Талдықорған: +20°C
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан мен Бельгия жасанды интеллектіні білім беруде қолдануды талқылады

Бүгін, 12:30
ӘЛЕУМЕТ
Қазақстан мен Бельгия жасанды интеллектіні білім беруде қолдануды талқылады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы аясында жоғары білім мен ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ көптілді академиялық коммуникацияны дамыту перспективаларына арналған жұмыс сессиясы өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Екі елдің университеттері мен ғылыми ұйымдарының өкілдері бас қосқан жиында заманауи цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу мен бірлескен зерттеу бастамаларын өрістету мүмкіндіктері кеңінен қарастырылды. Алқалы басқосуға екі мемлекеттің жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми қауымдастық өкілдері және цифрлық технологиялар саласының жетекші сарапшылары қатысты. Іс-шараның ашылуында Хасселт университетінің ректоры Бернард Ванхесден мен Бельгияның французтілді университеттері ректорлары кеңесінің вице-президенті Франсуаза Сметс құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық серіктестіктің маңызын атап өтті.

Жиында сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова кадр даярлау мен инновацияларды дамытудағы негізгі бағыттарға тоқталды.

Вице-министр Гүлзат Көбенова өз сөзінде:

«Министрлік кадр даярлау және жасанды интеллектіні дамыту үшін қажетті жағдайларды белсенді түрде қалыптастырып келеді. Осы бағыттағы негізгі бастамалардың бірі – 100 мың студентті қамтитын, жасанды интеллектіні қолдану дағдыларын, кәсіпкерлік қабілеттерді дамытуға және DeepTech стартаптарын құруға бағытталған AI-Sana бағдарламасы. Сонымен қатар Horizon Europe бағдарламасы аясында Еуропалық одақпен ынтымақтастықты кеңейтіп келеміз. 2023 жылы құрылған Ұлттық үйлестіру орталығы еуропалық серіктестермен өзара іс-қимылды жолға қоюға және қазақстандық ғалымдардың зерттеу жобаларына қатысуына жәрдемдеседі. Бүгінде Қазақстанда 12 елдің 30-дан астам шетелдік жоғары оқу орны жұмыс істейді. Бұл озық білім беру тәжірибелерін енгізуге және ғылыми байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – ғылыми жаңалықтарды инновациялық шешімдерге айналдыру үшін университеттер, ғылым және өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл Қазақстан мен Бельгия үшін жасанды интеллект және озық зерттеулер саласындағы серіктестікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен қатар 2029 жылға қарай білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект бойынша пәндерді енгізген жоғары оқу орындарының үлесін 60%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті.

Ауқымды сессия жұмысы заманауи оқу орындарын трансформациялауды қамтитын үш негізгі бағыт бойынша өтті. Бірінші бөлімде оқыту әдістерін жетілдіру және студенттер мен оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту мәселелері талқыланып, Хасселт университетінің ректоры Бернард Ванхесден мен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТҮ ректоры Мейрам Бегентаев баяндама жасады. Екінші бағыт ғылыми зерттеулерді жеделдету мен халықаралық ынтымақтастыққа арналды. Мұнда Horizon Europe Kazakhstan ұлттық үйлестірушісі Әлия Сембаева мен Ғылыми зерттеулер қорының бас хатшысы Вероник Аллуэн бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін ұсынды. Жасанды интеллект құралдары күрделі деректерді өңдеуді тездетіп, пәнаралық ізденістерге даңғыл жол ашады. Мұндай қадамдар сарапшылық әлеуетті біріктіруге, білім алмасуға және екі елдің ғылыми ұжымдарының бірлескен ауқымды жобаларға белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Үшінші бөлімде цифрлық құралдардың тілдік білім беру мен академиялық коммуникацияға тигізетін ықпалы, сондай-ақ цифрлық ортадағы адам сараптамасының рөлін сақтау мәселелері сарапқа түсті. Монс университетінің ректоры Лоран Лефевр мен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ цифрлық мектебінің жетекшісі Руслан Четтыкбаев тіл үйренуде, аударма жасауда және түрлі тілдік қауымдастықтар арасында тәжірибе алмасуда заманауи шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін ортаға салды. Сессияның қорытынды бөлігінде қатысушылар сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, алдағы серіктестіктің нақты басымдықтарын айқындады. Форумның маңызды практикалық нәтижесі ретінде екі елдің университеттері мен ұйымдары арасында 20-дан астам екіжақты келісімге қол қойылды. Қол жеткізілген бұл уағдаластықтар институционалдық байланыстарды нығайтуға, академиялық ұтқырлықты арттыруға, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру аясын кеңейтуге бағытталған.

Жаңа технологияларды қолданудың практикалық қырларын талқылау екі елдің академиялық ортасы арасындағы серіктестікті одан әрі кеңейтуге бекем негіз қалайды. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің жоғары білім беру саласында дамуы Жетісу өңіріндегі жоғары оқу орындары мен студенттер үшін де жаңа көкжиектер ашады. Шетелдік озық тәжірибені игеру, отандық жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, өңірлік ғылымның дамуына соны серпін береді. Заманауи білім беру бағдарламалары мен AI-Sana сияқты жобалар аймақтан шығатын жас мамандардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өңірдегі жас ғалымдар мен зерттеушілердің халықаралық гранттарға қол жеткізіп, еуропалық әріптестермен бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Бұл Жетісу өңірінің ғылыми-инновациялық әлеуетін көтеріп, жергілікті экономиканың дамуына өзіндік үлесін қосады. Мұндай халықаралық форумдар білім сапасын жаңа белеске көтерудің басты кепілі. Еліміздегі жоғары білім сапасын арттыру мен ғылыми әлеуетті нығайту бағытындағы кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасын таба береді.

Қатысты жаңалықтар

World Tennis Бас ассамблеясы: 137 елдің өкілдері бас қосты

World Tennis Бас ассамблеясы: 137 елдің өкілдері бас қосты

Бүгін, 13:30
Табиғатты қорғау: Жетісу өзендеріндегі заңсыз жер қазу әрекеттері әшкереленді

Табиғатты қорғау: Жетісу өзендеріндегі заңсыз жер қазу әрекеттері әшкереленді

Бүгін, 13:00
Қазақстан мен Бельгия жасанды интеллектіні білім беруде қолдануды талқылады

Қазақстан мен Бельгия жасанды интеллектіні білім беруде қолдануды талқылады

Бүгін, 12:30
Облыс жолдарының 96%-ы жақсы жағдайға жетеді

Облыс жолдарының 96%-ы жақсы жағдайға жетеді

Бүгін, 12:06
Ерекше білім алушыларға кәсіптік бағдар беру

Ерекше білім алушыларға кәсіптік бағдар беру

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.