«Заманың түлкі болса, тазы болып шал» – деп бекер айтпаса керек. Қазір ғылым мен техника дамып, құстай ұшқан заманда көштен қалмау маңызды. Білім беру саласы да жылдам өзгеріп, жаңа технологиялармен толығып келеді. Солардың ішінде ерекше қарқынмен дамып жатқаны жасанды интеллекттінің оқу үдерісіне енуі. Олай болса, ЖИ дегеніміз не? Білім саласында жүрген ұстаздар қауымы нені назардан тыс қалдырмауы керек? Осы жөнінде аз-кем ой өрбітуді жөн көрдім.
Мұғалім болғаныма 10 жылдай уақыт болды. Қазіргі таңда ЖИ білім беру саласына енгізілді, кей әріптестерім бұл бастамаға қарсы, себебі, оның оқушыға келтіретін зянды жақтары көп деп өз уәждерін білдіреді. Менің ойымша кез келген нәрсенің екі жағы бар.
Қазіргі таңда жасанды интеллекттің сан алуан түрі бар, мен өзім сабақтарымды жоспарлауда үнемі қолданатын ЖИ түрлері бейнеүзік жасауға арналған «Kling AI», слайд әзірлеуге «Gamma», сабақ жоспарын дайындайтын «Deep seek», тапсырмалар құрастыруға «Magic school». Бұл бағдарламалар бұрынғыға қарағанда жұмысымды әжептәуір жеңілдетті. Жасанды интеллектің көмегімен мұғалім уақытын үнемдейді, вертуалды зертханалар және ойын технологиялары сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Жасанды интеллекттің көмегімен авторлық бағдарлама және ғылыми жобаларды жазуға болады. Бұл жерде жасанды интеллект сізге дайын бағдарлама немесе жоба жазып береді деген сөз емес, ол сізге бағдарлама немесе жобаның нақты құрылымын ұсынады. Chat Gpt-дің көмегі арқылы біз өзекті деген тақырыптарды анықтап алып, сол төңіректе ғылыми жобаларды жасаймыз, соның нәтижесінде жұмысымыз жүлделі орындарға ие болып келеді.
Айқын ЖАРҚЫНБЕК,
химия пәнінің мұғалімі





