Талдықорған: +27°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ТУРИСТІК АЙМАҚҚА САПАЛЫ ЖОЛ

12.07.2024
ӘЛЕУМЕТ
ТУРИСТІК АЙМАҚҚА САПАЛЫ ЖОЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданына жұмыс сапарымен ҚР  Парламенті Сенатының депутаты  Амангелді Толамисов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, «AMANAT»  партиясы  облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын, облыстық мәслихаттың депутаты  Секенбай Шеңгелбаев барды. 


Депутаттарды аудан әкімі Берік Тынышбаев қарсы алып, Балқаш көліне дейінгі жол салу жұмысымен таныстырды. Жолдың жасалу сапасы мен қаржыны игеру барысы жайлы ақпаратпен танысқан соң халық қалаулылары Матай ауылына барып, тұрғындармен кездесу өткізді. 

Молалы айналма жолынан Балқаш көліне дейін жүргізіліп  жатқан жол құрылысы 2017 жылы басталған. Қаржылық жағдайға байланысты құрылыс қарқыны бәсеңсіп қалғаны белгілі. Соңғы жылдары көлге баратын жолды салу жұмысы қайтадан жанданды. Ұзындығы 110 шақырымға созылатын жолдың 35 шақырымының асфальт төсеу жұмысы толық аяқталыпты. Айналмадан Матайға дейін сайрап жатқан жол бойына демалатын орындықтар, дәретхана салыныпты. Күре жолдың бойындағы көпірлер де қауіпсіз. Енді 28 шақырымның асфальтбетон жабындысының 2-қабаты төселуде. Қалғанының 2-ші, 3-ші қабаттары қарқынмен салынуда.   «Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға бермекші. 

Лепсіден Балқашқа дейін  жол жасалыпты. Жоба құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын бұл істі «Казстройцентр» ЖШС жүргізген. Көлге тақтайдай жолмен жүйткіп жетуге болады. Үкімет қаулысына сәйкес Балқаштың 16 шақырымдық жағалауында курорттық-рекреациялық  дамыту жобасы басталды. Бірінші қадам – магистральдік-инженерлік инфрақұрылым жүргізу. Бұл мақсатқа 2,5 млрд. теңге бөлініпті. 

Депутаттар экономиканың күретамыры саналатын жол құрылысымен танысқаннан кейін Матай ауылына бет алды. «Матай» депосының ауласына жиналған қауыммен кездесу еркін тақырыпта жалғасты. Депутаттар  халықтың жағдайын жақсарту аясында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. Соның ішінде  ауылшаруашылығын дамыту, жер пайдалану, су шаруашылықтарын реттеу, субсидия беру барысында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Ауыл тұрғындары атынан сөйлеген Қыдырмолда Еспембетов қария жайылым жердің  аз бөлінгеніне налыды. Осыны ретке келтірсе деген өтінішін айтты. Себебі, Матай құмды аумақ. Мұнда Ақсудан  басқа өзен жоқ. Сондықтан матайлықтарға шөбі шүйгін, мал су ішетін жерден  жайылым берілсе деген ұсынысын айтты. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан жайылым туралы заң реттеліп жатқанын жеткізді. Қолды болған нысандар, игерілмеген жерлерді қайтарып алып, заңдастыру барысында жұмыс жүріп жатқанына да тоқталды.  «Шаруаларға жер беру мәселесін ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қадағалап отыр. Сондықтан жайылымдық, шабындық жер халықтың көңілін алаңдатпауы керек. Заң аясында жайылымдық жерді пайдалана аласыздар. Мұны жергілікті билік реттеп береді», – деді ол.

Жер мәселесі бойынша  Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбаев сөз алды. Ол: «Аудан бойынша 110 мың гектар жайылымдық жер бар. Оның ішінде  Матай ауылына 8000  гектар белгіленді. Соны заңдастыруымыз керек. Босаған жерлерді қайтарып аламыз. Бізде 17 округ бар. Кейбіреулер жайлаудан жер алып алады да, ол жаққа барғысы келмейді. Ауылдың қасынан жер бер дейді. Ауыл маңындағы жер бюджеттік мекемеде істейтіндердің пайдалануына берілуі тиіс. Бұл талапты біз бұза алмаймыз», – деп мән-жайды түсіндірді. Елді мекен тұрғындары балабақшадан ясли-сад ашылса  деген  өтініш  айтты. Себебі, балаларын тұрғындар балабақшаға бір жастан бергісі келеді. «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаға  бала 3 жастан қабылдануы керек. Бұл – уақытпен санаспайтын ауыл тұрғындарына тиімсіз. Жас аналар баласы бір жасқа толған соң жұмысқа шыққысы келеді. Тізімдегі балалардың  келмей қалатынынан мекемеге берілетін ақшаның азайып қалатыны сөз болды. Осының кесірінен балабақшаға бөлінетін қаржы  уақытында берілмейтін көрінеді. Балабақшада техникалық құралдардың ескіргені де әңгіме арқауына айналды. 

Сондай-ақ ауыл халқы  дәрігер маманның жетіспейтінін, емханада жылу жүйесінің жөндеу көрмегенін сөз етті.  Әскерилендірілген темір жол күзет мекемесінің басшысы Кенжеғали Берікболов теміржолда істейтіндердің зейнеткерлікке шығу жасын қысқартса деген ұсыныс айтты. «Жасы келген адамдар  тепловоздың үстіне шыға алмайды. Оларға ондай жұмыс істе деп айта алмаймыз. Зейнетке шықпаған соң жұмыстан да шығара алмаймыз. Сондықтан теміржолшыларды ертерек зейнетке шығарып, орнына жұмыссыз жүрген жастарды алатын едік. Сондай-ақ, теміржолшылардың айлығы төмен. Ми айналатын ыстықта демалыссыз жұмыс істейтін күндеріміз болады. Айлығымыз 150 мың теңге ғана», – деді теміржолдың жауапты басшысы. Жанарбек Әшімжан: «Теміржолшылардың айлығы жайлы ұсынысты парламентте  көтереміз. Бұл өзекті мәселе. Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын қысқарту бойынша әңгіме қозғалуда», – деді.

Сапар барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисов лудомания, зорлық-зомбылыққа қарсы заң шыққандығына тоқталды. «Бұл – қоғам дертімен күресудің негізгі жолы. Тұрғындардың саламатты өмір сүруі, қауіпсіздігі басты мәселе.  Халықтың әлеуетін көтеруде әлеуметтік жағдай негізгі рөл атқарады. Сапар барысында  туристік аймақтарға баратын жолдардың сапасын қадағалап жүрміз. Инфрақұрылым жақсарса туристердің қатары да көбейетін еді»,– деді депутат. 

Халық қалаулылары бұл күні жол жиегіндегі сервистердің жұмысымен де танысты. Қызылағаш ауылына барып,  үлкен жолдың бойына салынған  қызмет көрсету орнын көрді.  Сусын, күнделікті керек заттар сатылатын дүкеннің жұмыс кестесімен танысты. Депутаттар ары қарай Сарқан, Алакөлдің жолдары, жол бойындағы сервистер, туристік нысандардың жұмысымен танысуға жолға шықты.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026
Жүргізуші куәлігін алу талабы күшеймек: Автомектептерге жаңа бақылау енгізіледі

Жүргізуші куәлігін алу талабы күшеймек: Автомектептерге жаңа бақылау енгізіледі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.