Талдықорған: +27°C
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖЕТІСУДЫҢ ЖҮРЕГІ — ТАЛДЫҚОРҒАН КӨРКЕМ ДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАЛАҒА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

27.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
ЖЕТІСУДЫҢ ЖҮРЕГІ - ТАЛДЫҚОРҒАН КӨРКЕМ ДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАЛАҒА АЙНАЛУЫ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік қызметшіге керегі не осы? Хакім Абайдың «Болыс болдым, мінекей» атты өлеңіндегідей кейіп қалыптастыру ма? Әлде «бетегеден биік, жусаннан аласа» болуға дағдылану ма? Әлбетте, екіншісі! Мынаны түйсінген абзал, мемлекеттік қызметшінің басты құзыреті халыққа қызмет ету. Қызмет болғанда адал болу, оның ішінде басшы мен қосшыға емес, халыққа адал қызметте болу. Себебі, еліміздегі билік атаулының бастауы – халық. Мемлекеттік қызметкерге де жұмыс беруші сол халық. Дейтұрғанмен, шенеунік болуға құмарлар бар сол қатарда. Алдына келгенді қара құрлы көрмейтінін қайтерсің? Әсіресе, мұндай қызметкерлер Талдықорған қаласы әкімдігінде көп сықылды. Бұл қатардан құқық қорғау саласы, тіпті, заң үстемдігін қалыптастырушы прокуратура да алдына қара салмайды. Әрине, бұл біздің сөз емес. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуде осылай деді. Аймақ басшысының бұлай сөге сөйлеуіне негіз бар. Былтыр өткен кездесуде біршама тұрғын Талдықорған қалалық әкімдігіндегі бөлім басшылары, бас мамандары тарапынан «көңіл суығанын» жеткізген еді. Биыл да қала басшылығы сол үдеден төмендемеген сыңайлы. Негізі төмендеуі тиіс-тін.


Өңір локомотиві қарқынды ілгерілеуде

Кезекті кездесуде аймақ басшысы облыстың экономикалық дамуына тоқталды. Былтыр экономикалық өсім бойынша облыс республиканың алдыңғы қатарынан көрініпті. Биылғы көрсеткіш те жаман емес. 11 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3 пайызды құрап отыр. Мұндай нәтижеге жетуде әр салада жүйелі жұмыс жүргізілген. Ауылшаруашылығында 3,7 пайыз, өнеркәсіпте 3,6 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру 4,4 пайыз өсіп, сауда-саттық 1,3 есеге артқан. Осындай өсімдерге жетуге тартылған инвестицияның да өз салмағы бар. Биыл облысқа 396 млрд. теңге инвестиция құйылған. Мойындау керек, Жетісу өңірінің локомотиві – Талдықорған қаласы. Облыс орталығында әрбір жүзеге асқан жоба жеті өзеннен нәр алған топыраққа үлкен серпін әкеледі. Талдықорғанның 11 айдағы даму көрсеткіші көңіл тойдырады. Мұндағы өндіріс көлемі 5,1 пайыз өсімге қол жеткізген. Әрине, мұндай нәтижеге жаңадан ашылған өндірістер де, тұралаған кәсіпорындардың тамырына қайта қан жүгіруі де әсерін тигізді. Жыл басынан бері облыс орталығында 5 жаңа өндіріс орны ашылып, 1 өндіріс қанатын кеңге жайып, өнім шығару ауқымын ұлғайтыпты. Талдықорған индустриялық аймағында көзге шыққан сүйелдей болып тұралаған «Жетісу Мажико» ЖШС мен «Жетісу Май» ЖШС-нің кәсіпорындары қайта іске қосылды. Бұл өндіріс орындары оңтайлы жұмыс істейтін болса, өңірдің әлеуетіне үлкен үдеріс береді. Айтпақшы, жуырда ашылып, Мемлекет басшысы «ақ батасын» берген «Asma Industrial» зауыты да толық қуатына көшіп, тынысын кеңейтсе экономикалық серпін болғалы тұр. Аймақ басшысы жиында ақжолтай жаңалығын да жеткізді.

– 2025 жылы да жаңа кәсіпорындар іске қосылады. Құны 2,5 млрд. теңге болатын газбетонды блоктар өндіретін «Стальбетон» зауыты мен жаңбырлатып суару қондырғыларын өндіретін «BNK irrigation» шағын зауытының жыл басында тұсауы кесіледі. Мұның негізінде жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің экономикалық дамуы қалыптасады, – деді облыс әкімі. 

Жаңбырлатып суару шағын зауытының ашылуы ауылшаруашылығында серпін болғалы тұр. Шыны керек, соңғы бірнеше жылда су тапшылығы мәселесі егін егудің оңтайлы әдістері мен заманауи көзқарастарды қажет етуде. Жаңашылдықтың қатарында су үнемдеу әдістері де бар. Қазірдің өзінде диқандар 800 гектар жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісін қолдануда.

Нық жоспар ғана нақ іске бастайды

Соңғы бірер жылда облыстық бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталып келді. Оның ішінде ауыл халқының қолайлы ортада өмір сүруі үшін көп күш жұмсалды. Аймақ басшысы ендігі кезек облыс орталығына жеткенін сөз етті. Осы мақсатта 2025–2026 жылдары Талдықорған қаласының бюджет қоржыны 30 пайызға ұлғаяды. Дейтұрғанмен, қала басшылығының облыс орталығын дамытуға жоба-жоспары жоқ. Мұны ашық айтқан Бейбіт Өксікбайұлы қала әкімдігін сын садағына ілді. Алдағы екі жылға қаланың даму жоспарын қысқа мерзімде даярлауды да тапсырды. Тұрғындарға қолайлы һәм жайлы қала қалыптастыруда нені негізге алу керегін де тізбектеді.

– Жобалау кезінде тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымдарға және жол құрылысын жаңғыртуға ерекше назар аудару қажет. Аулаларды абаттандыру, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңғырту, көшелерді жарықтандыру жұмыстарына қарқын керек. Осындай жоспардың нәтижесінде ғана қаланың шет аймақтарында тұратын тұрғындар қолайлы өмір сүру деңгейіне қол жеткізеді, – деді облыс әкімі. 

Қазір Талдықорған қаласында көгілдір отынға қолжетімділік 90,3 пайызды құрап отыр. Бұл нәтижеге былтырғы қарқынды газдандыру жұмысы сеп. Ендігі кезекте саяжайларға желі тарту мәселесі тұр. Облыс әкімі 2025 жылы Алмалы, Ащыбұлақ, Мерекелік, Қызылтас, Балықты және Қаратал саяжайлары мен І бөлімшеге көгілдір отын жеткізілетінін ақжолтайлады. 

Қала тұрғындарының 98 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Дейтұрғанмен, желілерді жаңғыртуда биыл ауыз толтырып айтар тірлік бар. «Жастар1/1» ауданында 5, 9 шақырым ауызсу, 3, 9 шақырым кәріз желісі жаңғыртылды. Ынтымақ тұрғын ауданындағы кәріз желісін жаңғыртуға биыл 2,5 млрд. теңге қаралып, қазір жоспардағы 44 шақырым желінің 28 шақырымы аяқталған. Қалған 16 шақырымы келер жылы толық аяқталады. Еркін ауылы мен І бөлімшедегі ауызсу желісін тарту 2025 жылы жүзеге асады. 

Салғырттық сапаға әсер етеді

Қала тұрғындарының сапалы өмір сүруі үшін жол мәселесін оңтайлы шешу маңызды. Дейтұрғанмен қала әкімдігінің жұмысында «басауыртпаушылық» басым. Сапаға мән беріп жатқан құзыреттілер жоқ. Салғырттыққа сал кетіп тұр. Осындай түйткілді облыс басшысы Талдықорғандағы жол жөндеу жайын баяндағанда сөз етті. 

Жалпы, облыс орталығындағы жолдардың жағдайын жақсартуға бюджет қоржынынан 7,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа жалпы ұзындығы 41,5 шақырым болатын 54 көшені қайта жаңғырту көзделген. Қазір Солтүстік-батыс тұрғын ауданы, 8, 9 ықшам аудандар мен «Жастар-1» ауданындағы 30 көшеге асфальт төселген. Былтыр осы аудандардағы 10 көше жаңаланса, 2025–2026 жылдары 67 көше асфальттанады. Сонымен қатар «Шығыс», «Оңтүстік-Шығыс», «Көктал» шағынаудандары және 3-бөлімше тұрғын аудандарындағы 14 көше, Өтенай ауылдық округіндегі 7 көше күрделі жөндеуден өткен.

 – Талдықорған қаласындағы 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы 17,5 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу және 350 люкті көтеру жұмыстары жасалып, қауіпті учаскелерге 3 бағдаршам орнатылды. Дейтұрғанмен, жөнделген жолдардың сапасы әлі де көңілден шықпайды. Әсіресе, жылу желілерін жаңғыртудан кейінгі жөндеу жұмыстары «үлкен сұрақтар» туындатады. Биыл Абай, Қабанбай батыр, Балпық би, Төлебаев және Алдабергенов көшелерінде желілер жөнделді. Қала әкімдігі тарапынан уақытылы және тұрақты бақылау болған жоқ. Абай көшесіндегі асфальт қалпына келтірілді. Қалған көшелердің жабыны келер жылы төселеді. Бұл өз кезегінде тұрғындарға қолайсыздық туындатады. Қала әкімі осы мәселелерді үлкен жауапкершілікпен назарға алуы тиіс, – деді Бейбіт Исабаев. 

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарындағы кеткен кемшіліктің екі себебін атады. Бірі – тендерге бүйрек бұру. Қалтасының пайдасын түгендеген атқамінер мердігердің «көзқысты, бармақбасты» тірлігіне жақ аша алмайды. Екінші себеп – немқұрайдылық. Аймақ басшысы кеткен олқылық немқұрайдылық салдарынан деп топшылады. Қала әкіміне мұндай кем-кетікпен жұмыс істеуді нығырлай тапсырды. Қалай дегенмен, салғырттық сападан сын кетіреді. 

Келісті жоспар ғана жемісті

Талдықорған қаласы тұрғындары үшін баспана мәселесі әлі де басты мәселе болып отыр. Қазірдің өзінде пәтер кезегінде 15 мыңнан астам адам тұр. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2022 жылы 14280 адам, 2023 жылы 15252 адам кезекте тұрса, биыл бұл қатарға 234 адам қосылыпты. Дегенмен 1283 тұрғынға пәтер кілті табысталып, кезек 8,3 пайызға төмендеген. Облыс әкімі 2025 жылы 1448 тұрғын қоныс тойын тойлайтынын, 1041 пәтері бар 28 көпқабатты үй, 107 коттедж құрылысы аяқталатынын алға тартты. Сонымен қатар 300 пәтер сатып алынып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тарту етіледі. Соның нәтижесінде 2023–2025 жылдар аралығында 5 мыңға жуық пәтер кезегінде тұрғандар баспаналы болады.

– Қай кезде де ақылмен жұмыс істеу керек. Мәселен, 45 жасында жалғызбасты әрі көпбалалы ана пәтер кезегіне тұрды делік. Қарқынды жұмыс істеп, баспанамен қамтуда немқұрайлылық болса, ол кісі зейнет жасына шыққанда баспаналы болады. Мұндай олқылықты халық кешірмейді. Қала әкімі жүйелі жұмыс істеуге көшкені дұрыс. 2015 жылдан сұйырқұйымшақтыққа салынған «Байтерек Девелопмент» АҚ бастаған 4 үйдің, 2022 жылы тоқтаған «Лидер НК» бастаған 4 үйдің құрылысын аяқтауға күш салуы керек. Бұл үйлер қаланың келбетін қашырып тұр. Қала әкімінен нақты шараларды күтеміз, – деді облыс әкімі. 
Биыл қаланың бас жоспары өзгерді. Соған сәйкес инженерлік коммуникациялық желілерге шектен тыс күш салмау да назарға алынған. Жаңа бас жоспарға сай Оңтүстік батыс тұрғын ауданында 11, 12, 13 шағын аудандар бой көтеріп, Қаратал өзенінің оң жағалауында 41 көпқабатты тұрғын үй салынады. Осындай қарқынды құрылыс нәтижесінде жылу беру желілерін қуатын арттыру керек. «Басқуат» жылу орталығы Талдықорған қаласының басым бөлігін жылумен қамтып отыр. 1981 жылы іске қосылған орталықтың қондырғылары 85 пайызға тозған. Соған қарамай 90 пайыз жүктемемен жұмыс істеуде. Соңғы екі жылда жаңа ықшамаудандарда 51 көпқабатты тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысан бой көтерген. 2025 жылы тағы 28 көпқабатты үй салу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жылу энергиясының тұтыну көлемін арттыруда. Дейтұрғанмен, «Басқуат» жылу орталығының жүктемесін азайту және жылу желілерін жаңғырту жұмыстары да қарқынды. Биыл 2,9 шақырым желі жаңартылып, Талдықорған қаласының орталық бөлігі мен «Қаратал» ықшамауданы №2 және №3 кварталдық жылу орталықтарына қосылған. Нәтижесінде «Басқуаттың» жүктемесі 12 пайызға төмендеген. Сонымен қатар 49 Гкал/сағ. энергия өндіретін жылу орталық салу және «Басқуат» қазандықтарына газтурбиналық стансы орнату арқылы басты жылу орталығындағы жүктеме тағы 30 пайызға төмендейді. Алдағы 2025–2026 жылдары 7,6 шақырым жылу желісі жаңғыртылады. Себебі, бұл желінің тозу деңгейі 60 пайызға жеткен. Облыс әкімі Ернат Бәзілге осындай ауқымды жұмыстардың жүйелі жүргізілуі мен жөндеу жұмысынан кейін көшелерді қалыпқа келтіру шараларын қатаң бақылауды тапсырды.

 – Талдықорған қаласын дамытудың маңызды бөлігі – бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру және қаланы абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл 28 көпқабатты үйдің шатырына және 10 көпқабатты үйдің қасбетіне жөндеу жүргізілді. Келесі жылы 1,4 млрд теңгеге 30 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры және 32 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді. Биыл қаламызда 69 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды. «Ұлан» шағын ауданындағы аулалардың мәселесі жылдар бойы шешілмеген еді. Өткен жылғы кездесуде осы түйткілді мәселе айтылды. Бүгінде шағын аудандағы 25 көпқабатты үйді түгел қамтитын 5 ауланы бірден абаттандыру бойынша кешенді жұмыс атқарылды. Қалған 11 көпқабатты тұрғын үйлердің 4 ауласында 2025 жылы 492 млн. теңгеге абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады, – деді облыс әкімі. 

Облыс орталығын көріктендіре түсу мақсатында 2025 жылы «Жетісу» және «Жұлдыз» шағын аудандарында 32 аула абаттандырылады. Сонымен қатар, Еркін ауылындағы 2 ауланы, басқа ықшамаудандардағы 62 ауланы жөндеу жұмыстары келер жылы жүзеге аспақ. 

Үш тапсырма – үш міндет 

Жалпы, Талдықорған қаласында құрылыс қарқынды. Биыл білім саласы бойынша №1 балабақша күрделі жөндеуден өтіп, Ынтымақ ауылында 1200 орынды мектеп пен «Умные детки» жеке мектебі ашылды. Алдағы жылы 900 орынды 1 мектептің және 1200 орынды 2 мектептің құрылысы басталады. Денсаулық сақтау бойынша Өтенай ауылында биыл басталған амбулаторияның құрылысы келер жылы аяқталады. 2025 жылы 200 орынды онкологиялық диспансердің құрылысы да басталады. Ол үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Жетісу облысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы арасында меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар Оңтүстік батыс ауданындағы емхананы жаңғырту жұмыстары да басталады.

 – 2025 жыл үлкен ауқымды бастамалар жылы болмақ. Мәселен, келер жылы 1200 орынды мектеп, онкологиялық орталық, мүгедектерге арналған 150 орынды оңалту орталығы, қуаты 49 Гкал жылу қазандығы, жеке инвестициялар есебінен газотурбиналық стансының құрылысы мен 500 келушіге арналған емхана ғимаратын қайта жаңарту және облыстық балалар ауруханасын қалпына келтіру жұмыстары мен сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіледі. Осындай ірі бастамалардың сапасы назарда болуы керек, – деді облыс әкімі. 

Мұнан кейін Бейбіт Исабаев қала әкіміне 3 міндет жүктеді. Біріншісі – қауіпсіз қала қалыптастыру. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қала аумағына 585 бейнебақылау камерасы мен 136 сергек камерасы орнатылған. Дейтұрғанмен, бюджеттен қауіпсіздікті арттыру үшін қаржы сұрап, оны игермеген, кері қайтарған құқыққорғаушылардың жұмысы да жиында сын садағына ілінді. Екіншісі – Талдықорғанды өмір сүруге қолайлы қалаға айналдыру. Облыс әкімі Ернат Бәзілге тұрғындардың әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін және коммуналдық инфрақұрылымдардың үздіксіз қамтамасыз етілуін назарда ұстауды тапсырды. Үшіншісі – жасыл және әсем қалаға айналдыру. Ол үшін қала әкіміне көше жарықтарын қамтамасыз ету, тұрғын үйлердің қасбетін қалыпқа келтіріп, шатырларын жөндеу, тұрғын үйлердің аулалары мен Workout парктер мен скверлерді қалыптастыру жүктелді. 

Жылжабар сәттегі тұрғындар талабы

Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың халықпен жылжабар кездесуінің соңы 2 сағаттан астам уақыттық сұрақ-жауапқа ұласты. Осы аралықта 60-тан астам сұрақ қойылды. Қызығы сол, бір ғана тұрғын баспана мәселесі бойынша сауал қойды. Бұл шын мәнінде тұрғындардың кезектен тыс және заң аясынан аттап ешкім баспана ала алмасын білгені деп түйсіндік. Сауалдардың деніне мән берсек, азаматтарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, қауіпсіздік мәселелері көбірек толғандырады екен. Көпшілік көтерген «Жастар-1» ықшамауданында кәріз және су құбыры желілерін енгізу, «Жастар-2», «Шығыс» ықшамаудандарындағы жолдарды жөндеу мәселелері Талдықорған қаласының келер жылға арналған даму жоспарына енді. Жобалар дайын, қаражат бөлінген. Облыс әкімі жаңа ықшамаудандардағы жол белгілері мен көше картасын жасау, орталық базар маңындағы жабайы сауда мен қоқыс мәселесін шешуді қала әкімі Ернат Бәзілге жүктеді. Өзі жіті қадағалайтынын да жеткізді. 

Жиынға қатысқан мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары облыс әкіміне алғысын да айтты. Соңғы 2 жылда мүгедектерге қолайлы орта түзуде ауқымды жұмыстар істелген. Өз кезегінде Бейбіт Исабаев 2026 жылға дейін мүгедектерге қаладағы қолайлылық деңгейін 90 пайызға жеткізуге күш салатынын жеткізді. Аймақ басшысы атап өткендей, қалада балалар мен жасөспірімдерге, 18 жастан асқандарға арналған оңалту орталығы бар. Келер жылы тағы бір осындай орталық Балқаш көлінің жағасында ашылады. Есесіне, мұндай орталық қәзір Алакөлде бар. 

Жиын барысында жөнсіз сұрақтар да болды. Облыс әкімдігі алдындағы орталық алаңды көлік жүруі үшін ашу. Алайда мұндай ұсынысқа жиынға қатысушылар бірауыздан қарсылық танытты. 

Жалпы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың өткен жылғы Талдықорған қаласы тұрғындарымен өткен кездесуінде 36 мәселе көтерілген еді. Оның 26-сы шешімін тауып, 10 мәселе бойынша әлі де жұмыстар жүргізілуде.

Дастанбек САДЫҚ
Фото. Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жүрек жылуын сыйлады

Жүрек жылуын сыйлады

30.05.2026
Талдықорғанда сиыр мен қой еті қымбаттады

Талдықорғанда сиыр мен қой еті қымбаттады

30.05.2026
Бала бақыты – мемлекеттің басты байлығы

Бала бақыты – мемлекеттің басты байлығы

30.05.2026
Ұлттық тәрбие ұлағаты

Ұлттық тәрбие ұлағаты

30.05.2026
Балқаш көлі жағалауында жол құрылысы жалғасуда

Балқаш көлі жағалауында жол құрылысы жалғасуда

30.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.