Ақтүбек, Бескөл, Жайпақ , Қазақстан , Ырғайты ауылдық округтерінде су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына су үнемдеу технологиялары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы
Іс-шара барысында шаруаларға сумен рационалды пайдалану әдістері, заманауи суару тәсілдері мен техникалық құралдар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын егістік алқаптарында тиімді пайдалану мәселесіне назар аударылды.
Су ресурстарын тиімді пайдалану ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға және табиғатты қорғауға бағытталған маңызды шара болып табылады.





