Талдықорған: +17°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісуда 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген 56 мектеп бар

09.04.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Жетісуда 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген 56 мектеп бар
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингке «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әсет Қыдырманов қатысып, өңірдегі білім беру жүйесінің ахуалы мен балалар қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқы таразысына салды.

Баланың амандығы мен сапалы білім алуы қоғамның тірегі. Осы бағытта жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері нақты деректермен айқындалып, қордаланған түйткілді мәселелердің тіні тарқады.

Мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы облыс көлеміндегі 443 білім беру мекемесі қамтылып, 162 белсенді азаматтың қатысуымен кешенді тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 56 мектептің 30 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу көрмегені анықталған. Бұл өңірдегі білім инфрақұрылымының тозу деңгейін аңғартатын алаңдатарлық көрсеткіш.

Спикерлердің айтуынша, қауіпсіздік жүйесінде де олқылықтар бар. Үш жүзден астам бейнебақылау камерасының істен шыққаны белгілі болып, оқу орындарындағы бақылау тетіктерінің әлсіз тұстары айқындалды. Ал мектеп асханаларындағы ас сапасына қатысты шағымдардың азаюы жүргізілген бақылау шараларының нәтижесіз қалмағанын көрсетеді.

Жиында сөз алған облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева балалардың амандығы – ортақ жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы кезеңде Жетісу облысында балаларға қатысты негізгі бағыттар бойынша кешенді мониторинг жалғасады. Негізгі назар білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына, жол қауіпсіздігіне және инфрақұрылымның жай-күйіне аударылмақ.

– Бұл бағыттарға мемлекет тарапынан қомақты қаржы қарастырылған. Атап айтқанда, 2025 жылы балаларды тамақтандыруға 7,2 миллиард теңге бөлінсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 6,9 миллиард теңгені құрайды. Бір балаға бөлінетін қаражат көлемі өзгеріссіз қалып отыр: 1-4 сынып оқушыларына 630 теңге, 5-11 сыныптарға – 740 теңге. Қаржының аздап қысқаруы оқушылар санының өзгеруімен байланысты. Мәселен, 2025 жылы бастауыш сыныпта 43 095 бала білім алса, 2026 жылы олардың саны 41 114-ке дейін төмендеген. Сонымен қатар, 2026 жылы балалар қауіпсіздігін күшейту мақсатында нақты қаржылай қолдау көрсетілген. Атап айтқанда, арнайы күзет пен дабыл түймелеріне 666,9 миллион теңге, бейнебақылау жүйелеріне 34,4 миллион теңге, турникеттер орнатуға 56 миллион теңге, ал полицияның жедел басқару орталықтарына қосуға 627,3 миллион теңге бөлінген. Бұл көрсеткіштер қауіпсіздік мәселесінің сөз жүзінде қалмай, нақты іспен бекітіліп отырғанын аңғартады. Басты міндет – бөлінген қаражатты игеру емес, оның әр теңгесінің нақты нәтижеге жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Алдағы мониторинг барысында әрбір мектеп пен балабақшадағы жағдай жан-жақты зерделеніп, халықтың талап-тілегі ескеріле отырып, нақты ұсыныстар әзірленеді, – дейді Гүлнар Қожағұлқызы.

Жиын барысында облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов те білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік пен сапа мәселесі тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан мониторинг нақты кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оларды жүйелі түрде шешуге мүмкіндік беретін пәрменді құралға айналып келеді.

Алдағы мониторингтің екінші кезеңінде өткен жылы анықталған кемшіліктердің жойылу деңгейі сараланып, жаңа мәселелерге басымдық беріледі. Мектеп ішіндегі тәртіп, оқушылар арасындағы қарым-қатынас, буллингтің алдын алу, психологиялық ахуал, санитарлық талаптар мен материалдық-техникалық база кешенді түрде бағаланбақ.

Қоғамдық бақылау есеп – жауапкершілік жүгін арқалаған нақты іс. Баланың қауіпсіздігі мен білім сапасы шын мәнінде қамтамасыз етілгенде ғана ел ертеңі берік болмақ.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген 56 мектеп бар

Жетісуда 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген 56 мектеп бар

09.04.2026
Отандық және шетелдік инвесторларды қорғауға арналған форум өтуде

Отандық және шетелдік инвесторларды қорғауға арналған форум өтуде

09.04.2026
Мұнай бағасы тағы да өсе ме: Энергетика министрлігі жауап берді

Мұнай бағасы тағы да өсе ме: Энергетика министрлігі жауап берді

09.04.2026
Мұғалімдердің біліктілігін тексеруді тоқтату: Тест тапсырғандар үстемеақыдан қағыла ма?

Мұғалімдердің біліктілігін тексеруді тоқтату: Тест тапсырғандар үстемеақыдан қағыла ма?

09.04.2026
Енді әскерде сарбаздың көңіл күйін бақылайтын жасанды интеллект енгізіледі

Енді әскерде сарбаздың көңіл күйін бақылайтын жасанды интеллект енгізіледі

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.