Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖЕТІМ КӨЗДІҢ ТАМШЫСЫ

28.07.2024
ӘЛЕУМЕТ
ЖЕТІМ КӨЗДІҢ ТАМШЫСЫ

Содан бері қаншама күз өтті, жаз жылыстады?! Шикіл сары қызбен Талдықорғанның қалтарыс-бұлтарысы көп шағын ауданын шиырлап жүретінбіз. Өмір жайлы толғанатынбыз, әке, ана болудың жауапкершілігі мен бақытын, қызығын жас көкірекпен салмақтап көретінбіз.

Қоңыр көзі қоздап тұратын шикіл сары сол құрбымның әкесі жоқ еді… Тастап кеткен екен. Түрін де көрмепті, өзі болса анасының бауырында өскен. Менің де бұл жағынан жырғап тұрғаным шамалы. Әкей ерте дүние салған. Дәуірін теріс қаратқан соң біздің шешей де ешкіммен тұрмыс құрмай жалғыз ұлының асты-үстіне түскен, барын алдына тартқан. 

Әке тәлімін аңсаған, оларды бір сағынып, бір сөгетін, іштей кектеніп те қалатын қос құрбы болып шаһардың шағын ауданын аралауды әдетке айналдырдық. Қоңыр күздің омырауын жапырақ жапқан сондай қызық кештің бірінде көпқабатты үйдің бұрышынан ашылған дүкенге кірдік. Сусын, тіскебасар алуға болар, бәлкім. 

Шағын ғана дүкенде тәп-тәтті немересін жетектеген бейтаныс апа сатушы кемпірмен әңгімелесіп тұр екен. 

…Басында солай ойладық. Балдырған саусағын шошайтып ананы-мынаны көрсетіп, өзінше әңгіме айтқан бүлдіршінді сырттан көзі сығырайған әйел жетектеп кеткенде ғана шикіл сары құрбым екеуміз аңтарылып қалдық. 

«Аты – Қарлығаш. Өзі сүп-сүйкімді, ә?! Қазақтың қарашығы ғой», – деп әңгімесін жалғастырған сатушы кемпір қасындағы сырласына жаңа тақырыптың бетін ашып, тың әңгімеге төркіндей жөнелді. Ары қарайғы айтқандары да құлағымызда самбырлап қалды… Көзіміздің жасын қоңыр күздің омырауын жапқан жапыраққа тырс-тырс тамызып, шағын ауданды сол күні тым ұзақ шиырлағанымыз есімде.

«Оны кәріс әйел асырап алыпты. Қазақтың қаракөз балапаны ғой. Обал-ай. Мені іш тартып, дүкенге жиі қашып келеді. Былдырлап әңгіме айтады. Тәттімді ұсынамын. Кәріс қатын өз ана тіліне икемдеп кәрісше сөйлесетін көрінеді, оны қазақтың баласы қайдан ұқсын?! Ызалы қатын көкала қойдай етіп сабайтын көрінеді, денесіндегі дақтардан аңғарамын. Балапанын жетім етіп, кәрістің жәбіріне тастағандағы обалы ата-анасына көрінсін де!». 

Содан бері қаншама күз өтті, жаз жылыстады?! Бәрін ұмыттым. Есімде кіп-кішкентай Қарлығаштың балдырған саусағы мен бауырмал қылығы қалыпты. Ал сатушы кемпірдің үнін ешқашан ұмытпаспын, сірә?! 

Шыңғыс ШАХАН
Талдықорған қаласы

Фото: birzhan.islam.kz 
 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.