Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда ауылшаруашылық өнімдеріннен жәрмеңке ұйымдастырылды.
Шаһардағы Желтоқсан көшесі,19А мекенжайындағы жаңадан ашылғанәлеметтік базардаөткен азық-түлік саудасынааймақтағы Ақсу, Көксу, Кербұлақ, Қаратал, Ескелді аудандарыныңжәне Текелі, Талдықорған қалаларының тауар өндірушілері мен«Жетісу» АК АӨК қатысып,өз өнімдерін саудаға шығарды.
Қалалық ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінше, бұл жәрмеңкеге аймақтағы аудан, қалалардан жалпы 30 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері жеткізілген. Онда ет, сүт, құрт, май, қымыз, шұбат, балық, бал жеміс-жидектермен басқа да өнімдердің 50-ден астам түрі бар.
Базар әкімшілігінің басшысы Сарқытбек Молдабаевтың сөзінше, жаңадан ашылған бұл базардың аумағы 1.6 гектарды құрайды. Мұнда сатушыларға арналған арнайы сөрелер орнатылып, басқа да қажетті мүмкіндіктердің барлығы қарастырылған. Жәрменкеде саудаланған азық-түлік күнделікті базар бағасынан 10-15 пайызға арзан. Бастысы өнім табиғи әрі таза болуымен құнды. Бұл, біріншіден, қала халқын сапалы азық-түліктермен қамтамасыз етуге, екіншіден, бағаның беталды шарықтап кетуінің алдын алуға қолайлы. Мұндай шараларалдағы уақытта да дәл осы базарда тұрақты түрде өткізілмек.
– «Ұйымдастырылған азық-түлік жәрмеңкесінің бүгінгідей қымбатшылық қысқан тұста халыққа пайдасы зор. Бұл жолғы әкелінген өнімдердің бағасы да қолжетімді болды. Алайда жай күндері мұндай делдалсыз жеткізілген азық-түлік екінің бірінің қолына тие бермейді. Сондықтан жергілікті билік басындағылар қымбатшылықты құрықтауды шынымен қолға алса, облыс орталығыннан мұндай жәрмеңкелерді көбірек ұйымдастырып, қала халқын арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұруы тиіс. Сонда ғана қымбатшылыққа біраз тосқауыл болар еді»,– дейді өңір тұрғындары.
Айдын КӘЛІМХАН