Талдықорған: +2°C
$ 526.02
€ 607.55
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 700-ден астам объект бейімделген

30.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 700-ден астам объект бейімделген
WhatsAppTelegramFacebook

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысында 771 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023 – 2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20%-ы бейімделуге жатады.

Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 22 166 объект толығымен бейімделген.

2024 жылдың соңына дейін Жетісу облысында 448 нысанды бейімдеу жоспарланған еді, өңірде жоспар артығымен орындалып, 771 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

«Жыл сайын мүгедектігі бар азаматтар үшін қол жетімділік жағдайы жақсарып келеді. Мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған арбамен жүремін, күн сайын таңу және катетерді ауыстыру үшін бірінші қалалық емханаға барамын. Бұл емханада бұрын лифт болған, бірақ ол өте ыңғайсыз, тар, кішкентай болатын. Енді кеңірек лифт орнатылды, кез-келген көлемдегі арбамен еркін кіріп-шығуға болады. Зағип жандарға арналған жаңа тактильді тректер жасалды, есту қабілеті нашар адамдарға арналған билбордтар орнатылды. Сондай-ақ, емханада белгілі бір жарақат салдарынан өздігінен жүре алмайтындарға арналған төрт арба бар. Қаламызда да оң өзгерістер орын алуда, оның ішінде Каспий банкі филиалының ғимараты бейімделді, атап айтсақ мүгедектігі бар адамдардың өтініші бойынша жаңа көтергіш орнатылды. Барша мемлекеттік, медициналық мекемелерде, оқу орындарында, балабақшаларда, спорт ғимараттарында барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік қарастырылған», – деп бөлісті бірінші топ мүгедектігі бар Нұрбек Тұрғанов.     

Бұдан басқа, осы жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 137 тексеру жүргізді, оның ішінде: профилактикалық бақылау шеңберінде 29, жоспардан тыс тексерулер 39, прокуратура органдарының талабы  бойынша 69 тексеру болды.

Тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 60 ұйғарым беріліп, 10,4 млн теңгеден астам сомаға 76 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпастан жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Дереккөз: ortcom.kz
Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 100 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Жетісуда 100 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

08.11.2025
Талдықорғанда заманауи бизнес көшбасшыларының форумы өтті

Талдықорғанда заманауи бизнес көшбасшыларының форумы өтті

08.11.2025
Сарқанда электр энергиясы өндірісі артып келеді

Сарқанда электр энергиясы өндірісі артып келеді

08.11.2025
Әдеп кодексінің нормалары сақталады

Әдеп кодексінің нормалары сақталады

08.11.2025
Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

08.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.