Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

28.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Бүгінде мемлекет тарапынан әлеуметтік саланың дамуына барынша  басымдық берілген. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көпбалалы және ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау көрсетуге, сонымен қатар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлді. Облысымызда аталған сала бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тиісті деңгейде орындалуда. Көрсетілген қызмет сапасын одан әрі жақсартуда тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Осы жылы облыста халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған 1566 орынды 13 мемлекеттік мекемеде (алтауы стационар, жетеуі жартылай стационар жағдайында) барлығы 1401 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. 

Облыста  республикамызда алғашқы болып 18 жастан асқан қызмет алушыларға 50 орынды  стационар жағдайында арнайы бөлімше ашылып,  жұмысын бастады. Сонымен қатар,  желтоқсан айында мүгедектігі бар адамдар күніне орай Панфилов ауданы, Жаркент қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған тұңғыш «Иппотерапия» орталығы ашылды. Жыл  басында зейнеткерлік жастағы азаматтарға сапалы қызмет көрсету мақсатында алғаш рет Талдықорған қаласында мемлекеттік мекеме нысанында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды. 

Биылғы жылдың 14 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің №256-НҚ бұйрығымен «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидалары» бекітілді. Осыған орай  Жетісу облысында «AMANAT» партиясының 2023 – 2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында «Жанұя» «Отбасын қолдау орталықтары»  Текелі қаласында, Панфилов және Сарқан,  Алакөл, Қаратал, Кербұлақ аудандарында ашылды. Ал 2025 жылы  Ескелді, Көксу, Ақсу аудандарында ашылады. 

Өңірдің әлеуметтік қорғау жүйесінде 2 мыңнан   аса адам еңбек етсе, оның 500-ге жуығы әлеуметтік  қызметкер.  

Сарби ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.