Талдықорған: +24°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жаңарған архив ғимараты

09.12.2017
ӘЛЕУМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда күрделі жөндеуден өткен Талдықорған мемлекеттік архиві ел игілігіне тапсырылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев арнайы қатысты. Күрделі жөндеуден өткен нысанның лентасын қиып, бөлмелерді аралап көрген Лаззат Махатұлы қуанышқа жиылған көпшілікті құттықтады.

– Өңіріміздің өткен тарихын білмек болғанда архивке сүйенетініміз анық. Ал келешегімізді де архивтің құзыретіне тапсырамыз. Сонымен қатар, ел мен жердің тарихын зерттеген жас ғалымдар мен өлкемізді тануға ниеттенген шетелдіктер де архивтен пайдаланады. Қысқасы, қай тұрғысынан келсек те архивтің өміріміздегі орны ерекше. Сондықтан биыл Талдықорған мемлекеттік архиві орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, жұрт үшін үлкен жұмыс атқардық, – деді ол.
Бастауын 1926 жылдан алатын Талдықорған мемлекеттік архиві содан бергі талай тарихи оқиғаның куәгері болып келеді. Архив ісі тәуелсіздік жылдары жандана түсті. Содан бері тәуелсіз еліміздің болашағы үшін қызмет істеген мекеме келешегі де кемел. Айталық, 1991 жылы архивтегі 440 қорда 83732 іс сақталса, бүгінде 690 қорда 245943 іс көздің қарашығындай қорғалуда. Қаржыландыру көзі 2001 жылы 5 млн. теңгеге жуық болса, қазір 25 млн. теңгеге жетті. Мекемедегі қызметшілер саны да көбейген. Демек, Талдықорған мемлекеттік архиві күн сайын өсу мен өркендеудің бағытында келеді.
Кейінгі жылдары мекеменің құзыретіне жүгінетіндердің саны артып, тынысы тіпті ашыла түскен. Алайда Кеңес одағы кезінде салынып, содан бері күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген ғимараттың тозығы жетіп, заманға сай сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндігі шектеулі болады. Осы келеңсіздікті ескерген облыс басшылығы биыл жергілікті бюджеттен 81 млн. теңге қаржы бөліп, нысанға күрделі жөндеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, мамыр айында құрылысы басталған 4 қабатты архив ғимаратының барлық шаруасы белгіленген  мерзімде бітіп, ел игілігіне берілді.
Осы орайда, күрделі жөндеуден өткен жаңа нысанның заманауи қызмет көрсетуге ыңғайлы жабдықталғанын айта кеткен жөн. Қонақтар әр кабинетті аралап, жоғары бағалады. Құрылыс жұмысына жауапты мердігер компания «Строй индустрия» ЖШС-нің құрышқолды жұмысшылары да бар күшін салғаны көрініп тұр. Бұрындары көнеріп, тозып, еңсесі түскен ғимарат бүгінде сәулеті мен салтанаты сай әдемі түрге енген. Жаңа нысанда жайланып отырып жұмыс істеуге барлық жағдай жасалыпты. Тіпті, заманауи технологиялардың мүмкіндігі арқылы қордағы құжаттар электронды айналымға енгізіліп, пайдалануға барынша жеңілдік жасалған.

Осы күні Жастар және Мүшелтой шағынауданында талдықорғандық спортсүйер балалар мен жастардың қуанышын еселеген 9 спорт және 7 ойын алаңы да қолданысқа берілді. Бұл кейінгі жылдары өңіріміздегі спортқа деген қолдау мен көмектің көптігін паш етті. Шара аясында аула спортынан фестиваль ұйымдастырылып, арқан тартыс, бұқа тартыс, гір көтеру, қол күрес сияқты ойын түрінен жарыстар өтіп, жеңімпаздар анықталды. Шаттығы шалқыған балғындар мен жігерін жаныған жастардың қуанышын көрген облыс және қала басшылары оларды алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардан хабардар етіп, сенімін бекемдей түсті. Өз кезегінде жастар да өнерін көрсетіп, әлемдік додаларда топ жарып, ел мерейін үстем ететін спортшылар шоғырының өсіп келе жатқанын ұғындырды. 

Қажет АНДАС.

 

Қатысты жаңалықтар

Жасөспірім қыздар Алматыда тұрғындарға тас лақтырғаны үшін ұсталды

Жасөспірім қыздар Алматыда тұрғындарға тас лақтырғаны үшін ұсталды

03.04.2026
СДВГ мен өзіне сенімсіздік жастарды ішімдікке итермелейді – аддиктолог

СДВГ мен өзіне сенімсіздік жастарды ішімдікке итермелейді — аддиктолог

03.04.2026
Ағаш кесу үшінде арнайы рұқсат керек

Ағаш кесу үшінде арнайы рұқсат керек

03.04.2026
Соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді

Соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді

03.04.2026
Елімізде мыңдаған дәрінің бағасы төмендеді

Елімізде мыңдаған дәрінің бағасы төмендеді

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.