Талдықорған: +25°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Тотыдайын түрленген Талдықорған

26.09.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Тотыдайын түрленген Талдықорған
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған тарихы терең, тамыры берік шаһар. Бүгінде қала келбеті уақыт талабына сай жаңарып келеді. Қала көшелерінің жөнделуі, жылу желілерінің жаңғыртылуы, жаңа шағынаудандарға жол салынуы, әлеуметтік нысандардың айналасын абаттандыру осы өзгерістің нақты көрінісі.

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Талдықорғанды аралау кезінде қала инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы бірқатар жобамен танысты. Жол құрылысы мен жөндеуінен бастап, жылу желілеріне, білім беру нысандарына және тұрғын үйлердің қасбеттеріне дейінгі жұмыстардың барысы сараланды. Сонымен бірге нысандардағы кемшіліктер де назардан тыс қалмай, сапа мен мерзімге қатысты нақты талаптар қойылды.

Аймақ басшысының жұмысы Талдықорған – Текелі бағытындағы Абылай хан көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын көруден басталды. Ұзындығы бес шақырым болатын жол биыл жаңартылуда. Мердігер ұйым «Гордорстрой» ЖШС.

Мердігер компанияның бас инженері Юрий Юдиннің айтуынша, жолдың ескі жабындысы алынып, жаңа асфальт қабаты төселуде. Жұмыс сапасы зертханалық бақылаудан өткізіліп, техникалық қадағалау жүргізіліп отыр. Компанияның өз асфальт-бетон және қиыршық тас өндіретін базасы болғандықтан, қажетті материалмен қамтамасыз етуде мәселе жоқ.

Бұл қаладағы негізгі көшелерді кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарының бір бөлігі. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев орталық көшелердің жөнделуі ұзақ уақыттан бері қордаланған мәселені шешуге мүмкіндік беретінін айтты.

– Биыл Талдықорған қаласының барлық орталық көшелерінде орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Абай мен Абылай хан көшелеріндегі жұмыстар да аяқталуға жақын. Қазір 400-500 метрдей ғана жер қалды. Бұйырса, келесі аптада толық аяқталады. Одан кейін Абай мен Жансүгіров көшесінде шамамен 3,5 шақырым жолды жөндеу керек. Осылайша биыл жоспарланған 13 көшенің барлығын жөндеуден өткіземіз. Соңғы он бес-жиырма жылда жасалмаған қаладағы орташа жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз, – деді аймақ басшысы.

Алдағы жоспарларға да тоқталған Бейбіт Исабаев Ескелді бұрылысы бағытынан Текеліге қарай жолды жалғастыру, Талдықорғанға кіреберістегі айналма жолды аяқтау, сондай-ақ бірқатар негізгі көшелерді жөндеу көзделіп отырғанын айтты.

– Талдықорғанның орталығындағы негізгі магистраль көшелердің барлығын ретке келтіруді көздеп отырмыз. Көлденең орналасқан сегіз-тоғыз көше де кезең-кезеңімен жөнделеді. Негізгілері аяқталғаннан кейін мүмкіндікке қарай қаланың шетіндегі шағын көшелерге кезек келеді, – деді облыс әкімі.

Қаланың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі – Талдықорғанның айналма жолы. Мұндағы орташа жөндеу жұмыстарының барысын «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының директоры Жасұлан Қалтаев баяндады.

Оның айтуынша, бірінші санатты, төрт жолақты жолдың 29 шақырымын қамтитын жұмыстардың 85 пайызы орындалған.

Жоба аясында асфальт жамылғысын жаңарту, 500 жарық бағанын орнату, жол таңбаларын түсіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазір шамамен алты шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары қалған.

– Биыл негізгі жұмыстарды бітірсек, келесі жылы абаттандыру ары қарай жалғасады. Салқын түскенше абаттандыру, қар түскен соң күтіп ұстау жұмыстары, одан кейін құрылыс маусымы басталған сәттен бастап бірден жұмысқа кірісеміз, – деді Жасұлан Қалтаев.

Жұмыс барысында жолдың шамамен үш шақырым бөлігінде кемшілік анықталған. Бұл бойынша тиісті акт жасалып, ақауларды жою жұмыстары белгіленген. Облыс әкімі осы мәселеге арнайы тоқталып, анықталған кемшіліктерді толық жоюды және жұмысты сапалы аяқтауды тапсырды. Яғни мұнда басты өлшем нысанды белгіленген мерзімде аяқтау ғана емес, оның сапасын қамтамасыз ету.

Қаланың оңтүстік-батысындағы 11 және 12-шағынаудандарында жаңа жол салу жұмыстары қолға алынған. Бірінші кезеңде 3 шақырым жол салу жоспарланып, оның 450 метрі биыл орындалады. Жобаны «Алматы Дор Строй» ЖШС жүзеге асыруда.

Шаһардың аумағы кеңейіп, жаңа тұрғын үйлер бой көтерген сайын көлік инфрақұрылымына деген қажеттілік те артады. Сондықтан жаңа жолдар салу шағынаудандардың қала жүйесімен байланысын қамтамасыз етеді.

Жұмыс сапары «Білім-Инновация» мамандандырылған мектеп-лицейінің жаңа ғимараты маңындағы абаттандыру жұмыстарын көрумен жалғасты. 300 орынға арналған жаңа ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұған дейінгі ғимараттың тозуы және оқушыларға қосымша орын қажеттілігі жаңа нысан салуды талап еткен.

– Жұмыс аяқталуға жақын. Ескі қазандық пен гараждар алынды. Енді абаттандыру жұмыстарын аяқтау ғана қалды. Жобаға абаттандыру жұмыстары толық енгізілмеген болса да балалардың білім алуына барлық жағдайды жасап отырмыз. Бұйырса, екі аптаның ішінде жұмыстар толық аяқталып, нысан қолданысқа беріледі, – деді Бейбіт Исабаев.

Жаңа ғимараттың ішкі кеңістігі де заманауи талаптарға сай жабдықталған. Әсіресе жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуға қажетті құрал-жабдықтарға басымдық берілген.

Қала инфрақұрылымындағы ең маңызды бағыттардың бірі – жылу желілерін жаңғырту. Бұл жұмыс тұрғындардың күнделікті тұрмысында бірден байқалмағанымен, оның сапасы қыс мезгілінде айқын сезіледі.

Облыс әкімі алдымен Біржан сал көшесі бойындағы диаметрі 400, 350 және 250 миллиметрлік жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Ұзындығы бір шақырым болатын желінің 970 метрі жаңартылған. Қалған 30 метр учаскені аяқтау жоспарланған. Нысанда 48 адам мен 18 техника жұмыс істеуде. Желіні жаңартқаннан кейін қазылған аумақтарды қайта көму, асфальт төсеу және абаттандыру жүргізіледі. Облыс басшысы бұл жұмыстардың да белгіленген мерзімде аяқталуына назар аударды.

Бұдан кейін магистральді жол желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар қаралды. Диаметрі 700 миллиметр, ұзындығы 3,5 шақырым болатын желі қаланың жылу жүйесіндегі негізгі нысандардың бірі. Мұнда жылу желілері жаңартылып, 18 жылу камерасы орнатылған. Қазір жолды қалпына келтіру және асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда.

Облыс әкімі жылу беру маусымы басталғанға дейін жұмыстардың толық аяқталу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте құбырды жаңартумен ғана шектелмей, қазылған жолды қайта қалпына келтіру де маңызды.

Талдықорғанның жаңарған келбеті тұрғын үйлердің қасбеттерінен де байқалады. Біржан сал көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің қасбеттері жаңартылып, шатырлары жөнделіп, аулалары абаттандырылған. Көшелерге жаңа асфальт төселген. Облыс әкімі осы үйлердің маңында тұрғындармен кездесіп, пікірін тыңдады. Солардың бірі – Виктория Мурадова.

– Биыл көшеміздің жолы жаңарып, ескі үйлердің сыртқы қасбеті жақсарып, жаңаша сипатқа айналғанына қуанып жатырмыз. Аулаларымыз да абаттандырылды. Осы бір тұста айтар тілегіміз, жастар ескі үйлердегідей сурет салып, жазу жазып, үйлердің, аулалардың, жалпы маңайдың келбетін бүлдірмесе екен, – деді ол.

Бұл жай ғана сөз емес, маңызды мәселе. Қаланы көркейтуге жұмсалған еңбек пен қаржының нәтижесі оны пайдаланатын адамдардың мәдениетіне де байланысты. Облыс әкімі осы ойды жалғап, соңғы жылдары қалада құрылыс пен абаттандыру жұмыстарының ауқымы артқанын айтты.

– Соңғы жылдары қаланың мүмкіндігі артып, нәтижесінде құрылыс пен абаттандыру жұмыстары кеңейді. Біржан сал көшесіндегі үйлердің қасбеті жаңартылып, шатырлары жөнделді, аулалары абаттандырылды, көшелерге жаңа асфальт төселді. Мұның бәрі тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы салған дүниені күтіп ұстауды үйренуіміз керек. Аулада да, алдама да, ортақ мүлік те, барлығы тұрғындардың игілігі, – деген Бейбіт Исабаев бұл жауапкершілікті бала тәрбиесімен де байланыстырды.

– Ортақ мүлікке деген көзқарас қоғамның мәдениетін көрсететін өлшемнің бірі. Оны бүлдірмей, қоршаған ортаны таза ұстап, жанашырлықпен қарауды балалар мен жастардың бойына сіңіру қажет. Бұл міндетті тек белгілі бір ұйымға немесе ата-анаға ысырып қоюға болмайды. Тұрғын үй иелері бірлестігі, ата-аналар комитеті, аула тұрғындары және жалпы ересек қауым осы тәрбиенің жауапты тараптары, – деді облыс әкімі.

Талдықорғандағы жұмыстардың ауқымы кең. Бір жерде жол жөнделсе, енді бір жерде жылу желісі жаңартылуда. Жаңа шағынаудандарға жол тартылып, мектеп маңы абаттандырылып жатыр. Көпқабатты үйлердің қасбеттері жаңарып, аулалар көркейіп келеді. Алайда кез келген жаңарудың бағасы оның көлемімен ғана өлшенбейді. Айналма жолдағы анықталған кемшіліктерді жою, жылу желілерінен кейін жолды қалпына келтіру, мектеп аумағындағы абаттандыруды аяқтау жөніндегі талаптар жұмыстың сапасына деген жауапкершіліктің маңызды екенін көрсетті. Өйткені жолды салу бір міндет болса, оны сапалы салу одан да маңызды. Жылу желісін ауыстыру істің бір бөлігі болса, бұдан кейінгі аумақты қалпына келтіру жұмыстың толық біткенін білдіреді. Ал жаңарған ауланы таза ұстау тұрғындардың жауапкершілігі.

Талдықорғанның бүгінгі жаңаруы тарихи қаланың ертеңіне бағытталған. Жолдары жөнделген, жылу жүйесі жаңғырған, ауласы абаттанған қала – тұрғынға жайлы бола түседі. Ал сол жаңарған қаланың қадірін білу бәрімізге ортақ міндет.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Тотыдайын түрленген Талдықорған

Тотыдайын түрленген Талдықорған

26.09.2026
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеуде

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеуде

25.09.2026
Жоғалған екі әскери қызметшінің мәйіті табылды

Жоғалған екі әскери қызметшінің мәйіті табылды

25.09.2026
Каспий теңізіндегі төтенше жағдай: 12 әскери қаза тауып, іздеу-құтқару операциясы жалғасуда

Каспий теңізіндегі төтенше жағдай: 12 әскери қаза тауып, іздеу-құтқару операциясы жалғасуда

25.09.2026
Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

24.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.