Талдықорған: +12°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Ұрпақ тәрбиелеудегі озық үдеріс

18.10.2025
ӘЛЕУМЕТ
Ұрпақ тәрбиелеудегі озық үдеріс
WhatsAppTelegramFacebook

Баланың білім алуы ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Өйткені олар елдің ертеңі, ұлттың үміті. Сол себепті әр оқушыға жайлы, қауіпсіз әрі заманауи талаптарға сай оқу ортасын қалыптастыру маңызды міндет. Бүгінгі таңда мемлекет бұл бағытта нақты қадам жасап отыр. Соның жарқын мысалы – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Осы орайда облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісовтен бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сұхбат алып, пікірін тыңдадық.

– Дәурен Хабдолданұлы, елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаның нақты мақсаты мен басым бағыттары туралы айтып берсеңіз?

– Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – бүгінгі білім жүйесіндегі ең ауқымды және өзекті бастамалардың бірі. Бұл жоба жаңа дәуірдің талабына сай мектептер салып, оқу сапасын көтеруді, балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруды және білім беру саласындағы теңсіздікті жою, заманауи технологиялармен жабдықталған мектептердің санын көбейтіп, барлық оқушының сапалы білім алуын көздейді. Бүгінде жоба аясында республика бойынша жаңа оқу орындары бой көтеріп, үшауысымды және апатты ғимараттардың мәселесі шешімін табуда. Сонымен қатар пәндік кабинеттер жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуда. Әрбір білім ордасын жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылып, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға баса мән берілуде. Ең бастысы – бұл оқу ошағында оқытудың жаңа әдістері енгізілмек. STEAM және жобалық оқыту секілді инновациялық тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды. Сондай-ақ, ерекше білімді қажет ететін балаларға да барынша қолайлы орта жасалады. Қысқасы, «Келешек мектептері» білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің болашағына салынған берік инвестиция.

– Облыста қанша мектеп жоба аясында жаңартылуда немесе жаңадан салынуда? Мектеп ғимараттарының құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарының қазіргі барысы қай деңгейде?

– Облыста «Келешек мектептері» ұлттық жобасы нақты нәтижесін бере бастады. Аталған жоба аясында Жаркент қаласында 1200 орынды жаңа мектеп бой көтеріп, өз есігін оқушыларға айқара ашты. Сондай-ақ, Алакөл ауданының Достық ауылында 600 орынды ғимараттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл білім ошағының ашылуы 30 қазанға жоспарланған. Жалпы алғанда, өңір бойынша бірнеше мектеп осы жоба аясында жаңартылып, жаңадан салынуда. Білім ордаларының құрылысы мен жөндеу жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Биыл өңірде 7 мектептің құрылысы қолға алынған. Оның бірі – «Келешек мектептері» жобасымен, үшеуі – білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен, екеуі – арнайы мемлекеттік қор арқылы, ал біреуі жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отыр. Соның ішінде, Панфилов ауданының Талды ауылындағы 300 орынды мектеп биыл пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 жаңа мектеп қолданысқа берілмек. Ал 4 мектептің құрылысы 2026 жылға қалдырылды.

– Ауыл мектептерін цифрландыру және интернетпен қамту мәселесі қалай шешіліп жатыр?

– Қазіргі таңда ауыл мен қала мектебінің арасындағы басты айырмашылықтардың бірі – интернеттің сапасы мен қолжетімділігі еді. Бұл түйткіл де біртіндеп шешімін тауып келеді. Бүгінде облыстағы 313 оқу орнының бәрі, яғни 100 пайызы интернет желісіне қосылған. Оның ішінде 254-і ауылда, 59-ы қалада орналасқан. Мектептердің басым бөлігі жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланып отыр. 292 мектепте (93,3%) интернет жылдамдығы секундына 50-150 мегабитке. ал қалған 21 білім ордасында (6,7%) секундына 20-40 мегабит аралығында. Байланыс түрі де әртүрлі: 204 мектеп талшықты-оптикалық желі арқылы, 42 мектеп Starlink технологиясы, 67 мектеп радио-релелік байланыс арқылы интернетке қосылған. Айта кетерлігі, 2024 жылы Цифрлық даму министрлігі мен SpaceX компаниясы бірлесіп, Starlink арқылы шалғайдағы 42 ауылдық мектепті интернетпен қамтамасыз етті. Бұл ауыл балаларына да әлемдік цифрлық кеңістікке жол ашып отыр.

– «Келешек мектептері» аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру қандай жолмен жүзеге асады? Жаңа үлгідегі мектептерді маманмен қамту мәселесі қалай шешіледі?

– «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру ісі жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағытта ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бірлесе жұмыс істеп келеді. Мәселен, Жаркент қаласындағы жаңа оқу орнындағы 61 педагог онлайн-оқудан өтті. Курстар базалық деңгейдегі 11 пәнді қамтып, «Өрлеу» LMS цифрлық платформасы арқылы жүргізілді. Мұнда мұғалімдер өз пәні бойынша білімін толықтырып қана қоймай, тәжірибе алмасуға, сабақ өткізу әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, «ӨРКЕН» ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми- практикалық негіздері» атты арнайы курс өткізілді. Осы бағдарламаға қатысқан 60 мұғалім сертификат алып, мектептегі психологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосуға дайын. Қазірдің өзінде жаңадан жұмысқа қабылданған жеті педагог базалық курстан өтуде. Бұл – жобаның басты мақсатына сай, ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттырудың айғағы. Жаңа мектептерді жаңа кадрмен қамту тарту Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығына сәйкес жүзеге асады. Яғни мамандар ауыстыру тәртібімен және ашық конкурс арқылы іріктеледі.

– Инклюзивті білім беруге және ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты қандай жұмыстар атқарылуда?

– Облыс көлемінде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, биылғы оқу жылында 4916 бала инклюзивті біліммен қамтылған. Оның ішінде, мектепке дейінгі ұйымдарда 1111, жалпы орта мектептерде 3726 оқушы, ал колледждерде 79 студент білім алуда. Сонымен қатар 845 бала үйден оқытылуда. Бала дамуына ерекше көңіл бөлінетін тағы бір бағыт – мектепке дейінгі ұйымдардағы логопедиялық кабинеттердің жұмысы. ҚР Оқу-ағарту министрінің №6 бұйрығына сәйкес бүгінде 46 мемлекеттік балабақша логопедиялық кабинеттермен жабдықталған және барлық балабақша арнайы мамандармен толық қамтамасыз етілген. Мұнымен қоса, кезекте тұрған балалар мәселесін шешу де күн тәртібінен түскен емес. Өткен жылы Талдықорғанда 140 бала түзету қызметін күтіп жүрген болатын. Осы мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттен 59 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Ал биыл бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жанданды. Нәтижесінде 195 балаға мемлекеттік қолдау көрсетілетін болды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай қамқорлықтың арқасында әр бала өз әлеуетін ашуға, қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік алып отыр.

– Сұхбат үшін уақыт бөлгеніңізге рақмет!

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

11.04.2026
IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

10.04.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.