Талдықорған: +15°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Тағдырластар талпынысы жоғары

21.11.2016
ӘЛЕУМЕТ
Тағдырластар талпынысы жоғары
WhatsAppTelegramFacebook

Олар тағдыр тауқыметіне мойынсұнбай-ақ асқан еңбекқорлығымен нәпақасын айырып жүр. Алақан жайып ешкімнен қайыр да сұраған емес. Мүмкіндігіміз шектеулі деп төрт қабырғаға телміріп отыра беру де мұндағылардың ойында жоқ.

Біз «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу оқу-өндірістік кәсіпорнындағы кембағал жандар жайын қозғап отырмыз. Мұнда 55 қызметші бар, оның 45-і мүгедек. Яғни жұмысшылардың 80 пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды. 
І топтағы мүгедек Тілеужан Тұңғышбаевтың соқырлар қоғамында қызмет етіп жүргеніне 27 жыл болған. Талдықорғандағы Жетісу оқу-өндірістік кәсіпорнының ашылғанына биыл 9 жыл, содан бері Тілеужан еңбек өтілін осы мекемеде жалғастырып келеді. Бүгінде ол үш қыздың әкесі. Отбасын адал еңбекпен тапқан қаражатына бағып отыр. 
– Әйелім ІІ топтағы мүгедек. Қазір бала күту демалысында. Қызымыздың үлкені екінші сыныпта оқиды, қалған екеуі әлі кішкентай. Аллаға шүкір, балаларымның барлығының дені сау. Тек біреуінің ғана көзінде сәл кемістігі бар. Көпбалалы отбасы болуға қарсы емеспіз. Әйел, бала-шағамды «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу оқу-өндірістік кәсіпорнынан алған жалақымен асырап отырмын. Бұған қоса мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы да бар. Қанағат етеміз, үнемдеп керек-жараққа жеткізіп отырмыз. Жұмыс орны мүлдем болмағанда қайтер едік, – дейді басында ойын жеткізуге қымсынып, артынан ашыла түскен Тілеужан. 
Қарап тұрып іштей мұндағылардың еңбекқорлығына таңырқап, бас иесің. Рас, өмірде берілген әрбір минутты пайдалы іске жұмсаған абзал. Қай кезде де мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан алшақтатпауымыз керек.   
Мекеменің екінші қапталында тігін цехы орналасқан. Тігін ісі мен жиһаз өндіру жұмыстары бір жылда қолға алынып, содан бері мемлекеттік тапсырысты үзбей орындап келеді. Тендерді ұтса болды жұмыс қыза түседі, атқарылған істің көлеміне қарай жалақының да артатындығын айтады цех шеберлері. Зағиптарға жеңіл болу үшін тігін цехында тек көрпе-жастық тыстары мен матрас секілді сұраныстар тігіледі. Әйелдерден құралған тігіншілер тобы да өздеріне жүктелген жұмысты уақытында орындап, тапсырыс берушілердің көңілінен шығу үшін барын салады.     
– «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларын орындаумен ғана шектелмей, жеке адамдардың да тапсырысын қабылдай береміз, – деп сөз бастаған жиһаз цехының шебері, І топтағы мүгедек Жанатбек Бекбаев ұжымдағы ұйымдастыру жұмысына қатысты біраз мәліметтің түйінін тарқатты.  
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №64 Қаулысы бойынша қызмет етудеміз. Осы қаулының қабылданғанына шүкір. Себебі, бүгінгі таңда он екі мүшесі сау адамның да екі қолына бір күрек табылмай отырғанда, мүгедектердің жұмыспен қамтылуы бізді қуантады әрі алға талпындыра түседі. Өйткені мұндағылардың көбі отбасылы адамдар. Осы жұмыстың арқасында бала-шағасын асырап отыр, – дейді Жанатбек. 
Жұмысқа бірінші орналасуға келген кембағал жан алдымен заңды түрде 15 күн немесе 1 ай арнайы оқыту курсынан өтеді. Оларға бірден ауыр жұмыс жүктелмейді. Қызмет сұрап келген мүгедектердің бетін басшылық та кері қайтармайды. Мұндағы орташа жалақы көлемі 48 мың 200 теңге. Негізгі жұмыс түрлері тігін ісі мен жиһаз өндіру. Олардың жұмыс уақыты жалпыға бекітілгеннен бір сағатқа кем. Қосымша демалыстар да беріледі. Басшылық тарапынан мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызу үшін барлық мүмкіндік қолға алынуда. Соңғы жылы цехтарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, талайдан бері болмаған жылу да тартылған. 
Қызметкерлердің бастамасымен мекемеде түрлі шаралар өткізіліп, байқау да жарияланып тұрады. Мұнда зағиптарға арналған арнайы кітапхана да бар.      
– Кейбіреулер «сендер мүгедек бола тұра осындай жұмысты қалай атқарасыздар?», – деп таңғалады. Бірақ ауырдым деп үйде отырғаннан гөрі, іске жарамды екеніңді сезініп, аянбай еңбек еткенге не жетсін?! Өзімізді өзгемен тең санататын осы секілді мүмкіндікті неге пайдаланбасқа? – дейді қызу жұмыс үстіндегі бір топ жігіт.  

Р.S: Елбасы өз Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс» деп міндеттеген болатын. Алайда біз мемлекет саясатын жүзеге асыру мақсатында ғана осындай іс-шараны қолға алмауымыз керек. Жыл он екі ай бойы кембағал жандарға қамқорлық танытып, мүмкіндігімізше қол ұшын созудың да маңызы зор екендігін ескере жүрсек…

1745 жылдың 13 қарашасы күні Францияда Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог – Валентин Гаюи дүниеге келген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы дата Халықаралық зағиптар күні ретінде бекітілді.  
ХVІІІ ғасырға дейін әлем халқы зағиптарға арналған мекемелерді білмеген. Ал  Валентин Гаюи алғаш рет өзі ойлап тапқан шрифт бойынша көз жанарынан айырылғандарды оқытудың әдісін ұсынды. 1784 жылы Парижде үкімет пен қайырымдылық қоғамдардың еш қолдауынсыз ол жеке қаражатына өзінің үйінде зағип балаларға арналған әлемдегі алғашқы мектепті ашты. В.Гаюидің тұңғыш оқушысы жетім бала Франсуа де Лезюер болды. Одан кейін мектепке онымен тағдырлас тағы 11 бала қабылданды.

Облыстық жұмыспен қамтуды 
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  мәліметінше, қазіргі таңда өңірде жалпы мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 61 мың 30 адамды құрайды. Оның 32 мың 720-сы І және ІІ топтағы кембағал жан болса, 21 мың 140-ы ІІІ топтағы мүгедек. Олардың 43 мыңнан астамы жұмысқа жарамды. Ал 7 мың 89-ы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

Меруерт Молдағалиева

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.