Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ШАҺАР КЕЛБЕТІ АЙШЫҚТАЛУДА

21.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
ШАҺАР КЕЛБЕТІ АЙШЫҚТАЛУДА

Талдықорған қаласында әлеуметтік мәселелер шешіліп келеді. Жұрт қалағандай көптен тарқатылмаған түйінді шеше қоюға атқарушы биліктің шамасы келе қоймас. Өйткені қордаланған мәселелердің көптігін сіз де, біз де көріп жүрміз. Дейтұрғанмен, бұл қатардағы жұмыстар жайында ауыз толтырып айтуға болады. Мәселен, 30 жылдан аса уақыт бас шаһардың орталығында орналасса да жолы мен ауласы, келбеті мен қасбеті адам қарауға ұялатын «Ұлан» шағын- ауданы қазір көздің жауын алатындай кейіпте. Бұл үшін бюджет қоржынынан   1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. 


«Ұлан» шағын ауданын қала тұрғындары «военный городок» атап кеткен. Әскерилер орналасқан ауданның шынында жағдайы шымбайға бататын. Жеңіл көлік түгілі жүргіншінің еркін жүруі қиын-тын. Құдды кезінде мемлекеттік маңызға ие болып, кейін тасталған әскери қалашықтай еді. Жолсыз, сусыз мұндағы тұрғындар әйтеуір күнелтті. Былтырдан бері «Ұланға» назар ерекше. Себебі, бұл аудан қала билігінің құзыретіне өтті. Содан бері әуелі ауызсу, кәріз желілері қайта жаңғыртудан өтті. Ал биыл мұнда    5 жоба жүзеге асты. Сол жобаларды «Фирма Мега-Сервис» және «СевКазЭнергострой» серіктестері жүзеге асырды. Нәтижесінде 11 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы кірсе шыққысыз күйге енді. Балалардың түрлі спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Алыстан футбол, волейбол алаңқайлары менмұндалайды. Шағын аудандағы №17 үйдің тұрғыны Асқар Бақаев ауланың мұндай күйге енуін тұрғындар 30 жылдан бері армандап келгенін айтты.

 – Мұндай аула Талдықорған қаласының өзге аудандарында жоқ. Көптен мазалап жүрген дүниемізді жергілікті билік азғантай уақытта жасап берді. Мәселелер шешімін табуда. Тұрғындар үшін мұнан асқан сый керек емес. Ендігі мәселе салынған нысанды бүлдірмей, күтіп ұстай алсақ, – дейді тұрғын. 

Талдықорған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ақжан Төлеубайдың айтуынша, келер жылы «Ұландағы» тағы 5 аула абаттандырылады. Сонымен, бұл ықшамаудандағы басты мәселелердің осылай түйіні тарқайды.

Қаладағы сыны қашып көпқабатты тұрғын үйлердің сыйқы да көптен сөз болып жүрген. Бұл түйінді де қала әкімдігі тарқатуға көшкен. Биыл «Болашақ» және «Бірлік» шағын аудандарындағы 10 үйдің қасбеті ақаулы екені анықталған. Соған сәйкес «ЕР-Нұр Строй и К» ЖШС жалпы аумағы 2120,33 шаршы метр қасбетті қайта әрлеген. Оған бюджеттен 51 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Азғантай уақыт бұрын салынған жаңа үйлердің бірінде тұратын Айдана Байдөненова құрылысшылардың сапалы жұмыс істегенін алға тартып отыр.

 – Бұрын жауын-шашыннан оңып кеткен үйдің сыртқы келбеті аянышты хәлде еді. Қазір ажарлана түскен. Қала әкімдігінің өкілдері келер жылы өзге аудандардан 10 үйдің сыртқы келбеті қалыпқа келетінін айтуда. Дәл осы қарқынмен сыны қашқан көп қабатты үйлердің саны едәуір азаяды, – дейді қала тұрғыны. 

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласын аралау барысында қала басшылығына қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын қалыпқа келтіруді нығырлай тапсыр- ған. Соның нәтижесі болар, қазір 28 үйдің шатыры жаңалануда. Мұндай жұмыстарды «Айд-Строй» ЖШС жүргізуде. Солардың қатарында Михаил Зызин тұратын Назарбаев көшесіндегі №54 көпқабатты тұрғын үй де бар. Тұрғынның айтуынша, әбден сыйқы қашқан шатырдың жаңалануы нәтижесінде жауын-шашыннан келер қауіп жоқ. Бірақ, М. Зызин үйдің қасбетін жөндеуді қолға алса деген тілегін де жеткізді. Талдықорған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ақжан Төлеубай қасбет жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, әкімдік өкілі келер жылы 30 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделетінін де тілге тиек етті.

Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуда жолдың жайлы болмағы аса маңызды. Биыл өңірдегі жол сапасын жақсарту үшін бюджет қоржынынан 41 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Осы сомаға облыс- тық деңгейдегі 193 шақырым және 54 елді мекеннің ішкі жолдары жаңаланған. Жол сапасын жақсарту жұмыстары қатарында Талдықорған қаласы іргесіндегі Көктал елді мекенінің жолдары да бар. Қала әкімдігінің өкілдері осы ауылдың жолдары 3 жыл ішінде айнадай боларын алға тартуда. Ол үшін  3,6 млрд. теңге қаралған. Ауыл тұрғыны Сара Құрманбекова жергілікті атқамінерлердің халыққа мұндай қамқорлық көрсеткеніне разы. 

 – 1968 жылы іргесі қаланған ауылда мұндай қарқынды жұмыс жүрген жоқ. Ауылымыз жаңарып, жасарып келеді. Қазір мұнда қаладан жағдай төмен емес. Жол жөндеуші азаматтарға алғысымыз шексіз, – дейді Сара Құрманбекова. 

Жол салу жұмыстарын «Сұңқар» ЖШС жүргізуде.  Серіктестіктің учаске бастығы Есіл Досжановтың сөзіне сенсек, жобаланған 22,6 шақырымға созылған 36 көшенің 20 пайызы аяқталған. Бөлінген қаржының 1 млрд. теңгесі игерілген. 2026 жылы желтоқсан айында жөндеу жұмыстары толық аяқталады.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025
43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

14.05.2025
Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025
2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.