Талдықорған: -1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі

09.02.2026
ӘЛЕУМЕТ
Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі
WhatsAppTelegramFacebook

Дуалды оқытуды – теория мен тәжірибенің қосындысы деп айтуға болады. Өйткені, мамандық тану, білу, үйрену тікелей қызмет орнында өтеді. Ал студенттің өзі жұмыстағы ұжымның бір бөлігіне айналады.

Дуальды оқыту жүйесі елдегі бірнеше колледж бен жоғары оқу орындарында енгізілген және мыңдаған кәсіпорынды қамтиды. Оқытудың осындай форматын таңдайтын жастар қатары жыл сайын өсіп келеді. Мұндай үшжақты ынтымақтастықтың артықшылықтарын кәсіпкерлік субъектілерінің өздері де көріп отыр. Тек Жетісу облысында ғана кадрларды тәжірибелік даярлауға 400-ге жуық бизнес нысаны тартылған. Дуальды оқыту бағдарламасы экономиканың 22 саласына қатысты және биыл ол аймақта 39 мамандық бойынша 16 колледжде енгізілген.

– Біз білім басқармасымен бірлесе отырып, 10 жылдан аса дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асырып келеміз. Оны бір реттік іс-шаралардан тұрақты әрі жүйелі серіктестікке айналдырдық. Бұл жұмысқа тек ірі компаниялар ғана емес, бүгінде жобаға 18 ірі бизнес кәсіпорындары, сондай-ақ 309 шағын кәсіпкерлік субъектілері де қатысатыны маңызды. Бұдан басқа, дуальды оқыту жүйесіне 46 мемлекеттік мекеме мен 5 қоғамдық ұйым қосылған, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев.

Дуальды оқыту бағдарламасына жаңа қатысушылар белсенді түрде қосылуды жалғастыруда. Олардың қатарында Сарқан көпсалалы колледжі мен Көксу политехникалық колледжі бар. Олар өңірдегі студенттерді тәжірибелік даярлау мүмкіндігін кеңейтеді. Жүйеде индустрия көшбасшылары да маңызды рөл атқарады. «Қайнар АКБ» ЖШС, «Темірбетон» ЖШС, «ТК-Метакон» ЖШС, басқа да кәсіпорындар өндірісте тек оқытумен ғана шектелмейді, олар студенттерге тамақ, арнайы киім және мамандықты тәжірибеде меңгеру үшін басқа да қажетті дүниелермен  қамтамасыз етіп, толық жағдай жасайды.

Дуалды оқытудың тиімділігінің көрнекі мысалы ретінде кадрларды даярлау нәтижелерін өз көзіңізбен көруге болатын «И. А, Хакимова» жеке кәсіпкерлігінің аспаздық өндірісін атап өткен жөн. Мұнда таңнан бастап жұмыс қызады. Сөйтіп, торт пен тәтті тоқаш, жаңа пісірілген тағамның небір түрі дайындалады. Өз ісін жақсы білетін кәсіпқойлар арасында тек тәжірибелі кондитерлер ғана емес, жақында ғана студент болған жас мамандар да бар.

Солардың бірі – Іңкәр Кармен. Ол дайын бұйымдарды жинауға және безендіруге жауап береді. Өткен жылы Іңкәр Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжін «Кондитер» мамандығы бойынша тәмамдаған, ал бүгінде ұжымда сенімді түрде іс атқарып келеді. Жұмысқа орналасуда қиындықтар туындаған жоқ. Ол бұл жерге дуальды оқыту аясында келген.

 – Мен мұнда III курста келдім. Алдымен тағылымдамадан өтіп, басынан бастап үйрендім. Содан кейін тәлімгермен бірге жұмыс істей бастадым. Сөйтіп, маман болдым. Маған көбіне жұмыс үдерісі, әсіресе оның соңғы нәтижесін көрген ұнайды, – дейді Іңкәр.

Кәсіпорын 8 жыл бойы Талдықорғандағы жоғары аграрлық-технологиялық колледжі мен сервис және технология колледжімен ынтымақтасып қызмет атқарып келеді. 15-20 жыл еңбек тәжірибесі бар кондитерлер студенттерге тәлімгер болады. Мұнда жас мамандар тек оқып қана қоймай, ресми түрде жұмысқа орналасады.

– Жыл сайын бізге дуальды оқыту бойынша бір-екі студент келеді. Колледжді бітіргеннен кейін көбі қайтып оралып, жұмыс істейді. Қазір цехта осындай 4 маман еңбек етеді және біз олардың атқарған істеріне өте ризамыз, – дейді «Хакимова И. А.» жеке кәсіпкерлігінің аспаздық басқарушы директоры Софья Джахвалиева.

Қорытындылай келе, облыстық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Любовь Буторина дуальды оқыту бүгінде экономиканың нақты секторы үшін кадрлар даярлаудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол дуалды оқыту бизнес қажеттіліктері мен білім беру жүйесі арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін, кәсіпорындар дәлелді және дайындалған мамандарға, ал студенттер нақты жұмыс тәжірибесі мен ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болатынын тілге тиек етті.

Ендігі міндет – бұл үдерісті одан әрі сүйемелдеу, қатысушылар шеңберін кеңейту және дуальды оқыту аймақ экономикасының барлық негізгі салалары үшін тұрақты нормаға айналатын жағдайлар жасау.

Айта кету керек, жұмысшы мамандықтарының жыл қорытындысы бойынша жұмысшы кадрларды даярлауға үлес қосатын үздік кәсіпорындар, оқу орындары мен тәлімгерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген «Кәсіби маман» байқауы аясында атап өтілді.

 

 

Айгүл Байбосынова

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.