Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қыстан еңбек қана қысылмай өтеді

23.08.2024
ӘЛЕУМЕТ
Қыстан еңбек қана қысылмай өтеді

Дәл қазір Талдықорған қаласына қарасты шаруалар егін орағы мен қатар жем-шөп жинау қамында. Аймақ тұрғындары да  «Аллаға шүкір! Биылғы жаз жауынды, далада тасқа да шөп шықты деуге болады. Дейтұрғанмен өткен жылғы құрғақшылықпен қабаттаса келген қымбатшылық шаруалар қауымының әлі де адымын аштырмай тұр» деп кейіп жатады. Біз осы маңызды тақырыпты да айналып өте алмадық.

Шаруалардың сөзінше, бүгінде Жетісу облысы аумағында бір сандықша жоңышқаның бағасы 800-1000 теңге көлемінде, ал, үлкен бір орам шөптің құны 13-14 мың теңге айналасында. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есеге қымбат. Қыс бастала салысымен бұл баға тағыда көтерілетіні анық. Ал, жем бағасы өткен жылы кей өңірлерде егілген жүгері алқаптардан жиналып үлгермегендіктен бір шама арзанға түскен.

Жұрт айтса айтқандай, бұрынғы жылдары бір сандықша жоңышқаның бағасы 450-500 теңге, ал, үлкен бір орам шөп 6-7 мың теңге  көлемінде саудаланып келген. Бүгінде бұрынғымен салыстырғанда шөп бағасы бір есеге қымбаттаған. Осыған байланысты қазір «қыстың қамын жаз ойлаған» жетісулық шаруалар қыстық мал азығын дайындауға білек сыбана кіріскен.

Мамандардың мәліметінше, бүгінде Талдықорған қаласына қарасты үлкенді-кішілі 560-тан астам шаруа құрылымы бар. Олардың дені егін және мал шаруашылығымен шұғылданады. Шаһар аумағындағы егін егілген жер көлемі 6 мың гектардан асады. Оның 1600 гектардан астам алқабына  арпа, бидай, жүгері сынды дәнді дақыл,  1500 гектардан астам жеріне  майлы дақылдар мен қатар өңірдің төл өнімі қантқызылшасы және бақша өнімдері себілген. Осыған байланысты жыл сайын мемлекеттен ауыл шаруашылығын  қолдауға қыруар қаражат бөлініп, басқа да отандық өнім өндірушілерге түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Соның нәтижесінде соңғы кездері өңірдегі мал басы да өсіп, жер қойнауын игерушілердің саны артқан. Атап айтқанда қазір аймақта  30 мың басқа жуық қой-ешкі,  3700-ден астам жылқы, 10 мың басқа жуық сиыр, 50 бас түйе бар. Аталған төрт түлік малға арналған арнайы жайылымдық және жем-шөп өсіретін шабындық жерлер белгіленген. Мәселен, жалпы облыс орталығына қарасты жайылымдық жер көлемі 16 мың гектарға жуық. Қала әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі №210-шы Қаулысына сәйкес өңірдегі Өтенай, Еңбек, Мойнақ ауылдарына және Еркін ауылдық округіне қарасты жайылымдық жерлер 49 жылға резервке қойылған.

Талдықорған қалалық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Абзал Зейнулданың айтуынша, ауылшаруашылық басқармасы ұсынған жем-шөптің бір күндік шығынын есептеп шығарғанда орта есеппен бір бас ірі қара малға – 10 кг шөп, 2 кг жем, ұсақ малға – 2,5 кг шөп, 0,5 кг жем қажет деп белгіленген. Осыған байланысты талдықорғандық шаруалардың малына алдағы қыс қырыннан қысылмай өтуі үшін 40 мың тоннаға жуық шөп, 6 мың тоннадан астам жем қажет. Осы жоба бойынша аймақта жем-шөп жинау жұмыстары қолға алынып,  қазіргі кезде  25 мың тонна  шөп, 4 мың тоннаға жуық пішендеме, 6 мың тоннаға жуық сүрлем, 5 мың тоннаға жуық сабан, 6 мың тоннаға жуық жем жиналып жалпы қала шаруаларына қажетті жем-шөптің 85 пайызы орындалған.

 – «Ауылды қайта жаң­ғыртып, ауыл шаруашылығын дамы­туға баса көңіл бөлу Мемлекет басшысының  тапсырмасына сай жүктелген басты міндеттердің бірі. Жаз айында мал азығын дайындау – маңызды іс. Қазіргі уақытта талдықорғандық шаруалар өздеріне тиесілі жерлерден жем-шөп жинаумен қатар аймақтағы Ақсу, Көксу, Ескелді, Қаратал және басқа да көрші аудандардан тиісті мал азығын сатып алуда. Міне, бұл облыс орталығына қарасты мал азығын толық қамтамасыз етіп, төрт түліктің қыс қырынан қысылмай шығуына мол мүмкіндік береді. Қазірге жиналған егін өнімдерінің көрсеткіші де жоғары. Соның ішінде Талдықорғанда жыл  сайын мол өнімге қол жеткізіп келген «Жер ана», «Самай», «Мақан-Алмас», «Бейсенбаев Б.Д.», «Сәпи» шаруа қожалықтар мен «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «И А и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері көш басында. Биыл табысты шаруалардың қатары жаңа есімдермен толығуда »,– дейді Абзал  Секенұлы.

«Жер ана» ауылшаруашылығы өнімдер кооперативінің жетекшісі Ануар Букенов шілде, тамыз айлары шаруалар үшін ең қолайлы мезгіл екенін алға тартады. Сондықтан егінші, малшылар уақытты құр өткізбей қыс қамына кірісудің өнімі зор.

 – «Бүгінде «Жер ана» шаруашылығында  тиесілі мал табындарымен қатар 500 гектардан астам суармалы жер және бір сүт зауыты бар. Онда тәулігіне 300 литр сүт өнімдері өңделіп шығарылады. Ал, егіс алқаптарының 180 гектартан астам аумағына жүгері, 120 гектарына қант қызылшасы 70 гектар жерге арпа, тағы 70 гектарына жоңышқа егілген. 30-дам астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі егін орағы мен қатар жем шөп жинау науқаны аяқталу алдында. Күзгі жиын-терін толық аяқталған соң жасалған қаланы жем-шөппен қамту ісін қолға аланады»,– дейді шаруашылық жетекшісі.  

                                                                 Айдын КӘЛІМХАН.

Сурет: автордан ұсынылды

 

 

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.