Талдықорған: +19°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

СӘТТІ САПАР САПАЛЫ ЖОЛДАН БАСТАЛАДЫ

28.09.2024
ӘЛЕУМЕТ
СӘТТІ САПАР САПАЛЫ ЖОЛДАН БАСТАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Автокөлік жолдары – елдің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің күре тамыры. Негізгі қалаларымыз- бен аймақтарымыздың арасын сапалы жолдармен жалғау маңызды. Тағы да қайталап айтамын – сапалы жолдармен».
        Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

 

Жол сапасы халықтың тұрмыс деңгейіне ғана емес, экономиканың дамуына да тікелей әсер етеді. Барлығымыз алысты жақындатып, діттеген жерімізге тез жеткізетін, ат тұяғы сүрінбейтін тақтайдай жазық жолдың болғанын қалаймыз. Туризмі өркендеген, алыс-жақын шетелдерден қонағы үзілмейтін облысымызда жол сапасына ерекше мән берілуде. Жуырда Талдықорған–Қалбатау бағытындағы Жетісу облысын басып өтетін автожолдың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Жаңартылған жолдың сапасын көру мақсатында ҚР Көлік министрлігіне қарасты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» ұйымдастыруымен «Сапа керуені» атты баспасөз туры өтті.


БАЯҒЫДА ҚАНДАЙ ЕДІ, ҚАЗІР ҚАНДАЙ?

Шарада ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері, «ҚазАвтоЖол», жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандары мен облыстық мәслихат депутаттары Талдықорған-Өскемен, Үшарал-Достық автожолдарының сапасын көрді. Талдықорған-Қалбатау-Өскемен автомобиль жолының Жетісу облысындағы жөндеу учаскесінің ұзындығы 313 шақырымды құрайды. Бүгінде құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Қазір мұнда абаттандыру, жол белгілерін орнату, жолды таңбалау, жарықтандыру және мал өтетін жерлерді қоршау жұмыстары істелуде. Екінші санатты екіжолақты жолдың жұмысы жыл соңына дейін толық аяқталмақ. Үшқабатты асфальт жабындысынан тұратын жолдың қалыңдығы 27-29 см. Асфальттың астында екіқабатты қиыршық және шағыл тас жайылған. Жалпы Талдықорған-Қалбатау-Өскемен автожолының құрылыс жұмыстарына 5 мың адам, 1000-нан астам техника жұмылдырылыпты. Бес жылға созылған жобаның құны 160 млрд. теңгені құрайды. Ал Үшарал-Достық бағытындағы жолдың құрылысы толығымен аяқталып, былтыр пайдалануға берілді. Ұзындығы 184 шақырым жолды жаңартуға 70 млрд. теңге бөлініп, 2000 адам, 500-ден астам техника жұмылдырылған. Жол құрылысын үш мекеме 60 шақырымнан бөліп жөндепті.

«Жол жаман болса атың да сүрінеді, атан да сүрінеді» деген дана халқымыздың тәмсілін алакөлдіктер жақсы түсінеді. Баяғыда иленген қамырдай жолдың азабы айдынды Алакөлге барған меймандардың мазасын кетіруші еді. Тұрғындар да «тозған жол жөнделмесе туризм дамымайтынын» айтып шағымданатын. Күрделі мәселенің күрмеуі шешілді. Бүгінде тақтайдай тегіс автожолмен суы ем Алакөлге қиналмай барасыз. Мамандардың айтуынша, автожолдың сапасы барлық стандарттарға сай. Өйткені күре жол халық игілігіне берілмес бұрын сапасы ұдайы тексеріледі. Ұлттық сапа орталығының мамандары 2000-ға жуық зертханалық сынама өткізіпті.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев: 
– Осы күнге дейін 429 инспекциялық шолу ұйымдастырылды. 1640 сынама зерттеуге алынды. Сынама нәтижесінде жолдың 10 пайызы талапқа сай келмегендіктен мердігер өз қаржысына қайта құру жұмыстарын жасады. Жалпы 2019 жылдан бері 146 мың сынама алдық. Жолдың сапасы барлық талапқа сай, – дейді. 
Мамандар енді қыста жолды күтіп ұстауға қарқынды дайындалуда. ҚазАвтоЖол ҰҚ АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры Нұрхат Ақылтаев: 
– Біз Талдықорған-Қалбатау-Өскемен жолын салу барысында 3 ДЭУ құрылысын  салып жатырмыз. Айта кетейік, жолды күтіп ұстау жұмыстарына биыл 150 адам тартылмақ. Қар тазалау жұмыстарына 72 техника дайын. Жыл соңына дейін тағы 20 техника алынады, – дейді. 

БАРМАҚ  БАСТЫ, КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ  БОЛМАЙДЫ

Жасыратыны жоқ ел арасында «жолшылар асфальтты 1 см.-ден азайтып салып-ақ байитын шығар» дейтін жаңсақ пікір жиі айтылады. Бірақ, ол мүлде олай емес. Жол сапасын тексеру кезінде «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол берілмейді. Себебі, күре жолдағы құрылыс жұмыстарының сапасы цифрлық технология арқылы тексерістен өтеді. Жол сапасы кезең-кезеңімен 5 сынақтан өтеді. Ең бірінші мердігер мекеменің зертханасында тексеріледі. Соңғы шешімді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шығарады. Олар сынамаларды алып, арнайы QR-кодпен мөрленген қапқа салады. Сыбайлас жемқорлық болмас үшін сынама қай нысаннан келгені құпия күйінде қалады. Тексерістен өтіп болғаннан кейін ғана сынама қай жерден алынғаны шығады. Мамандардың айтуынша, сынама алатын қызметкерлердің өзі сынақтан өтеді.

– «Кернотборник» құрылғысы арқылы 7 000 квадрат метрге кемінде 3 сынама аламыз. Одан кейін әр сынаманың биіктігін есептеп, қапқа салып QR-код жабыстырамыз. Оның қай мекемеден келгенін ешкім білмейді. Сынаманың қорытындысы шыққан соң қай жерден келгені белгілі болады, – дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Жетісу облысы бойынша филиалының 1 санатты инженері Нұрлан Епишбаев. 

Сәтті сапар сапалы жолдан басталады. Тақтайдай тегіс жолдың салынғанына тұрғындар да дән риза. Өйткені сапалы жол экономиканың еселенуіне, тұрғындардың ахуалын арттыруға мүмкіндік береді.
 

Қатысты жаңалықтар

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

07.05.2026
«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.