Талдықорған: 0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау: 2025 жылы не өзгерді?

13.01.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау: 2025 жылы не өзгерді?

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

2025 жыл Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі үшін ең мазмұнды өзгерістерге толы кезеңдердің бірі болды. Қабылданған шаралар ақшалай үлеспен қамтуды, тұрғын үй мәселелерін, білім беру, отбасыларды қолдау және қызмет аяқталғаннан кейін азаматтық өмірге бейімдеуді қамтыды.

Негізгі қадамдардың бірі лауазымдық жалақылардың өсуі болды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап офицерлік құрамның жалақысы орта есеппен 20,3 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамдікі 33,9 пайызға артты. Сонымен қатар бұрын жойылған далалық төлемдер жүйесі қайта енгізілді. 1 шілдеден бастап әскери қызметшілерге далалық шығуларға, теңіз жорықтарына және оқу-жаттығуларға қатысқан әрбір тәулік үшін іссапар рәсімдемей-ақ, 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде далалық төлемдер төлене бастады.

Алдағы уақытта да қосымша өзгерістер жоспарланған. 2026 жылғы

1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады. Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету саласы да елеулі түрде дамыды. 2025 жылғы 17 қарашадан бастап «Отбасы банк» тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілерге арналған арнайы ипотекалық өнімдерді іске қосты. Бастапқы жарнасы 20 пайыздық «Әскери баспана» бағдарламасы қайталама тұрғын үй нарығынан баспана сатып алуға бағытталған. Алдын ала қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 18 пайыз және тұрғын үй құнының 50 пайызы жинақталған кезде 5 пайызға төмендейді. «Наурыз әскери» бағдарламасы бастапқы жарнасыз жаңа құрылыстан пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Астана мен Алматы қалаларында қарыздың ең жоғары сомасы 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін, ал бастапқы жарна 20 пайыздан асқан жағдайда 80 млн теңгеге дейін жетеді. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 9 пайызды құрайды.

2025 жылы әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға да ерекше көңіл бөлінді. Әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы «Балдәурен» балалар сауықтыру орталығында демалып, денсаулықтарын нығайтты. Бұл Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігіне айналды.

Сонымен қатар мерзімді әскери қызметтің беделін арттыру және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту жұмыстары жалғасуда. Sarbaz 2.0 цифрлық жобасы іске қосылғалы бері 9 мыңнан астам үздік әскери қызметші білім беру гранттарына ие болды. Оның ішінде 3000-нан астамы жатақханаға басымдықпен орналастыру және шәкіртақы төлеу қарастырылған мемлекеттік гранттар екенін атап өту керек. Ел тарихында алғаш рет іріктеу толық автоматтандырылған форматта өтуде. Бұл жүйе сарбаздардың рейтингін тәртіп, дене дайындығы және жауынгерлік дайындық көрсеткіштері бойынша қалыптастырады. Ал алгоритм гранттарды таңдалған жоғары оқу орындары мен мамандықтар арасында өздігінен бөледі.

Сарбаздар мен олардың отбасыларына түсетін қаржылық жүктеме де азайтылды. 20 мыңнан астам мерзімді әскери қызметші жалпы сомасы шамамен 8 млрд теңгені құрайтын «несиелік демалысты» пайдаланды. Сонымен қатар қызмет барысында сарбаздар еңбек нарығында сұранысқа ие ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, экскаваторшы, байланыс маманы, дизелист-электрик, парамедик және басқа да кәсіптер бойынша жұмысшы мамандықтарын тегін меңгере алады. Оқу аяқталған соң оларға сертификаттар беріледі.

Әлеуметтік саясаттың жаңа бағыты – әскери қызметшілерді қызметтен кейінгі өмірге даярлау. Қорғаныс министрлігі зейнетке шығар алдында әскери қызметшілерді бейімдеу бағдарламасын іске қосты. Енді олар әскери жоғары оқу орындарының базасында мектептерде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беру үшін, сондай-ақ әскери кафедраларда жұмысқа орналасу мақсатында тегін қайта даярлаудан өте алады. Бұл шешім офицерлердің кәсіби әлеуетін сақтауға және азаматтық қызметке біртіндеп көшуіне мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

04.02.2026
Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау: Кәсіпкерлер не білуі керек?

Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау: Кәсіпкерлер не білуі керек?

04.02.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда ресми келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда ресми келіссөз жүргізді

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.