдары ойыма оралып отыр. Өнерге ұмтылған әр замандасқа қолдау білдіруді парыз деп санаған дұрыс-ақ. Бұл ретте жастарды жарқын іске тарту да маңызды емес пе? Оларды жұмыспен қамту да өзекті мәселенің бірі ғой.
– Жастар – біздің болашағымыз. Олардың талабына қанат бітіріп, мақсатына медет беру ел басқарған басшыларға ғана емес, күллі халыққа ортақ міндет болса керек-ті. Біздің ауданда 32340 жас бар. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру бағытында «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы – «Панфилов ауданы жастар ресурстық орталығы» жүйелі жұмыс жүргізуде. Олар жастарды белсенділікке шақырып, жұмысқа тартып, қоғамдық шараларға жұмылдырып отырады. Осы орталықтың ұйымдастыруымен мәдени және спорттық шаралар, діни экстремизм мен терроризммнің алдын алуға бағытталған жұмыстар, акциялар жүйелі жалғасын табуда. Мәселен, 10 ай көлемінде өткен игі шаралардың жалпы саны 63-ті құрайды. Жастар корпусын дамыту «ZhasProject» жобасы аясында Әлемдік банктің және Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 18 жобаны ауданымыздың жастары ұтып алған болатын. Жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының маусымдық жұмысы маусым мен қыркүйек айлары аралығында жалғасын тапты. Онда ауданымыздағы жастар мен студенттердің  150-і маусымдық жұмыспен қамтылған болатын. Осы орайда әрбір жастың мемлекетіміздің ертеңі екенін айшықтай отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын айта кеткен жөн. Бұл қуана құптарлық дүние. Сондықтан да жастар үшін алдағы жылдың жемісті боларына өз басым зор сенім білдіремін. 
– Панфилов ауданы – тауанды тарихымыздың куәгері. Мұнда талай ұлы оқиғалар өтті. Соның бірі қазақ халқының рухының өр екенін танытатын Орбұлақ шайқасы десек қателеспейміз. Биыл айтулы оқиға барысында қазақ жауынгерлерінің жеңіс туын желбіреткеніне 375 жыл толып отыр. Осыған орай дүбірлі той өте ме, әлде, жекелеген шаралар мен кештердің аясында қалып қоя ма?
– Орбұлақ шайқасы, өзіңіз атап өткендей, қазақ халқының батырлығын, айбарлы жұрт екенін танытқан ұлы шайқас. Ол нәсілі асыл еліміздің Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысында алғашқы әрі ірі бетбұрыс жасаған оқиға екені баршаға мәлім. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тарау-тарау тарихымызда біз ұялатындай ешнәрсе болмағанын айрықша атап өткен еді. Сол себепті біз де тарихымыздың ақтаңдақ беттеріндегі ұлы оқиғаларды дәріптеп, оларды ұрпақ санасына сақталып қалатындай етіп насихаттауға міндеттіміз. Сондықтан да Орбұлақ шайқасындағы ұлы жеңістің 375 жылдығын мерекелеуді біз ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап кеттік. Содан бері лайықты жалғасын тауып келеді. Мәселен, мамырдың майса күнінде ауданда шығып жатқан «Орбұлақ» газетімен бірлесіп облыстық деңгейде «Орбұлақ жүрегімде» атты оқушылар арасында байқау өткіздік. Бейнелеу өнері, мүшәйра, мәнерлеп оқу және драматургия сынды төрт бағыт бойынша өткен сол байқауға облыстымыздың барлық аудандары мен қалаларынан 200-ге жуық оқушы қатысты. Орбұлақ шайқасында ерлік көрсеткен батырлар мен осы өңірден шыққан елге белгілі тарихи тұлғалардың атынан арнайы жүлделер тағайындап, жеңімпаздарды арнаулы сыйлық иегері деп алқаладық. Осының өзі өскелең ұрпақтың шығармашылығымен қатар Отанға, тарихқа деген сүйіспеншілігін шыңдайтын игі шара емес пе?! Міне, осындай тағылымы мол кештер мейлінше жалғасын тауып келеді.
Рас, қатпар-қатпар тарихтың куәсі болған Жетісу жерінің әрбір тасы өткеннен сыр шертіп тұратындай сезіледі. Дегенмен, осы өлкедегі ең ұлы оқиға деп Орбұлақ шайқасын айтатынымыз заңдылық. Сондықтан да шежірелерімізді шиырлап, ұлы оқиғаны тарихи сахнаға алып шыққан Бексұлтан Нұржекеев сынды асыл азаматтарға да орайы келгенде ел атынан алғыс білдірген абзал. Кеудесі жарық осындай қайраткерлер болмаса тарихымыз да түлемес еді ғой деп те ойлайтынымыз бар… 
Хош, Орбұлақ шайқасының 375 жылдығын тойлау мақсатында ауданымыздағы әрбір білім ошақтары, мекемелер мен басқарма бөлімшелері әртүрлі шара өткізіп, байқаулар мен кездесулер ұйымдастыру үстінде. Республика бойынша ғылыми конференциялар да сәтімен орын алуда. Сонымен қатар, Жаркент қаласының қақ төрінде орналасқан «Бөлек батыр» атындағы мәдени-демалыс саябағында «Орбұлақ» шайқасының 375 жылдығына арналған мемориалды кешен ашылып, 1 гектар жер гүлзарға айналды. Оған қоса республикалық жыршылар шеруі де сәтімен өтті. Ал, мерейтойдың негізгі салтанатты шарасын желтоқсан айының 1-жұлдызынан бастаймыз деп отырмыз!
– Өрлік пен ерліктің алмас жарқылындай жанға рух, бойға қуат берген Орбұлақ шайқасы тарихымыздың ең ұлы оқиғаларының бірі. Қашанда жақсылыққа ұмтылатын ел сондықтан да Панфилов ауданының «Орбұлақ» атауымен аталғанын жөн көреді. Сол себепті біздің де жазиралы мекеннің Орбұлақ болып болашақта өзгеретінін немесе қазіргі атауымен қалатындығын білгіміз келетіні бар. 
– Биыл облысымыздың көптеген аудандары 90 жылдық мерейтойын салтанатпен атап өтті. Ғаламтордағы википедия мәліметі бойынша біздің ауданның құрылуы 1928 жыл деп көрсетілген. Бірақ, бұл қате ақпар. Өйткені Панфилов ауданы 1923 жылы құрылған. 1923-1942 жылдары Жаркент ауданы деп аталса, 1942 жылдан бастап Кеңес Одағының Батыры И. Панфиловтың есімімен «Панфилов ауданы» деп қайта құрылған. Сондықтан да биыл бізге 95 жыл. Ал, енді ауданымыздың атауына келсек, әрине, Орбұлақ қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы ең ірі шайқастарының бірі. Оның мәні мен мазмұны терең. Бірақ, сұрапыл соғыс дабылы көтерілгенде Алматы шаһарында жасақталған 28 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясының да тарихымыздағы орны ерекше. Ондағы жауынгерлер де біздің отандастар емес пе?! Кейінгі кезде көрші елдерде, өз елімізде тарихи шындықты бұрмалайтын, 28 панфиловшылардың ерлігін жоққа шығаратын пікірлер бой көтерді. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, көпшілік аталған ұстанымды біздің қазақстандық жауынгерлердің қаһармандығы мен ерлігін әдейі төмендету әрекеті деп бағаланды емес пе?! Сондықтан, қазіргі таңда Панфилов ауданының есімін өзгерпей өз атауында қалғанын жөн деп санаймыз. Бұлай атала бере ме әлде Орбұлақ ауданы бола ма, бұл алдағы уақыттың еншісіндегі дүние.
 – Сұхбатыңызға рахмет!
Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Кенеден сақтаныңыз!

Кенеден сақтаныңыз!

08.04.2026
Қоғам тірегі – ардагерлер

Қоғам тірегі – ардагерлер

08.04.2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

08.04.2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026
Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.