Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті шалғай елді мекендерден оқушыларды мектепке жеткізу жағдайына мониторинг жүргізді.
Мониторингтің негізгі мақсаты – білім алушылардың мектепке қауіпсіз әрі уақтылы жетуін қамтамасыз ету шараларының орындалуын бақылау болды.
Тексеру барысында тасымалдау көліктерінің техникалық жай-күйі, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, бекітілген кестенің сақталуы, жауапты мамандар мен жүргізушілердің біліктілігі қаралды.
Жиналған деректер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сараланып, оқушыларды тасымалдау процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Департамент өкілдерінің айтуынша, білім алушылардың қауіпсіздігі мен оқу процесінің қолжетімділігі басты назарда ұсталады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
«Жетісу-Ақпарат»





