Талдықорған: +11°C
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ТҮСІНДІРУ КЕРЕК»: ОБЛЫС ӘКІМІ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА АШУ МІНДЕТІН ҚОЙДЫ

22.11.2019
ӘЛЕУМЕТ
"ТҮСІНДІРУ КЕРЕК": ОБЛЫС ӘКІМІ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА АШУ МІНДЕТІН ҚОЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында халық пен билік арасындағы келісімді нығайтудың жолы ретінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асыруды тапсырған болатын. Соған орай еліміздегі барлық облыс, аудан әкімдері, құзырлы органдардың басшылары Бірыңғай (Ұлттық) қабылдау өткізіп, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ та таңнан кешке дейін 80-ге жуық азаматты қабылдап, бар мәселенің заң жолымен шешім табуына ықпал ететіндігін мәлімдеді.

Қабылдауға жазылғандардың қатарында жеке басының мәселелерімен келушілер өте көп. Әрине, «үйі жоқтың күйі жоқ» деген қазақы тәмсілге сай баспанасының жоқтығын, үй мен жер телімін алуға тұрған кезегінің жылжымайтынын айтушылардың ішінде елді мекендерді абаттандыру, денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу сияқты аса маңызды тақырыпты көтерушілер де болды. Сонымен қатар, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті алудың шарттарын түсіндіруді сұрағандар да табылып жатты. Одан бөлек, жұмыстың жоқтығын айтып, отбасы, бала-шағасын баға алмай қиналғаннан келгендер де кездесті.

Тұрғындардың айтқан өтініш-тілегін, көтерген мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімі әр салаға жауапты орынбасарлары мен аудан, қала әкімдеріне, құзырлы органдардың басшыларына тапсырма беріп отырды. Мал ұрлығы, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық сынды қылмыстардан зардап шеккенін айтып, шағымданушыларға қолдау көрсетіп, қажетті көмек беруді облыстық полиция департаменті мен облыстық прокуратура өкілдеріне тапсырған Амандық Ғаббасұлы мұң-мұқтажын айтқандардың мәселесі аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

Өңір басшысы денсаулығына байланысты көмек сұраған талдықорғандық Айжан Шақарбаеваның да өтінішін қанағаттандырды. Оның Оңтүстік Кореядан ем алуына жол ашып, арнайы тапсырма берді. Сондай-ақ, Көксу ауданында тұратын Ұлбике Қонарбаеваның Семей полигонының зардабына байланысты Алакөлдегі санаторийге жолдама бергізуді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақовқа тапсырды. Бұдан бөлек, әкім облыс орталығының тұрғыны Диана Айдарханованың зағип және көзі нашар көретін балаларға қажетті оңалту орталығын ашуға деген құлшынысына барынша қолдау көрсету керектігін ескертті.

Қабылдауға келушілердің ішінде баспана мәселесін көтергендер негізінен мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттары мен ережелерін білмейтінін жеткізді. Олар өздерінің қай топқа кіретінінін де білмейтін болып шықты. Осыған орай көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін анықтап, қажетті мәлімет беретін орталықты облыстық әкімдіктің жанынан ашу керектігін айтқан Амандық Ғаббасұлы орынбасары Батыржан Байжұмановқа ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік бағдарламаны жан-жақты таныстыру қажеттігін тапсырды.

– Мемлекеттік органдар ең алдымен халыққа, оның ішінде мұқтаж отбасылардың заңдық, психологиялық тұрғыдан қолдау алуына, әлеуметтік мәселелердің шешімін оңай табуына көмектесуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттен берілетін жәрдемақының барлық түріне қатысты сауалдардың жауабын бір орыннан беруі керек, – деген облыс әкімі қабылдауға келгендер көтерген мәселе қараусыз қалмауы тиіс екендігін ескертті. – Айтылған мәселелердің ішіндегі өңірді газдандыруға, ауызсу мен жол сапасына, көмір бағасының қымбаттығына қатысты сауалдар аса өзекті. Өйткені, бұл тақырыптардың бәріне мемлекеттен қолдау көрсетіліп, көмек берілуде. Сарқан ауданындағы көмірдің бағасы 22 мың теңгеден сатылуын тоқтатып, бағаны тұрақтандыруға ықпал ету керек. Ал мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша телеарнада арнайы хабар ашып, кешкі уақытта мамандардың қатысуымен түсіндіру керек. Әйтпесе, бұл бағдарламаның тиімділігін естіген жұрт шарттарын мүлде білмейді деуге болады.

Осылайша көкейкесті мәселелерін сөз қылғандардың ішінде үйін әлдекімдердің тонап, артынан қасақана өртеп жібергенін, алайда қылмыскерлердің табылмағанын айтқан Алакөл ауданы, Лепсі ауылының тұрғыны Мырзалы Рақышевке аудан басшылығы арқылы жергілікті демеушілердің көмегімен баспана сатып алып беруді, «Қызыл Ай» халықаралық қорына қолдау көрсетуді, Қаратал ауданындағы саяжай шаруашылығының КСРО кезеңінен қалған құжаттарын ауыстыруға көмектесуді тапсырған Амандық Баталов көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын мереке кезінде назардан тыс қалдырмау қажеттігін айтты. Оларға жаңажылдық сыйлықтар мен азық-түлік әперуді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарына тапсырды.

Жеке басындағы түрлі жағдайды әңгімелеген тұрғындардың бәріне жауап беріп, облыстық әкімдік тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізген облыс әкімі Бірыңғай қабылдауға тіркелгендердің мәселесі назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Қабылдауға келгендер айтқан сөзінің дұрыс шешіліп, қойған сұрағының жауапсыз қалмағанына қуанып тарқасып жатты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты: келісімге жақын қалды

13.04.2026
Президент бірқатар Елшіні тағайындады

Президент бірқатар Елшіні тағайындады

13.04.2026
Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

Перизат Қайрат ісі: Mercedes-Benz S 450 полиция иелігіне өтті

13.04.2026
Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

Томотерапия тарифтері неге өзгереді?

13.04.2026
«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

«Өзім жеке бақылаймын»: Бектенов теміржол мен авиациядағы олқылықтарды қатаң сынға алды

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.