Жаңа жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап «БЖЗҚ» АҚ нысаналы жинақ алу бойынша 205 505 өтінішті орындады. Жалпы сомасы 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына жолдайды.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 19,69 млн. АҚШ долларына 127 445 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 11,92 млн. АҚШ долларына 78 060 өтініш қанағаттандырылды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында қалады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен немесе толық көлемде бір мезгілде ақы төлеуге, білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыруға, шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен немесе толық көлемде біржолғы төлем жасауға жұмсауға толық негіз бар.
Естеріңізге сала кетейік:
- нысаналы талаптарға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған нысаналы талаптарға құқығы бар азаматтары қатыса алады;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жыл сайын БЖЗҚ-ға нысаналы талаптардың жалпы сомасы, орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі және нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпаратты қамтитын есепті жібереді;
- БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-нан кешіктірмей «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың элек-трондық тізімін қалыптастырады;
- Қор ҚР ҰБ-тан алынған ақпарат пен электрондық тізімге енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылардың санына қатысты мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне нысаналы талаптардың бір қатысушысы бойынша есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы, есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптардың сомасына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы деректерді есептеп, енгізеді;
- БЖЗҚ нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды АҚШ долларымен жүргізеді.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрақты түрде жасалатын есептер enpf.kz сайтына орналастырылады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді толғандырған сұрағыңызға жауап ала аласыз.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы





