Талдықорған: +19°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

САПАЛЫ БІЛІМ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ КЕПІЛІ

16.08.2019
ӘЛЕУМЕТ
САПАЛЫ БІЛІМ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ КЕПІЛІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік сарайында ұстаздардың басын қосқан республикалық тамыз конференциясы биыл ерекше жағдайда өтіп, оған алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Жылда жиынға жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2 мыңнан асты. Алматы облысынан 74 делегат мұғалімдердің негізгі жиынына қатысуға мүмкіндік алды. Мұнымен қатар бұрын-соңды тамыз кеңесі аудан-қалаларда басталып, одан соң облыс орталығында, ең соңғы жиын республика көлемінде өтіп келген болса, биыл дәстүрлі жиын Елордада бастау алды.

Конференция «Білім және ғылым» тақырыбын өзек етті. Педагогтар білім беруді модернизациялау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеп, өз идеяларын ортаға салды. Мұғалім мәртебесі, оқулықтар мәселесі, дарынды оқушы тәрбиелеу, үш тілде білім беру және басқа да білім және ғылым саласының түйткілді мәселелері жиында кеңінен сөз болды. 
Конференцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарға қарата сөз сөйледі.
– Қадірлі ұстаздар! Құрметті әріптестер!
Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. Ең алдымен, білім және ғылым саласының барлық қызметкерлеріне шынайы ықыласымды білдіремін. Сіздер еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер, – деп ұстаздар қауымының мерейін тасытқан ел Президенті:
– «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», – деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға.
Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. 
Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет, – деп ұстаз мәртебесі қашан да биік болуы керектігін меңзеді. 
– Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі.
Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде: «Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті», – дейді.
Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады. Ата-бабалар аманат еткен ұлан-ғайыр даланы аман сақтау, ең алдымен, жас буынға артылатын зор үміт. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс, – деп білімді ұрпақ ел ертеңі болатынын да атап өтті.
Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше.
Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс. Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек.
Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.
Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті, – деді Мемлекет басшысы.
Үш тілде білім беруге қатысты ойын ортаға салған Қасым-Жомарт Кемелұлы: 
– Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өте маңызды. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті», – дейді академик Ахмет Жұбанов. Бұл сөз біз үшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс. Үштілді жүйеге көшу оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады. Бұл ретте, ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс.Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», – деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын. Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарап жүргізу қажет, – деді.
Сондай-ақ, конференция барысында төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе өсетіндігін мәлімдеген Мемлекет басшысы «Педагогтың мәртебесі туралы» Заң жобасын жасау жыл соңына дейін аяқталатынын жеткізді. Ол заң жобасының пайдасын мұғалімдер сезінуі керектігін баса айтты. Президент, сондай-ақ, үш ауысыммен оқытуды жоюды, жаңа мектептер салуды және үш тілде білім беруге бірден емес, біртіндеп көшуді тапсырды.
Жиын соңында білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалімен, сондай-ақ,  ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Ы. Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026
Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

12.04.2026
Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

12.04.2026
Бүгін – Ғарышкерлер күні

Бүгін – Ғарышкерлер күні

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.