Талдықорған: +17°C
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісуда отбасылық құндылықтарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде

30.10.2025
ӘЛЕУМЕТ
Жетісуда отбасылық құндылықтарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі. Тұрақты отбасы – мемлекеттің мықтылығының кепілі. Сондықтан отбасындағы татулық пен өзара сыйластықты сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – бәріміздің ортақ міндетіміз.

Облысымызда бұл бағытта нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайту мен әлеуметтік әлсіз топтарды қорғауды мемлекеттің басым бағыты ретінде атап өткен болатын. Осы мақсатта біздің басқарма өңірдегі отбасыларды жан-жақты қолдау, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуде бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.

Бүгінде облыстың барлық ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтар – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсететін, дағдарыстан шығуға бағыт-бағдар беретін әлеуметтік мекемелер.

Жыл басынан бері 425 отбасы немесе 1120 адам орталықтардан әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек алды. 42 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, 20 отбасы тұрғын үй кезегіне тұрғызылды, ал 133 отбасы демеушілер көмегімен азық-түлік пен тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

Біз үшін басты міндет – әр отбасының тағдырына бейжай қарамау. Сол себепті барлық аудандарда мобильдік топтар құрылып, олар өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды ерте анықтап, дер кезінде көмек көрсетуде.

Биылдан бастап «Жанұя» орталықтарында FSM Social атты ақпараттық жүйе енгізілді. Бұл – цифрлық әлеуметтік саясаттың жаңа қадамы. Жүйе арқылы әр отбасының әлеуметтік жағдайы тіркеліп, көрсетілген көмек пен нәтижелер нақты бақыланады.

FSM Social бізге ашықтық пен тиімділікті арттырады. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтерудің бір жолы. Талдықорған қаласында 2023 жылдан бері «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» жұмыс істейді. Мұнда әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасалған. Биылдың өзінде орталық 120 адамға көмек көрсетті. Оның ішінде 31 әйел және 89 бала бар. 5 адам жұмысқа орналастырылды, 5 азаматтың құжаттары қалпына келтірілді, 18 адамға қорғау нұсқамасы берілді.

Біздің мақсат – тек көмек көрсету ғана емес, ең алдымен зорлық-зомбылықтың алдын алу. Осы бағытта облыс бойынша түсіндіру және ақпараттық жұмыстар күшейтілді. Түрлі мәдени ошақтар мен оқу орындарында, еңбек ұжымдарында кездесулер, семинарлар, тренингтер өткізілуде.

Бикен Римова атындағы драма театр әртістерімен бірлесе отырып, отбасылық зорлықтың салдарын бейнелейтін бейнероликтер түсірілді. Мұндай жұмыстар халықтың санасына ой салып, қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға сеп болуда.

Отбасы амандығы – ел тыныштығының кепілі. Біз әр азаматтың қауіпсіздігін, әр баланың болашағын қорғауға міндеттіміз.

Мемлекет пен қоғамның бірігуі арқылы ғана біз зорлық-зомбылықсыз, берекелі, мейірімге толы қоғам құра аламыз.

Ермек Мизамбаев,
Жетісу облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Қатысты жаңалықтар

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

10.04.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026
Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.