Талдықорған: +4°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗДЕР»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР ӘКІМ СЫНҒА ҰШЫРАДЫ

14 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТ
"ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗДЕР": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР ӘКІМ СЫНҒА ҰШЫРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ қатысуымен жиын өтті. Оған басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, тағы басқа лауазымды тұлғалар қатысты.

Амандық Ғаббасұлы алдымен жиында қаралатын негізгі мәселелерге тоқталып, жалпы тоғыз айдың қорытындысына сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң нәтиже көрсетіп отырғанын атап өтті.

– Барлық салада өсім бар. Бірақ бұған тоқмейілсімей, ай­мақ экономикасын көтеру бағытындағы жұмыстарды күшейту керек. Жыл аяқталуға жақын. Сол себепті Үкі­мет тарапынан бө­лін­ген қаражат ма­қ­сатты жұмсалып, толық игерілуі тиіс, – деді облыс бас­шысы.

Бұдан соң аймақ басшысы тарапынан өңірлерде жүріп жатқан құрылыс жұмыстары бойынша кем-кетіктер сынға алынып, орын алған кемшіліктер сараланды. Әсіресе, жол бойынан орын тебетін нысандарды салу кезінде заңдылықтарды сақтамай, қызыл сызықтан асырып құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол беріп отырғандарға ескерту жасалып, жұмыстары қатаң сынға алынды.

– Жол бойында заңсыз салынып жатқан нысандардың құрылысы тоқтатылуы тиіс. Бұл қатаң бақылауда болады. Жалпы, әр әкім өзінің ауданындағы жағдайды біліп отыруы тиіс. Экономикамен айналысып, жұмыс істеңіздер! Құрылысты жандандырып, «7–20–25», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын қадағалауға алыңыздар, – деді Амандық Ғаббасұлы. Сонымен бірге, кейбір өңірлерде құрылыс қарқынының саябырсып, осы салаға деп қарастырылған қаражаттың игерілу деңгейінің төмендеуінің себеп-салдары сұралды. Бүге-шігесіне дейін талқыланды. Инвестиция тарту бойынша жұмыстардың ойдан шықпай отырғаны да сөз болды.

Осы ретте: «Құ­рылыс саласына жа­­уап­ты басшылар мен әкімдердің кесірінен көбіне көпқабатты тұрғын үй­лер мен басқа да нысандардың құрылысы өз мерзімінде аяқталмай, пайдалануға беру кешіктіріледі. Ал оны халық «қашан үйлі боламыз?» деп күтіп отыр. Неге осыған көңіл бөлмейсіздер? Үкіметтің беріп отырған ақшасын да уақытылы жұмсай алмайсыздар. Қаржы жыл соңына дейін толық игерілетін болсын», – деп қадап тапсырды облыс әкімі.

Осыған байланысты Талғар, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, тағы басқа аудандар мен Қапшағай, Текелі қалаларының әкімдерін, салаға жауапты басқа да жетекшілерді, құрылыс мердігерлерін орындарынан тұрғызып, жауап алды. Енді бірқатарына сөгіс жарияланды.

Бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру, салық түсімдері, төлемдер, өңірлерді газдандыру мәселелері де назарға алынды. Сонымен бірге, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов пен облыстық қаржы басқармасының басшысы Данияр Әлімбаевтың баяндамалары тыңдалды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Сурет ғаламтордан алынды

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.