Талдықорған: +25°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ЖАНСАЯДАҒЫ» КӨҢІЛДІ КҮНДЕР

13.08.2024
ӘЛЕУМЕТ
"ЖАНСАЯДАҒЫ" КӨҢІЛДІ КҮНДЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы аймақта  12 демалыс лагері болса,  қазір бәрі де балаға лық толы. Сондықтан оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше мән беріліп отыр.  Әсіресе, айдынды Алакөл жағасында үш лагерь жұмыс істеп, демалатын балаларды жан-жақтан қабылдауда. Соның бірі  Алакөл ауданы, Үшарал қаласында  орналасқан «Жансая» оңалту орталығының Ақшидегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру лагері еді.


Оңалту орталығының басшысы Берік Серғазиннің айтуынша, мекеме  медициналық, психологиялық, кәсіптік және әлеуметтік оңалту шарасын жүргізу арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және оны ортаға бейімдеуге бағытталған. 

–  Балалармен білікті мамандар жұмыс істейді. Дефектолог, психолог, логопед, емдік дене шынықтыру, емдік сылап-сипау, еңбек терапиясы инструкторы, дене тәрбиесі, музыка, сондай-ақ, невропатолог, психиатр, терапевт, педиатр, ортопед дәрігер мамандары қызмет көрсетеді, – дейді оңалту орталығының басшысы.

Лагерьде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының бекіткен мәзірімен төрт уақыт тамақ беріледі. Балалар бос уақытында би билеп, көңілді кештер ұйымдастырып, ортаға бейімделуге тырысады. 

  – Лагерьде 6-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балалар демалуда. Олардың әлеуметтік, шығармашылық бағытын дамытуды басты мақсат етеміз. Биылғы каникулда 160 бала қабылдауды жоспарлағанбыз. Олармен бірге ата-анасы немесе заңды өкілі бірге келеді. Қазіргі таңда 80 пайыз баланы қабылдап, көңілді демалыс өткізуіне мүмкіндік бердік. Осы маусымда демалатын балаларға қызмет көрсетуге 26 маман бекітілген. Бәрі де балаларға жақыннан жәрдемші болып жүр, – дейді «Жансая» сауықтыру лагерінің меңгерушісі Бағдагүл Алдабергенқызы.

Біз барғанда балалар кешкі үзілістегі мәдени шараға қатысып жатыр екен. Олардың көңілді кешке жан-тәнімен араласып кетуге денсаулықтары жар бермегенімен жүздерінде күлкі, жүректерінде жайлы тірлікке деген бұлқыныс жатқанын көрдік. Ал біраз балалар ойын залында, енді біреулері демалыс бөлмесінде түрлі ойыншықты құрастырып, әбігер болып жатқанына куә болдық. Айта кетерлігі, лагерьдің жеке жағажайы бар. Балалар күн көтеріліп, су жылығанда жүзуге жаттықтыратын маманның көмегімен тәулігіне 3-4 рет емдік суға шомылып тұрады. Бұл кезде топ жетекшілері мен құтқарушылар да балалардың қауіпсіздігін көз жазбай бақылап тұрады.

Қ. ОМАРАҚЫН
Ақши ауылы,
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.