Талдықорған: +12°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Зейнетке ерте шыққыңыз келсе…

15.08.2017
ӘЛЕУМЕТ
Зейнетке ерте шыққыңыз келсе...
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының Ұлт жоспары аясындағы тапсырмасына сай, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, еліміз әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа сипатына көшеді. Бұл тұста еңбекке жарамсыз, мемлекет қолдауына мұқтаж азаматтардың барлығы  көбейген жәрдемақы алатын болады. Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге орай, еңбекке қабілетті азаматтар әлеуметтік қолдаудың 2 пакеті бойынша қамтамасыз етіледі. Олар бір жағынан атаулы әлеуметтік көмекке ие болып, зейнетақы мөлшері ұлғайса, екіншіден, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша мемлекет есебінен оқу, шағын несие алу, еңбек ресурстары тапшы өңірлерге қоныс аударуға мүмкіндік алады.

Қазақстан – посткеңестік кеңістіктегі зейнеткерлердің зейнетақысын жыл сайын көтеріп отырған санаулы елдердің бірі. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы 31 245 теңгені құрап, 1 тамызда зейнетақы алушылар саны 2 116 609 адамды, ынтымақты зейнет­ақыны алушылар қатары 2 099 638 адамға жетті. Алдағы уақытта елімізде біраз адам зейнеткерлікке ерте шығып, 50-55 жаста-ақ зейнеткер атануы мүмкін. Бүгінде екі миллион қазақстандық зейнеткер өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен зейнетақы алып үлгерді. Ал келесі жылдан бастап, 460 мың мүгедек үшін жәрдемақы инфляцияға қатыс­ты жыл сайынғы индексациядан тыс, 16%-ға өседі. 
Айта кетерлігі, қазіргі зейнетақы төлемдерін тағайындау тәсілі азаматтардың жинаған қаржысына байланысты болады. Ал жаңа зейнетақы жобасы бойынша зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың зейнетке ерте шығу шаралары қарастырылған. Сонымен бірге, мұндай мүмкіндіктің игілігін барлық қазақстандық  көре алады. Ол үшін жалақы мөлшері өте жоғары болуға тиіс немесе өз бетінше зейнетақы жинағына мол ақша аударып тұруы қажет. Егер жұмыскердің өзінің 1998 жылдан аударатын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы немесе жұмыс берушілерінің 2014 жылдан жасайтын жарнасы және ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы зейнет­ақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті болса, онда ол азамат зейнетке 50 жасында шыға алады. Бұл үшін 2017 жылдың 1 шілдесіндегі талап бойынша әйел адам 8 миллион 900 мың, ал ер адам 12 миллион 477 мың теңге жинауы міндет. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне қарағанда, бүгінде ерте жаста зейнеткерлікке шығу құқығын зиянды еңбек жағдайындағы 640 адам пайдаланса, 2019 жылға қарай тағы 1000 қазақстандық аннуитетті сатып алуға керекті жинаққа ие болады. 
1988 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының түсу аралығы ғана есептелініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатын болады. Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнатпақ. Айталық, 1998 жылға дейінгі 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға базалық зейнетақы ағымдағы көлеммен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 12 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтау­шы зейнетақыға қоса 28 мың теңгені иемденетін болады. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2018 жылдың 1 шілдесінен 2,1 млн. зейнет­кер үшін базалық зейнетақы 1,8 есеге жоғарылайды. 
Айта кетерлігі, жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке дайындық шеңберінде елімізде төртінші жыл «Өрлеу» жобасы іске асырылуда. Жоба өз тиімділігін дәлелдегендіктен, бүгінде онымен барлық облыс қамтылған. Биыл жобаны жүзеге асыруға 7,1 млрд. теңге қарастырылыпты. Жылдың алғашқы жартысында жобаға қатысқан 107087 адамның 95%-ы жұмыспен қамтылып, олардың жан басына шаққандағы орташа табысы 4949 теңгеден 15 325 теңгеге өскен. Тұрақты жұмыс орындарына жобаның барлық еңбекке қабілетті қатысушыларынан 73,3%-ы орналасқан.  Осылайша, жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу тәсілі әлеуметтік жәрдемді алушылардың жауапкершілігін күшейтіп, жұмыс іздеу мен өзін қамтудағы ынтасын  жоғарылатып отыр. Сондай-ақ, аз қамтылған азаматтардың ел экономикасы мен қоғам өмірін жақсартуға атсалысу белсенділігін ширата түседі. 
Тағы бір айта кетер жағ­дай, елімізде 2009 жылдан бері әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту жүргізіліп келеді. Аталған реформа бүгінде өз рөлін көрсетуде. Айталық, бұған дейін адамдарды 100-600 адам өмір сүретін интернат-үйлерге жіберетін болса, қазір аталған қызметтерді үкіметтік емес ұйымдар көрсетуде. Бүгінде 106 үкіметтік емес ұйым 6 мыңнан астам адамды қамтуда. Нәтижесінде, бұрындары интернат-үйлерде болған алты жүзден астам бала отбасына оралып, қыз­метті күндізгі бөлімдерден алуда. Арнаулы әлеуметтік қыз­меттердің тегін көлемін алу құқығы жоқ азаматтар үшін қоса қаржыландыру мүмкіндігі ұсынылуда.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.