Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында 105 отбасы баспаналы болды

31.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында 105 отбасы баспаналы болды

Бүгін Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында тағы 105 отбасы қоныстой қуанышына кенелді. Талдықорған және Жаркент қалаларында кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй кілттері табысталды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Талдықорғанда көп балалы 25 отбасына «Береке» коттедж қалашығындағы үйлердің кілттері тапсырылды.

Жаңа қоныстанушылардың бірі 7 баланың анасы Гүлнұр Нұрымбетова:

— Бұл менің отбасым үшін Жаңа жылға үлкен сый болды. Тұрғын үй кезегінде 10 жылдан астам тұрдым. Осы сәтті ұзақ күттік. Біздің отбасымызды қуанышқа кенелткен азаматтардың бәріне шын жүректен алғыс айтамын, — деді.

Жалпы Талдықорған қаласында кезекте тұрғандарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілуде. Жыл басынан бері қалада 1283 пәтер берілді. Олар — негізінен жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлер. Алдағы 2025 жылы кезекте тұрғандар тағы 1448 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ал Панфилов ауданының Жаркент қаласында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлерді әлеуметтік осал топ санатымен кезекте тұрғандар, жетім балалар, көп балалы отбасылар және басқа да санаттағы азаматтар алды.

Атап өтсек, жыл басынан бері Панфилов ауданында кезекте тұрған 700-ге жуық адам баспаналы болды.

Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі

Қатысты жаңалықтар

Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.