Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНА БИЫЛ ҚАНША ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ?

25.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНА БИЫЛ ҚАНША ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ?

Биылғы жылы Талдықорған қаласы жолдарының құрылысына, күрделі жөндеуге және күтіп ұстауға 7,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты.


Өңір басшысы өз сөзінде жолға қатысты ірі жобаларға тоқталды. Мәселен, солтүстік-батыс тұрғын ауданында, 8, 9 және «Жастар-1» шағын аудандарында 107 көшеге жол салу жоспарланып, өткен жылдары 10 көше жасалса, биыл 30 көшеге жаңадан асфальт төселген, қалған 67 көше 2025 — 2026 жылдары толық аяқталады.

— Сондай-ақ «Шығыс», Оңтүстік-Шығыс, «Көктал» шағын аудандары және 3-бөлімше тұрғын аудандарындағы 89 көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде, оның 14 көшесі биыл жасалды. Жұмыстар 2026 жылдың соңында толығымен аяқталады. Сонымен қатар биыл Өтенай ауылдық округіндегі 7 көше күрделі жөндеуден өтті. Қаланың өзінде 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы 17,5 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу және 350 люкті көтеру жұмыстары жасалып, қауіпті учаскелерге 3 бағдаршам орнатылды, — деп атап өтті Бейбіт Исабаев.

Облыс басшысының айтуынша, келесі жылы «Жастар-2» шағын ауданында жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталады, жалпы құны — 3,5 млрд. теңге, оған жергілікті бюджеттен әзірге 500 млн. теңге бөлінді. Сол сияқты Жылу желілерін ауыстырғаннан кейін асфальт жабынын қалпына келтіру маңызды мәселе болып қала береді.

Осыған байланысты, қала әкіміне асфальт төсемді қалпына келтіру және люктерді сапалы орнату жұмыстарын ерекше бақылауға алуды тапсырамын.

«Жылу желілерін ауыстырғаннан кейін асфальт жабынын қалпына келтіру — маңызды мәселе. Осыған байланысты қала әкіміне асфальт төсемін қалпына келтіру және люктерді сапалы орнату жұмыстарын ерекше бақылауға алуды тапсырамын», — деді облыс басшысы.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Олжас Құрмашев

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.