Талдықорған: +38°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТӨРТ АУЫЛ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

02.08.2024
ӘЛЕУМЕТ
ТӨРТ АУЫЛ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Қаратал ауданына қарасты Жаңаталап, Бастөбе, Қанабек, Достық ауылдарының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді. Жергілікті халық осындай тарихи сәттің куәсі болды. Төрт ауылға жалпы ұзындығы 96 шақырым құбыр тартылып, 6400 тұрғын газға қосылуға мүмкіндік алды.


Шара барысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев алдымен ат басын Жаңаталап ауылына бұрып, газға қосылған ауыл тұрғындарына жылы лебіз білдірді. 

– Биыл жоспар бойынша 30 жоба жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқтаймыз. Сонымен қатар, Талдықорған-  Үшарал бағыты бойынша газ магистралы тартылады. Оны 2028 жылға дейін аяқтауымыз керек. Жұмыстар күзде басталады. Ол жерде  Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарына қарасты 66 елді мекен газдандырылады. 2026 жылға дейін Қаратал ауданының тұрғындары толықтай көгілдір отынды пайдаланады, – деп газ тарту бойынша облыстағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, салтанатты шараға жиналған көпшілікке ақжарма тілегін жеткізді.

Шара барысында ақжаулықты әжелер ауылға келген газды жағып, шашу шашса, ақсақалдар батасын беріп, жылы тілегін ақтарды. Газды үйіне алғашқылардың бірі болып Зина апамыз қосыпты. 

– Осы жылға дейін біз көмір жағып, ағаш кесетінбіз. Ертеңгісін от жақсақ, түске таман үй суып қалады. Мен сол кезде тоқ пеш қосамын. Өйткені тізем ауырады. Көгілдір отын қосып көзіміз ашылды. Бір температураны ұстап тұрады, – деген ол облыс, аудан басшылығына алғыс жаудырды.

Бастөбе ауылындағы Майра Еришева да алғашқылардың бірі болып көгілдір газға қосылыпты. 

– Көгілдір отынға ең бірінші болып біз қосылдық. Қыстың көзі қырауда отын тасып, пеш жағу қиын. Сондықтан халық игілігі үшін газ қосқан жандарға ризашылығымызды білдіреміз, – деді ол.

Достық ауылының тұрғындары да тарихи сәттің куәсі болғанына қуанып, пікірлерін білдірді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін облыста 33 елді мекен газдандырылып, 327 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізген болатын. Ал биылғы жылдың соңына дейін Көксу, Қаратал, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласында тағы 30 елді мекен газға қосылады, 433 км. газ тарату желілері салынады деп жоспарланған.

Айдар ҚАЛИЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

18.06.2025
Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

18.06.2025
Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

18.06.2025
Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

18.06.2025
Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

18.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.