Талдықорған: +16°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҰБТ-ның орнына Саясат Нұрбек жаңа тест енгізуді ұсынды

08.12.2025
ӘЛЕУМЕТ
ҰБТ-ның орнына Саясат Нұрбек жаңа тест енгізуді ұсынды

Фото: dzen.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Оқуын университетте жалғастырып, жоғарғы білімді маман атанғысы келетін барлық талапкерлер үшін сын сағаты таяп келеді. ҰБТ-2026 сынағының басталуына небәрі 2 айдай уақыт қалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы inbusiness.kz  сайтына сілтеме жасап.

Дәл осы кезде Ғылым және жоғары білім министрлігі салада түбегейлі реформа дайындап жатыр. ҰБТ орнына шетелдік үлгідегі SAT келуге тиіс. Әзірге сұрақ көп, жауап шамалы.

Реформа бастамашысы – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғарғы оқу орындарына талапкерлерді іріктеу үшін өзге бір тест енгізгісі келетінін жариялады. Оның байламынша, ескі ҰБТ «қажеттілігі жойылғанша» уақытша қала береді.

Ол көңілдері қобалжыған ата-аналарды жұбатуға тырысты. Жаңа тестілеуді әзірлеуге және толыққанды көшуге кем дегенде 2 жылдай уақыт кетеді. Тиісінше, өзгерістер таяу жылдары мектеп бітіретіндерге қатысты болмайды, тек олардан жастау оқушылар ілігеді. Осы мақсатта «үлкен бесжылдық жоспарды» жазып жатқанын мәлім етті.

«Қазақстанда филиалын ашқан шетелдік ЖОО-лар да біздің тестілеудің нәтижесін қабылдамайды. Біздің ҰБТ-мен шетелде оқуға түсе алмайсыз! Себебі, мойындалмайды. Сондықтан біз шетелдік жетекші университеттерге түсуге жарайтын жаңа тест енгіземіз. Тестілерді біздің жергілікті тестологтар жазады, олар америкалық ЕТС компаниясында оқудан өтіп, сертификатталады. Біздің алғашқы қызметкеріміз дәл қазір сонда, Принстондағы кампусте тұрып жатыр. Нәтижесінде, біздің сынақ халықаралық тестке айналады және оның сертификаты бар балаларымыз кез келген әлемдік университетке түсе алады», – деп толықтырды Саясат Нұрбек.

Министрдің бұл бастамасы қоғамда өткір сын тудырды. Әлеужеліде пікір білдірген қазақстандықтар мұның үлкен қауіпке соқтыруы мүмкін екенін, елден «мидың сыртқа ағып кетуіне» серпін беретінін ескертті.

«Жалпы, SAT (Scholastic Assessment Test) дегеніміз – АҚШ колледждері мен университеттеріне түсу үшін пайдаланылатын стандартталған тест. Оның ҰБТ-дан асып бара жатқан артықшылығы жоқ. Ол ағылшын тілін және математиканы жақсы білуді талап етеді, соған басымдық береді. Еуропаның көптеген ЖОО-ларына түсу үшін SAT талап етілмейді. Әлемде Америкадан басқа бұл тестілеуден өтуді тек Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Сингапур мен Гонконгтың бірқатар университеті сұратуы мүмкін. Бүгінде АҚШ-та бала оқыту қиын, Дональд Трамп виза беруді қиындатты. Ендеше балаларымыз америкалық ЖОО-ларға түсуі үшін керек деп, ұзақ жыл жолға қойылған жүйені бұзудың қандай қажеттілігі бар?», – дейді педагог Құралай Қайрат.

Ұстаздар жаңа жүйе әсіресе, мұғалімі тапшы, беретін білім деңгейі төмен ауыл мектептерін бітірген оқушыларға қиын тиеді деп алаңдайды. Тіпті жаңа жүйе ауылдықтардың өзіміздің жергілікті ЖОО-ға түсуіне тосқауыл қоятын ең үлкен кедергіге айналып кетуі мүмкін.

Себебі, ауыл балалары ағылшынша судай ағып тұрған жоқ, таспадан тыңдаған жат тілдегі әңгімені сол тілде қайта айтып беруге көбісінің қауқары жетпесі даусыз. Қазірдің өзінде тіпті қалалық балалар SAT тапсыру үшін ұзақ курстан өтуге, не репетитор жалдауға мәжбүр.

Khan Academy орталығының негізін қалаушы Сал Ханның түсіндіруінше, SAT бірінші кезекте талапкердің университетке түсуіне әзірлігін бағалауға бағытталған. Сондықтан қабылдау комиссиясының алдынан өтуді қарастырады. Әр бала беделді, білікті маманнан рекомендация әкелуі керек. Ауыл баласы оны қайдан алады?

2004 жылы ҰБТ-ны енгізгенде, шенеуніктер кеңес заманынан қалған, емтихан қабылдаушы комиссияларға құрылған жүйенің сыбайлас жемқорлыққа және әділетсіздікке белшеден батқанын алға тартты: комиссия мүшелерінің пара дәмететіні, аузын майлағанның ғана жолын ашып, өзгесін құлататыны, университеттегі орынды беделдінің, бай-бағыланның баласына бірінші ұсынатыны дәйекке келтірілді.

Ал, Ұлттық бірыңғай тестілеудің адалдығы, әділдігі айтылды: барлық бала бірдей тапсырады, «шпаргалка» не дұрыс жауапты табуға көмектесетін айла-тәсіл мен заманауи технологияларды қолдануға, басқа адамның тапсыруына жол бермейді. Әр бала білімі мен ақылына қарай жауап табады.

Сарапшының мәліметінше, SAT емтихандары 2 бөлімнен тұрады: оқуға және жазбаша жұмыстарға – 64 минут, математикаға – 70 минут бөлінеді. Талапкер тестілеудегі дұрыс жауапты түртумен шектелмей, кейбір тапсырмаға толыққанды, егжей-тегжей жауап беруге тиіс. Осының бәріне қарап, қабылдау комиссиясы кешенді баға береді.

Эксперт 2020 жылдан бері америкалық көптеген ЖОО-лар мен колледждердің өзі SAT-тан бас тартқанын қаперге салды. Оның орнына test-optional форматына ауысты. Яғни, талапкерден тест тапсыру талап етілмейді. Бірақ оны өз бетінше тапсырып, сертификатын әкелсе, ондағы нәтижесін университет назарға алады.

Бірақ бірінші орынға – баланың қандай да бір салада жетістікке жетуі, халықаралық сайыстарда жүлделі орындарды алуы, жеке қабілеті мен қасиеттері, дарыны қойылады.

Бүгінде test-optional форматына көшкен америкалық жоғарғы оқу орындарының саны 2 мыңға жуықтады. Негізінен, «Шырмауық лигасына» (Лига плюща) жататын барлық университеттер, сондай-ақ Техас университеті, Джорджия университеті ғана міндетті түрде SAT тапсыруды талап етуді сақтады. Америкадағы test-free және test-optional университеттердің тізімін мына жерден білуге болады.

Ендеше жоғарғы білім министрлігі АҚШ-тың өзі бас тарта бастаған, ескіліктің нышанына айналып кетуі ықтимал тетікті Қазақстанда енгізгелі жатқан жоқ па?

Кәсіпке бейімдеуші маман (профориентолог) Анастасия Алияcова SAT форматы Қазақстан үшін қалыпты еместігін жеткізді. Бірақ оны қолдайды.

«Біз емтихан тапсыруға емес, алдын ала дайындалған сұрақтар мен жауаптарға үйрендік. Бұрынғы ҰБТ-ның мәні де сонда – баланың есте сақтау қабілетін және механикалық дағдыларын тексеру. Жаңа өзгерістердің артықшылығы да бар деген ойдамын. Біз жаһандану заманында өмір сүріп отырмыз. Білім қарқынды түрде өзгеруде. Ірі қалалардан қашықта тұратын адамдар да шетелден кедергісіз, онлайн сапалы білім ала алады. Осы мақсатта үлкен жүйенің бір бөлігі болуға тиіспіз, ол жүйеге «кіру» форматын өзгерту керек», – деді Анастасия Алияcова Informburo-ға сұхбатында.

Оның пікірінше, ҰБТ-дан бас тартып, америкалық SAT жүйесіне көшу – біздің мектеп бітірушілерге халықаралық білім кеңістігіне жеңілірек кірігуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, SAT форматы даталар мен деректерді құр жаттаудан кетіп, берілген ақпаратты талдауға, алған білімін нақты қолдануға итермелейді. Бұл нұсқаулықты орындауға ғана бейімделмеген, өз бетінше ойлай, жасай білетін мамандарды даярлау үшін маңызды көрінеді.

Теорияда солай, тәжірибеде ше? Емтихан комиссиялары пара бермеген, не жақпаған баланың өз бетінше жасаған талдауын, берген жан-жақты жауабын жақтырмай, құлата салмас па? Белгісіз.

«Қазіргі кезде SAT тапсыру үшін бөлек дайындалу қажет, бұл ақылы қызмет әркімге қолжетімді емес. Егер бүкіл білім жүйесі жаңа форматқа көшірілсе, осы мүмкіндікке баршасы қол жеткізе алатын шығар. Бұл да «плюс» қой. Бірақ бұл плюс минусқа айналып кетпегені маңызды. Мектептер де, педагогтер де мұндай өзгерістерге объективті түрде мүлдем дайын емес. Білімді жаңаша тексеру үшін ең алдымен, балаларды жаңаша оқытуға тиіс. Бұл үшін бүкіл мектеп бағдарламасын ауыстыру, мұғалімдерді қайта оқыту, басты құзыр-компетенцияларды нақтылы дамыту қажет», – деді маман.

Дегенмен, ол бір жайтты ескермеді. ҰБТ-ны жойып, Қазақстанды америкалық SAT сияқты форматқа Ғылым және жоғары білім министрлігі көшіреді. Бұл – Оқу-ағарту министрлігінің бастамасы емес. Ендеше бұл науқаннан орта білім жүйесі тыс қалуы ықтимал.

Салдарынан университетке түсуі үшін мектеп бітірушілердің ата-аналарына репетитор жалдауға, баласын жаңа жүйеге дайындауға қыруар қаржы шығындауға тура келеді. Өйткені мектептер балаларды жаңа форматқа дайындамайды.

Бюджет тарихта теңдессіз тапшылыққа тап болған заманда орта білім беру жүйесіндегі 600 мыңға жуық педагогті қайта оқытуға, жаппай біліктілігін арттыруға Үкіметтің қаржы табуы неғайбыл. Сондай-ақ, педагогтерді ЖОО-ларда жаңаша даярлау үшін отандық университеттердің оқу бағдарламаларын да қайта қарауға тура келеді.

Бұл тұрғыда әлеужеліде ойын білдірген қазақстандықтардың пікірінше, жоғары білім министрлігі отбасыларды қалпымен шығынға батырып, SAT-қа дайындайтын бизнес субъектілерін ұланғайыр табыс пен байлыққа кенелткелі тұрғандай.

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

09.04.2026
Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

09.04.2026
Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

09.04.2026
Бокс: Қос бұрымды топ жарды

Бокс: Қос бұрымды топ жарды

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.