Талдықорған: +24°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Табыс төгілген термен бағалы

29.12.2017
ӘЛЕУМЕТ
Табыс төгілген термен бағалы
WhatsAppTelegramFacebook

Екі қолға бір күрек тауып, білек сыбана еңбек ету үшін де ниет пен ептілік керек-ақ. Қара базар жағалап, қабырғасын қайыстыра арба сүйреп немесе жол бойын күзетіп, арғы-бергі жолаушыны тасымалдап табыс тауып жүрген жүргізушілер дің жұмысын оңай деуге болмас. Ал аптап ыстық пен қақаған қысқа қарамастан құрылыс нысандарында еңбек етіп, тер төгетін құрылысшылардың жұмысы тіптен қиын екендігіне екінің бірі мән бермейді.

Қанағатшыл құрылысшы

Дерек көздеріне сүйенсек, жалдамалы жұмысқа бет алғандар саны артып келеді. Соңғы уақытта олардың қатары 12 пайызға немесе 76 мыңға жеткен. Нәтижесінде, елімізде экономикалық тұрғыдан алғанда өзін-өзі асырауға құлықты, белсенді жұмысшылардың саны артып, сапасы жақсара түскен. Қазіргі уақытта жалдамалы жұмысшылардың 86,4 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табыс тауып отырғандығы анықталған. Ал Қазақстанда 3,1 миллион нәзік жанның жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек ететіндігі мәлім болған. Еңбек нарығында олар сан алуан салада жұмыс істеп, отбасын асырауға күш салып келеді. Тек, жалдамалы жұмысшы болғандықтан төккен тер мен еткен еңбек азын-аулақ тиын-тебенмен есептеліп, лайықты бағалана бермейтіні қынжылтады.
Экономиканың негізгі тірегіне айналған отандық құрылыс индустриясын дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген құрылысшылардың дені ауыл жастары. Солардың қатарында біз білетін Сержан да бар. Алты баланың әкесінде тұрақты жұмыс болмағандықтан қолынан іс келетін құрылысшы жігіттердің басын қосып, бригада құрып, еліміздің әр түкпірінен табылған құрылыс алаңында еңбек етуге төселіп алғалы бірнеше жылдың жүзі болды. Соңғы алты айда ауылдан жырақта жұмыс жасап жатқандығын айтады.
– Құрылыстан өзгеге икем келе бермейді. Сауда жасап көрдік, мандытпадық. Ағаштан түйін түйетін және бүгінгі жаңа технологияны меңгерген жігіттер бірігіп, құрылыс нысандарында жалданып жұмыс істейміз. Оның да түрлі қиындығы толып жатыр. Жекеменшік нысандарды салуда келісімшарт жасалмайды. Салдарынан айлап төккен тердің ақысын ала алмай сенделетін кездеріміз болады. Десек те, биылғы жаз бойы жатпадық. Адал еңбектің арқасында бала-шағаны мектепке қамдап, басқа да отбасылық бюджетті толықтырудың орайы келді, – дейді ағынан жарылған Сержан. 
Жаңадан салып немесе жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген үйлерге кірген адамдардың алғысы шексіз. Құрылыстың сапалылығы мен мерзімінде аяқтап беруді басты жауапкершілікке алатын азаматтардың ерен еңбегінің ақталғаны да осы нысан иелерінің шаттанған жүзін көріп, ақ батасын алуында.
– «Батамен ел көгереді», – деп бекер айтпаған. Жасаған еңбектің ақысынан бөлек, адамдардың «айналайынын» естіп, ақ батасын алсақ жүз жасағандай болып, жүрегімізді қуаныш кернеп жүреді. Жасаған жұмысымыздың жарқырап тұрғанын тілейміз. Мақтан етеміз, шабыттанып кетеміз, – деген құрылысшының даладай дарқан көңілі мен қанағатшыл пейілінен жылылық еседі.

Жалдамалы оқыту

Бүгінгі жалданып жұмыс істеп, табыс табатындар қатарында мұғалімдер де бар десек еш қателеспейміз. Оған білім ошақтарындағы ақылы оқыту мен түрлі үйірмелердің жұмысы куә. Бұл іспен үйде отырған ата-аналар да айналысып, нанын ажыратуда. Бәрінің мақсаты біреу – баланы оқыту. Міне, мектепте ұзақ жыл ұстаздық еткен Жамал апай да зейнетақыға телмірмей, көрші-қолаңның баласын оқытуды қолға алған. Себебі, ертемен жұмысқа кетіп, кеш келетін ата-ананың баласын оқытуға мүлдем мұршасы болмайды. Бүгінгі білім берудегі қиындықтарды айта-айта аузы талған ата-ананың баласын жалдамалы түрде оқытуға көшкендері жетерлік. Үйді-үйдің арасымен жүгіріп барып, сабаққа дайындалып келетін балалар үшін мұның тиімділігі артуда.
 – Жұмысбастылық бала мен ата-ананың арасын алшақтатып барады. Бұл – осы күннің өткір мәселесі. Оған жұмысқа жетудегі жолдың қиындығын қосыңыз. Таңнан кетіп, түн ортасында әрең жететін әке-шешесі баласын оқытпақ түгілі ертелі-кеш түрін көруге зар болады. Содан көршілерге табыстап кетпегенде қайтеді? Екеуі бастауышта, бірі жоғары сыныпта оқитын үш балам бар, белгіленген уақытта келеді. Үй тапсырмаларын орындатамын, – деген Жамал апай үйден ұзамай-ақ қосымша табыс табуда. Кісі баласын өз немерелерінен артық қойып, оқытып-тоқытуға барын салып отыр. Өйткені, ақылы істің жауапкершілігі зор. Жас босанып, баламен үйде отырған Сәния да үлгерімі баяу Бекжанды оқытып, нан мен сүтін ажыратуда. 
Уақыт талабынан туындаған еңбектің бұл түріне сұраныс артпаса кемімек емес.

Наны тәтті

Мектептен соң мамандыққа оқудың сәті түспей уақыт оздырған  Арайлым жерде қалған жоқ. Көңіл білдірген жігітке тұрмысқа шығып, моншақтай қыз бен асықтай ұлды өмірге әкелді. Бірін-бірі біліп болмайтын қалада пәтер жалдап, біраз жылдан соң өз үйін де тұрғызып алды. Күйеуінің де тұрақты жұмысы жоқ. Бірақ еңбекқорлықтарының арқасында көштен қалмай келеді. Біз білетін жиырма жылға жуық уақыт аралығында шағын бизнес иелері мен қалталыларға жалданып жұмыс істеп, нәпақасын тауып отыр. Рас, кейде  жұмысқа уақытымен барып-келетін, сенбі, жексенбі демалатындарға қарап қызығатыны бар. 
Дей тұрғанмен, өмір сүру үлкен күрес екенін ұмытпайды. Соңғы үш жылда бизнес орталықта еден жуушы боп еңбек етіп, ел қатарына қосылғанын зор жетістік санайды. Сөйтсе де, мардымсыз жалақының жетіспеушілігінен екі-үш жерде еңбек етуге бейімделді. Тапқанын таяныш етті. Таңның атысы, кештің батысына қарамай 8 сағат емес, тәулік бойы жұмыс істеуге даяр Арайлым жалдап жұмыс істететіндердің кейбірі мейірімсіз болатындығына қынжылады. Ағайын-туыстан төрі босамайтын Арайлымға ет жақынның бәрі әуес. Дастарқаны жиылмайды. Тірнектеп тапқанын қонағының алдына қойып отыратын ол «үйін өзі емес өзгеге жидыратын» ауқатты адамдардың пейілінің тарлығына күйінеді.
– Кешегі күні: «Екі бөлмемді 4 мыңға жуып берсін» деген әйелдің үйіне бардым. Екеу емес, үш бөлме боп шықты. Таңғы шаймен барып кеш батырып қайттым. Бүкіл дүниесін тазартып бердім. Ол аз болғандай тоңазытқышын да жуғызды. Іші неше түрлі тағамға толып тұр. Бірақ түскі ас түгілі бір жұтым су бермеді. Шөл қысып, үйге зорығып жеттім, – деген Арайлымды аяп кеттім. Атам қазақ: «Кең болсаң кем болмайсың», – деп жатушы еді. Қуыс үйден құры шығармайтын ата дәстүріміз қайда қалып барады? Сананы тұрмыс билеп, дүние қуғаннан ұтылмасақ ұтып жатқанымыз шамалы-ау дейсің осындайда. Хош, бұл басқа тақырып. 
Жанын шүберекке түйіп, зыр қағып жұмыс істеп жүрген Арайлым мұндай қиындықтың талайын өткеріп келеді. Жалданып жұмыс істейтіндіктен түрлі мінезді адамдармен де ұшырасқан. Әйтсе де, оған бола жасып, жабырқауға мұршасы жоқ. Адамнан кеткен кемшілікті елеместен адал еңбекпен нанын тауып, шаңырағының шырайын кіргізуде. Содан да шығар, қарапайым ғана еңбек адамының наны тәтті, дастарқаны үнемі берекелі болып тұрады. Табиғатынан тыным тауып отыруы аз Арайлым мен Амандықтың ынтымақ-бірлігінің арқасында зәулім үйдің іргесі қаланып, кіруге де таяпты.

P.S: Бұдан түйер ойымыз, қандай жұмыс жасасақ та тапқан табыстың берекесі болуын тілеу керек. Анам марқұм: «Мал таппайтын еркек жоқ – құрары білер,  бала таппайтын әйел жоқ – тұрары білер», – деп  айтушы еді. Расында да, азды-көпті тапқан табысты құрап, игілікке жарата білу де үлкен өнер екендігін ұмытпаған жөн.

Ұлболсын Исабек.

Қатысты жаңалықтар

Жасөспірім қыздар Алматыда тұрғындарға тас лақтырғаны үшін ұсталды

Жасөспірім қыздар Алматыда тұрғындарға тас лақтырғаны үшін ұсталды

03.04.2026
СДВГ мен өзіне сенімсіздік жастарды ішімдікке итермелейді — аддиктолог

СДВГ мен өзіне сенімсіздік жастарды ішімдікке итермелейді — аддиктолог

03.04.2026
Ағаш кесу үшінде арнайы рұқсат керек

Ағаш кесу үшінде арнайы рұқсат керек

03.04.2026
Соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді

Соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді

03.04.2026
Елімізде мыңдаған дәрінің бағасы төмендеді

Елімізде мыңдаған дәрінің бағасы төмендеді

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.