Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

САПАЛЫ ЖОЛДА СӘТТІ САПАР

17.08.2024
ӘЛЕУМЕТ
САПАЛЫ ЖОЛДА СӘТТІ САПАР

Экономикалық көрсеткіштің көңіл тоғайтар тұсы да, халықтың жарқын өмірінің кепілі де жол-көлік логистикасының сапасына тікелей байланысты. Бұл орайда еліміздегі жол құрылысы жақсы аймақтың қатарында Жетісу облысын айтуға болады. Халықаралық, республикалық, облыстық маңызы бар жолдары жыл өткен сайын жаңарып, жақсарып келеді. Күні кеше жазиралы Жаркент жеріне барған сапарымызда бұған тағы бір мәрте көз жеткіздік.


Тіршіліктің күретамыры саналатын жол тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыратыны анық. Бұл өз кезегінде шаһарға туристердің ағылып келуіне де айрықша ықпал етеді. Бүгінде облысымызда жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Сарыөзек – Көктал және Жетісу облысы бойынша Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас – Сарыөзек республикалық маңызы бар автомобиль жолдары (185 км.) және Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас (63 км.) аралығындағы жолды орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен, «Нұрлы Жол» ЖШС мердігерлігімен аталмыш аймақта асфальт төселіп, қарқынды жұмыс жүруде.

Аталған республикалық маңызы бар жол құрылысына жауапты мердігер компанияның жоба жетекшісі Бақытбек Тоқтарбайдың айтуы бойынша, жөндеу жұмыстарына 56 жұмысшы және 45 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. 

– Жол ірі  және ұсақ түйірлі 2 қабатты асфальтпен жабылады. Сондай-ақ, автожолдың жол белгілері ауыстырылып, қоршаулар салынады. Жоспар бойынша орташа жөндеу жұмыстарын қазан айына дейін аяқтаймыз деп отырмыз. Елімізде Қорғасқа қатынайтын көліктің көптігінен автожолдан жолаушылар үзілмейді. Әрі айналмалы жолдың жоқтығы жөндеу жұмыстарына аздап кедергілер келтіретіні де рас. Алайда, жұмыс барысын барынша тоқтатпауға тырысып жүрміз. Қазіргі таңда 32 шақырымның 16 шақырымына асфальтбетонның төменгі қабаты, 10 шақырымына жоғарғы қабаты төселінді, – дейді жоба жетекшісі. 
Бұл іске жергілікті тұрғындар да дән риза.

Жалпы, бекітілген кестеге сәйкес алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталатын болады.

Өңірімізде Кербұлақ және Панфилов аудандары арқылы өтетін 248 шақырым республикалық маңызы бар автожол бар. Қазіргі таңда соның 81 шақырымы жақсы болса, қалған 167 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес екі аудан арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдарды нормативтік қалыпқа келтіру бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырмаға сәйкес 2023 жылы 81 шақырымы жөнделді. Атап айтсақ, Алтынемел асуы арқылы өтетін 23, Алтынемел асуынан Қоңырөлең елді мекеніне дейінгі 42 шақырым күрделі жөндеуден өтті. Алдағы жылы Сарыөзектен Алтынемел асуына дейінгі 45 шақырымды жөндеуге мердігер компания анықталғаннан кейін арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылады. Бұл ретте Қоңырөлеңнен Көктал елді мекеніне дейін 67 шақырым жол учаскесі бар. Орташа жөндеу жұмыстары аясында екі қабатты асфальтбетон жабылып төсеу жоспарланған. Сонымен қатар, жол жиегін тегістей отырып, елді мекендер арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдарға тротуарлар жасалып, жарықтандыру жүйесі жүргізілмек.

Бүгінде Панфилов ауданы арқылы Айдарлы елді мекенінен Көкталға дейінгі 15 шақырымды құрайтын республикалық жолды жөндеу үшін жоба бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Алдағы 1 апта көлемінде мердігер анықталысымен жол жөндеу жұмысын бастап, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

– Жетісу облысында жол құрылысының ауқымы артып келеді. Бұл инфрақұрылымдық жұмыстар өңірдің транзиттік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға жаңа серпін береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасалған іс-шаралар жоспарына орай биыл және келесі жылы 167 шақырым болатын Сарыөзек – Көктал және Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас  автожолдарында жалпы сомасы 18 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жақын арада Сарыөзек пен Көктал, сондай-ақ, Айдарлы мен Көктал елді мекендері арасындағы жолдың бірнеше учаскелерінде күрделі және орташа жөндеуді жалғастыру жоспарланып отыр. Тағы бір жобада автожолдың еңіс бөлігін қалпына келтіру мен Көнбе өзені арқылы көпір салу көзделген, – дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  Жетісу облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев.

Айғаным АЙТМҰХАН
 

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.