Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысында «Көшпелі оңалту» жобасы іске қосылды

04.03.2025
ӘЛЕУМЕТ
Жетісу облысында «Көшпелі оңалту» жобасы іске қосылды

«Асар» спорттық-оңалту орталығының қызметкерлері енді үй жағдайында күндіз де, түнде де қызмет ететін болады. Осы орайда «Көшпелі оңалту» жобасы іске қосылып отыр. Аталған жоба облыстық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Анар Басшұғылова Талдықорған қаласының тұрғыны. 1-ші топтағы мүгедек. Оның инсульт алғаныны 11 жыл болған. Осы уақытқа дейін оңалту орталығына жолдасының көмегімен барып жүрген еді. «Көшпелі оңалту» жобасы іске қосылғалы ем-домды үйінен қабылдап жүр.

– Асардың қызметкерлеріне мың да бір рақмет. Бұлар үйге келгелі бері қуанып жүрмін. Біздің оңалту орталығана баруымыз машахат еді. Үйдің 3-ші қабатынан түсіп шығу маған да, жолдасыма да оңай болмады. Әсіресе түсетін кезде қиындық тудыратын. Көршілер көмектесетін. Жалпы Асардың қыз-ұлдары массаж жасағаннан бері қолым жұмсарып, жақсы нәтиже пайда бола бастады. Мұндай бастаманы ұйымастырған азаматтарға алғысым көп,  – дейді ол.

«Көшпелі оңалту» жобасы арқылы емшара күндізгі және кешкі уақытта жүргізіледі. Мамандар қызмет алушылардың үйлеріне барып, оларды сауықтыру массажы және емдік дене шынықтырумен қамтамасыз етеді. Ем алу шамамен бір сағатқа созылады. Жалпы аталған бастаманы қолдау үшін биыл жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге қаражат бөлінген.

– Облыстық әкімдік «Асар» спорттық-оңалту орталығымен бірлесіп өңір көлемінде алғаш рет «Көшпелі оңалту» жобасын іске асырды. Осы уақытқа дейін мүгедектігі бар азаматтар оңалту орталығына өз күштерімен, яғни, инва такси арқылы келетін болса, енді мамандар арнайы олардың үйлеріне барып қызмет көрсетеді. Бұл жобада екі топтағы азаматтарға қызмет көрсетіледі. Біріншісі жүріп тұруы қиын, үйлерінен шыға алмайтындарға, екіншсі күндізгі уақытта жұмыс істейтін мүгедектігі бар азаматарға. Жалпы, осы жоба аясында арнайы желі іске қосылған.  Яғни, бұл әрбір өтінімдерді қабылдап, кестеге сәйкес бір топты жіберіп отырамыз. Ол мобильді топ үш маманмен қамтылған, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

«Асар» орталығының көмегіне күніне 50-ге жуық адам жүгіне алады. Оларға 10 түрлі қызмет көрсетіледі. Бұл жер – арбаға таңылса да, өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған жандардың өздігінен қимылдап, жүріп-тұруын дамытатын орын екенін айта кеткен жөн. Жоба аясында бір күнде шамамен 9 адам ем алады. Ал жыл соңына дейін 200 адамды қамту жоспарланған.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суреттерді түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.